Әдептен озбайық.

50

Сабақтың тақырыбы. Әдептен озбайық.

Сабақтың мақсаты 1. Оқушыларға әдеп негіздері туралы түсінік беру.

 Міндеттері:    

  • қоғамдық орындардағы, адами қарым – қатынастағы әдеп нормаларын түсіндіру;
  • әдеп нормаларын ұстану іскерліктерін дамыту;
  • әдептілікке, мәдениеттілікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі:  аралас сабақ.

Көрнекі құралдар: оқулық, дәптер.

Сабақтың  әдіс-тәсілдері: сұрақ, жауап, әңгімелеу

Сабақтың барысы:  І. Шаттық шеңбері

                                ІІ. Оқу ақпараты

                                ІІІ. Дәптермен жұмыс

                                ІV. Тапсырма

  1. Тыныштық сәті

                                VІ. Дәйексөз

                                VІІ. Жүректен жүрекке

Шаттық шеңбері.

Оқушылар шаттық шеңберін құрып, М. Мөңкеұлының жырымен сабақты бастайды.

Оқу ақпараты.

Адамдар арасында келіспеушілік болған кезде реніш, өкініш, ренжіту, өрескелдік байқалып қалады. Әдепті адам татулықты жоғалтпау үшін кінәлі жағдайда алдымен кешірім сұрай білу керек. Шынайы дос кешіре біледі, достықты, досты қадірлейді.

Дәптермен жұмыс.

Дәптердегі барлық тапсырмаларды орындау.

Тапсырма.

Оқулықта берілген әдеп қағидаларын өз ойдарынмен жалғастырыңдар.

Тыныштық сәті.

Денелеріңді түзу ұстап, бастарыңды жоғары көтеріп, ыңғайланып отырыңдар. Көздеріңді жұмсаңдар да болады. Ауаны терең жұтып, еркін тыныс алыңдар. Өздеріңнің тыныс алуларыңды бақылап, бақытқа, махаббат пен тыныштыққа толы таза, шипалы ауаның тұла бойларыңа толғанын сезініңдер. Ал енді көздеріңді ашыңдар.

Дәйексөз.

Ата – бабаларымыздың дана сөздері әдептілікке, кішіпейілділікке, қамқорлыққа, сүйіспеншілікке баулиды.

Жүректен жүрекке.

Оқушылар шеңберге тұрып, бір-бірлеріне жақсы тілектер тілеу арқылы сабақты аяқтайды.

Үй тапсырмасын беру.

«Әдеп» туралы мақал-мәтелдер жазып келіңдер.

Бағалау.