Мен елімнің азаматымын

335

Тақырып:  Мен елімнің азаматымын

 

Сабақ мақсаты:

Ақиқат құндылығы арқылы оқушыларды елдің азаматы болуға баулу.

Міндеттері:

Туған ел, өскен ортаның  адам үшін  маңыздылығын   ұғындыру.

Оқушылардың елге деген  жанашырлық, қамқорлық,адалдық қасиеттерін дамыту .

Жігерлікке, шыншылдыққа,намыстылыққа  тәрбиелеу.

Ресурстар:(құралдар, мәлiметтер)
Сабақ барысы:

1.     Ұйымдастыру кезеңi. Тыныштық сәтi. Су асты патшалығына ойша саяхат.

2.     Үй тапсырмасын тексеру.

 

Оқулықтағы  8 сабақ. 43  бет Сырбай Мауленовтың   «Мен елімді сүйемін»  әңгімесін оқып, талдау.

 

1. «Туған жерсіз адамның күні жоқ» — дегенде нені түсінесіңдер?

2. Сендерге өз  елдерің несімен ыстық ?

3 Сендер өз елдеріңді сүйетіндеріңді қалай  дәлелдей аласыңдар?

Сабақ барысын талдау:
3.     Дәйексөз.

Ел іші -алтын бесік

Халық мақалы

 

Дәйексөздің мағынасын қалай түсінесіңдер? Оқушылар есте сақтап қалу үшін  үш рет қайталаймыз. Дәптерлеріне дәйексөзді жазып аламыз.

 

4.     Әңгiмелеу.

 

Айтмағанбет Құдайберген

Ақжайық  әңгімесі

Өзеннің жарқабағында Өсер әкесімен әңгімелесіп отыр.

-Ол былай болыпты,,балам! Алыстағы қатпар-қатпар асқар таудан басталған бұл Жайық елеусіз ғана бұлақ саға- сағаны қуалап, сылдырап келіп, өз тамшысын бас өзекке құя беріпті. Бас өзек ұлғайып, суы молайып,арналы өзенге айналыпты. Судың түсі көк, өзі айнадай мөлдір болыпты. Тұнығында балық ойнап, байлық  жиналыпты.

Өзен жағасын баласымен бір кәрі әже мекендейді. Баласы кішкентай қайығына мініп,балық аулапты. Бірақ құралы нашар жас  балықшының ауына ештеңе түспепті. Ертелі- кеш ұстаған бірлі-екілі шабақпен жарлы жандар күн кешеді.

 

-Балық неге ілікпейді, әже? -деп сұрапты баласы.

-Маңдайыңның тері көбірек төгілсе, балық та ілігер, балам,- депті әжесі.

Бала ауын тереңге қайта жаяды. Тынбай еңбек етеді. Бір кезде қалтқы- қалқандардың бәрі суға батып кетіпті. Бала ауды тарта бастайды. Ау қиын тартылды. Бала шаршап қалжырайды. Маңдайыңнан ащы тер шұбырып, Жайыққа құйылады. Тердің  ақысындай болып,балық та қайықты  толтырады. Қысылған бала әжесін шақырады. Әжесі баласының терін күнде келіп жаулығының ұшымен сүртеді екен. Тынбай шұбырған терден Жайық суының  түсін осылайша өзгерткен екен. Содан бері Жайық  суының түсін осылайша өзгерткен екен. Содан бері Жайық өзені Ақжайық аталыпты.

Өсер әкесіне сұрақ қойды:

-Олай  болса, судың дәмі неге ащы болмайды, әке?

-Сұрағың орынды, балам.  Ақжайық-  ағысты өзен. Ол маңдай тердің ащы тұзын ағызып әкетеді. Тұйық су болса, ащы болуы да мүмкін еді. Тұз Атырауға ағып барады. Теңіз суының  ащы болатыны сондықтан.

Өсер  Ақжайықтың бұйраланған ағысына ойлана қарады.

1.Жайық басында қандай өзен еді, ол қандай өзгеріске

ұшырады.

2.Баланың сұрағына әжесінің берген жауабына қандай мақал -мәтелмен түсіндірер едің?

3.Өсердің сұрағына, әкесінің берген жауабына сен  қалай жауап бересің?

4.Жайық өзенінің суы неліктен ащы емес екен? Ал теңіз суы неліктен ащы екен?

5. Өз өлкеңдегі өзен -көлдер туралы не білесің? Сипаттап бер?

2.     Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.

 

Балаларға үш тапсырма беріледі.

1-    тапсырма  «Туған жерім-тірегім»

2-    тапсырма  «Аяулы  өлкем»

3-    тапсырма «Елімді мақтан етемін»

Осы  тақырыптарға  сүйіспеншілік, құрмет, қамқорлық, адалдық  тұрғысынан әңгіме жазып, оқиды.

3.     Топпен ән айту.

 

«Атамекен »  өлеңін  айту.

Сөзін жазған Қ. Мырза Әли

Әнін жазған  Е.Хасанғалиев

 

Жасыл жайлау-түкті кілем, көк кілем,

Көк кілемде көп ойнаймын, көп күлем.

Айдарымнан сипап өткен самалды,

Қазағымның алақаны деп білем.

 

Қайырмасы:

 

Қайда жүрсең атамекен,

Көкейінде жатады екен.

Күннің өзі ұясына,

Қимай оны батады екен.

 

Жасыл жайлау –түкті кілем, көк кілем,

Көк кілемде көп аунаймын, көп күлем.

Асқар тауың аспанымен таласқан,

Қазағымның мәртебесі деп білем.

 

Қайырмасы:

Қайда жүрсең атамекен,

Көкейінде жатады екен.

Күннің өзі ұясына,

Қимай оны батады екен.

 

4.     Үй тапсырмасы.

9 сабақ  48  беттегі  «Сыпайы қоян» мексика ертегісін  оқып, талдау.

Дәптердегі 8 сабақтағы тапсырма берілді.

         8. Соңғы тыныштық сәтi.

Жай музыка қойылады.

Құрметті оқушылар жайланып отырып, көздеріңізді жұмып, бүгінгі сабақтан алған жақсы сәттерін жүрегіңізге түйіп алаңыз.