«Жер -ана»

969

 

Тақырыбы:  «Жер -ана»

Мақсаты: Оқушыларға «Жер ана» ұғымының құндылық ретіндегі мәнін ашу.

Міндеттері:

— жердің адаи өміріндегі маңыздылығын түсіндіру;

— жерге қамқорлық жасау қарым-қатынастарын дамыту;

— жерді қадірлеуге тәрбиелеу.

Сабақ типі: жаңа білімді игеру сабағы

Сабақ түрі: қалыпты

Сабақ әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, ойын, эвристикалық әңгіме, ойға шабуыл, иллюстрация және демонстрация, сахналау.

Көрнекілігі: маркер,оқулық,үнтаспа

          Кезеңдері                Өту барысы
 

Ұйымдастыру кезеңі

 

 

 

Шаттық шеңбері

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Әңгімелесу

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Мәтінмен жұмыс

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жаңа ақпарат

 

 

 

 

Тапсырма

 

 

Сахналау

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Дәйексөз

 

 

 

 

 

 

Шығармашылық жұмыс

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тапсырма

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Дәптермен жұмыс

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жүректен жүрекке

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

-Сәлеметсіздер ме,балалар!

-Көңіл-күйлерің қалай?

— Балалар, бүгінгі сабағымызды бастамас бұрын бәріміз шеңбер құрып менімен бірге мына өлең жолдарын қайталаңдар.

Тілек

Б.Кірісбаев

Шөліркемей гүл тұрсын,

Жерім жайнап құлпырсын.

Нұрын сыйлап біздерге,

Көкте мәңгі күн тұрсын.

 

Ортақ бізге туыстық,

Нұр сыйлаған күн ыстық,

Ыстық бізге кең өлке,

Ыстық бізге тыныштық.

-Жарайсыңдар,балалар!

-Бүгін сендермен Жасыл мемлекеттегі бір Патшалық туралы әңгімелескім келеді. Бұл патшалық әдемілікті, сұлулық пен көркемдікті,тыныштық пен тазалықты жақсы көреді. Ал осы патшалықта кімдер тіршілік ететінін білу үшін мен сендерге үнтаспадан түрлі дыбыстар естіртемін,сендер ол дыбыстар ненің дыбысы екенін айтып,құпия патшалықтың тіршілік иелерін табасыңдар. Сол дауыстар бойынша тіршілік иелерін атап шығасыңдар.

-Жарайсыңдар,балалар! Бүгінгі біздің тақырыбымыз «Жер ана».

Балалар,енді бәріміз бірге С.Қалиевтің өлеңін оқимыз.

Бұлбұл қалай сайрамас,

Жайнап тұрса жер-аспан.

Ел-жұрт қалай жайнамас

Ынтымағы жарасқан.

-Тамаша,балалар!

-Балалар, біз сендермен бүгінгі күннің тақырыбын ашу үшін,әңгімелесу жүргіземіз.

1.Жермен сырласа білесің бе?

( Егер жалғыз қалып, қасымда ешкім болмаса ғана).

2.Неліктен адамдар жерді Анаға теңейді ?

(Өйткені жер барлық адамдардың өмір сүретін мекені. Адамдар жер бетінде тіршілік етеді. Жер адамдарға қамқор болады, оны қорғайды).

3.Жермен жүріп келе жатқанда қандай сезімде боласың ?

(Өте қатты ештеме сезінбеймін. Бірақ кейде осы қара жерді басып жүргеніме таң қаламын. Қалай сонша адамды, жануарларды ұстап тұр деп).

Оқушыларға Жер ана ұғымының мәнін түсіндіру мақсатында «Көктем иесі» әңгімесін дауыстап оқытамын.

Көктем иесі

Э.Шим

Әкем жұмысқа кеткелі жатыр еді. Апам оған былай деді:

— Көктем иесі шыққан заматта біз де барамыз.

Көктем иесін мен сезген емеспін. Өткен жылғысын  да еске түсіре алмадым.

Күн жылына бастады. Үй төбесінің кенересінде сүңгілер сорғалап тұр. Көгілдір аспанға көз жетпейді.

— Көктемнің иісі сезіле ме?-деймін.

-Жоқ, -дейді апам. – Көктем жаңа күле бастады.Әлі ертерек. Ақ қар қарауытты, жол үстінен сылдырап су ақты. Торғайлар күні бойы шиқылдайды. Терезенің желдеткішін ашсаң, көшеден көктемнің шуы естіледі.

— Көктемнің иісі сезіле ме ? –деймін апама.

-Жоқ әлі, -дейді апам. Көктемнің шуы енді ғана естіле бастады.Әлі ертерек.

Ақыры қаладағы қар түгел еріп бітті. Күн жылынды. Мүйіс-мүйісте көктем гүлдері сатылып жатыр.

Апам бір шоғыр еңлікгүлін сатып алды. Сабағы қысқа,көкшулан гүл. Сабағынан үзбей, жердегі тамырымен қоса қопарып алған. Апапм еңлікгүлді иіскеді де:

-Міне,көктем иісі енді аңқыды, -деді. -Жүретін уақыт жетті. Менде иіскеп көрдім. Еңлікгүлінен ешқандай гүлдің де, шөптің де иісін сезе алмадым. Көктемнен кәдімгі жердің иісі шығып тұр.

• Бала көктем иісін қалай сезінді?

( Еңлікгүлінің иісін иіскеу арқылы сезінді).

• «Көктемнің иісі» деген ұғымды сендер қалай түсінесіңдер?

(Көктем кезінде гүлдердің хош иісі, таза ауа, құстардың дауысы).                       

Адамның өмірі жермен тығыз байланысты.

Жерден қасиетті,жерден киелі дүние жоқ.Жер бар жерде ел бар.Ел –ер азаматтың өмір сүрер ортасы.Жер-адамының жарық дүниеге көзін ашқаннан тербеткен бесігі.

Адам өзінің туып -өскен жеріне деген шынайы сүйіспеншілігін,алаулаған сағынышын,қадір-құрметін жүректен шыққан құдіретті сөзбен,ойлы өлеңмен,сазды әуенмен,сырлы суретпен жеткізеді.                              

-Балалар, сабақтан не түсінгендеріңді білу үшін сендерге тапсырма беремін.

— Өз туған жерлерің туралы әңгіме өлең құрастырыңдар. Орындап болғасын, бірнеше оқушы оқып шығады.

-Жарайсыңдар,балалар!

Балалар, сендер қазір мәтінді оқып шығып сахналап көрсетесіңдер.

Жер-ана тұншықса

Н.Құмар

-Екі апта сен болмағандығы  жаңалығымыз осы,-деп Дана шаттана күлімсіреді.

Ауылға барып,табиғаттың тосын мінезіне жаны торығып оралған Мұрат үйінің маңайын көріп мұңайып қалды.Көрші дүкен ашыпты да,көп көлемді жерді бетондап тастапты.Сәнді гүлдердің өзі тар шеңберде қысылып тұрғандай.

— Қуанбайсың ба? Айнала қандай әдемі!

Мұрат бүгінгі күнгі құнары қашқан топырақтың тозу сатысы жайлы айтқанда,төңірек те сұрғылт тартты.

— Бір грамында  жүз миллион микроорганизм өмір сүретін топырақтың  тұншығуын- ай!                                             «Топырақта тағдыр бар» деген халық даналығын білесің бе,Данышпан?

— Сонда немене? Топырақта да зат алмасу процесі жүре ме ?Көзі,жүрегі,өкпесі бар демексің бе?

-Бүкіл тірліктің  бастауы болған –жер.Бәріне төзген,бәріне көнген,басына енді қасірет төнген…

Ағалы-қарындасты бауырлар жаңа дүкенге қарай ағылған адамдарға тосырқай қарасады.

Құрамында тұз бен гипсі көп ұнтақ шаңды шұбатып,көліктер ағылуда.Көкке ұшып,артынша адам ағзасына енетін тозаңды кім өлшеп,ескеріп,жатыр?

Топырақ тозса,адам азбасын ?

Мұрат пен Дана жып-жылтыр боп жатқан химиялық қоспаға да,жасанды жандарға да қызықпайтындай қалып танытты.

-Жарайсыңдар, балалар! Орындарыңа отырыңдар.

Балалардың жауаптары дәйексөздің түсіндірілуімен толықтырылады. Тақтада жазылып тұрған «Баптағанға-жер жомарт»  деген халық даналығының мәнін балаларға түсіндіріп өтемін:

— Жерді күтіп,баптап,таза ұстау керек. Өйткені Жер –ана жомарт та дархан көңілмен адамға барын бергісі келеді.Тіпті қазба байлықтар да жерден алынады.Түрлі жеміс-жидектер де,әсем гүлдер де,тіпті дәнді дақылдар да ұдайы суарып,күтіп баптағаннан кейін көбейе түседі.

Оқушылардың жерге деген сүйспеншіліктерін арттыру мақсатында шығармашылық жұмыс ұйымдастырамын.

Тапсырманы орындау жолдарын түсіндіремін:

— Балалар,қазір мен тақтаға дөңгелек жасыл қағаз ілемін.Бұл біздің жеріміз.Ал сендер жердің көркейіп,сұлуланып,тіршілікке енуі үшін жұмыла жұмыс жасаңдар.Алдарыңда жатқан қағаздардан жерде тіршілік ететін жерге көрік беретін тіршілік иелерінің суретін салып,коллаж дайындаңдар.

-Балалар әрқайсысың  жеке-жеке түрлі түсті қағаздан гүлді, ағашты, суды, тауды, жан-жануарларды жасап, ілесіңдер.

-Міне балалар, халқымыз  «Жақсы  болсаң жердей бол,бәрін шыдап көтерген»деген. Жер-анамыздың мейірбандығы сонда, барлық тіршілік иелерін қойнына алып, баршасына өмір сыйлайды,қорек береді, өсіреді, көркейтеді.

Айтылған ойларды бекіту үшін тапсырма  орындалады. Тапсырма бойынша оқушылар суретті пайдаланып, мына тақырыптар бойынша өз ойларыңды білдіресіңдер.

1.«Жердің қасиеті»

2 «Жерге қамқорлық»

Тапсырманы топқа бөліп орындауға болады. Балалар екі топқа бөлінесіңдер. Бірінші топ-«Жердің қасиетін» жазып топтастыру жасайды, екінші топ — «Жерге қамқорлық» туралы жазып тотастыру жасайсыңдар. Тапсырмаларды плакатқа маркермен орындап, тақтаға іліп, жария етесіңдер.

Балалар, бүгін сендердің сабақтан түйген ойларыңды пысықтай түсу үшін тапсырмалар беремін.

Тапсырма: Балалар сендер дәптерде берілген аяталмаған ойды өз ойларыңмен жалғастырып жазуларың керек.

Жер- бәріміздің анамыз. Онсыз тіршілік жоқ.Өйткені…

Жер-бәріміздің асыраушымыз. Өйткені…

Жер-анамыз дейтін себебіміз… Өйткені…

-Өте жақсы, балалар.

-Иә,балалар, Жер – біздің асыраушымыз. Біздің тамағымыз да, киетін киіміміз де, тіпті, оқу оқып, білім алып отырған кітаптарымыздың жасалуына да осы  Жер –ананың көмегі зор. Ал осы жердегі тіршілік етуші құстарға да, жан –жануарларға да, өсімдіктерге де қамқоршы тек қана адамдар екенін ұмытпаңдар. Олай болса,Жер-анамызды күтіп, баптай білейік.

-Жайнаған Жер-ана қойнауында  құстар мен жан-жануарлардың, адамдардың тыныш та жақсы өмір сүруі мен өсімдіктердің өркен жаюы бақыт емес пе? Қазір мен сендерге «күннің сәулелерін» таратып беремін.Сендер сол сәулелерге Жер-анаға деген тілектеріңді жазып,тақтадағы «күннің» айналасына іліңдер.

Оқушыларға  «сәулелер» таратып беремін,әр оқушы өзінің Жер-анаға тілегін жазып,тақтаға іледі. Менде балаларға өз тілегімді айтамын:

-Міне ,балалар, мен сендерге барлық уақытта осындай жақсы тілегі мол жарқыраған күн астында, құлпырған жер үстінде ер жетіп, бақытты өмір сүрулеріңді тілеймін.

Дауысыңнан айналайын       

 

Өмірге мынау тамсандым,

Әуенмен таңды қарсы алдым,

Әлемді әуен тербетіп,

Бұлбұлмен бірге ән салдым.

 

Дүние қандай қарашы,

Адамның бізде баласы,

Біздермен бірге шырқаған,

Қазақтың гүлді даласы.

—         Жарайсыңдар,балалар!

Орнымызға отырамыз.