Оқуға құштарлық

154

Өзін-өзі тану

Тақырыбы: Оқуға құштарлық

Мақсаты: Балалардың «білім», «махаббат», «адамгершілік» құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту.

Міндеттері:

  • Білімнің адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру;
  • Оқуға құштарлығын арттыра отырып, білім алуға ынталарын дамыту;
  • Кітапты қадірлеуге, еңбекті сүюге тәрбиелеу.

Көрнекі құралдары: оқулық, дәптер , интерактивті тақта, еліміздің картасы, түрлі – түсті қағаздар мен сызбалар..

 

1.Шаттық шеңбері:

Біліміңді аяма,

Ата-анамдай аяла.

Мектеп- ана болмаса,

Бала құшақ жая ма

 

 

Балалар ортаға шеңбер құрып тұрып «Бақытты балалық шақ » әнін айтайық :Жарастықпен айнатып өмір көркін,

Гүл- бақшада сайраңдап өскен еркін.

Шат көңілді, бақытты ел ұланымыз,

Келешекте ұлы істі меңгеретін.

 

Отанымыз әлпештеп анадайын,

Құшақтайды аялап сағат сайын.

Зәулім мекиеп , кең сарай , түрлі алаң,

Не керектің біз үшін бәрі дайын

                                                

Білім шыңын өрлейміз басып алға ,

Қиындық жоқ , бөгеліс жолымызда.

Салтанатпен сап түзеп, ән шырқаймыз,

Көк туымыз желбіреп қолымызда.

  1. Шығармашылық тапсырма:

Тақтаға қарайықшы, не көріп тұрсыңдар?(Мақал- мәтелдер)

Олай болса мақалдардағы көп нүктенің орнына қажетті сөздерді қою арқылы, мағынасын ашу арқылы бүгінгі сабағымыздың тақырыбын анықтаймыз.

  1. ………….- білім бұлағы,

       Білім- өмір шырағы.

 

  1. ………- инемен құдық қазғандай.

 

  1. ………… білім жоқ,

       Білімсіз күнің жоқ.

  • Балалар, бүгін біз оқу , білімнің адам өміріндегі  қажеттілігі , маңыздылығы туралы әңгімелесеміз.Сонымен бүгінгі сабағымыздың тақырыбы « Оқуға құштарлық» деп аталады .Оқусыз білім жоқ дегендей оқуға құштарлық барлық баланың бойында табылуы  қажет..
  1. «Ойланайық, пікірлесейік» .Сұрақтар бойынша әңгіме жүргізу.
  • Адамға білім не үшін қажет?
  • Оқу кезінде қандай қиындықтар кездеседі?
  • Оларды қалай жеңуге болады деп ойлайсыңдар?
  • Білімді болу үшін адамға қандай қасиеттер қажет деп ойлайсыңдар?

Білім неге жетелейді:

  1. Болашаққа жетедейді.
  2. Табиғат құпияларын ашуға көмектеседі
  3. Өзіңді және өзгені тануға көмектеседі.
  4. Өмірді түсінуге көмектеседі.
  5. Мамандық таңдауға көмектеседі.

 

    4.Оқулықпен жұмыс

«Табанды бала»мәтінін  мәнерлеп оқи отырып,  аңыз әңгімедегі Әлімнің  «мен оқуым керек» деген өз мақсатына  қалай жеткенін  және оның  үлкен ғалым болғанын мысалға ала отырып, балалардың  оқуға құштарлығын арттыру.                                   .

  1. 5. Жағдаяттарды талдау.
  • Бала алдына қандай мақсат қойды?
  • Ол өз мақсатына қалай жетті?
  • Баланың ғалым болуына қандай қасиетері көмектесті?
  • «Табандылық» дегенді қалай түсінесіңдер

Жаңа ақпарат

  • Балалар бүгінгі біздің өнеге сағатымыздың аты «Оқуға құштарлық» деп аталады.
  • Білім алу қызығушылық , еңбекқорлық және табандылық танытуды қажет етеді.
  • Білім адам игілігіне қызмет етеді .

 

 

Сергіту сәті.

Мектеп – үлкен анашың,

Баураған барлық баласын.

Тәртіппен алсаң білімін,

 Өмірден жол табасың.

6.Дәптермен жұмыс.

Жоғарыда айтылып, талқыланған   әңгімеден түйген ойлар дәптерде берілген  тапсырма арқылы бекітіледі.

    -Бақытты балалар елінің суреті  арасынан жазу жазылатындай етіп бос қалдырған жлдарға олардың бақытты болуына нелер көмектескенін жазу.Орындап болған соң жариялау.

 

 

7.Назар аударыңыз:

Ал енді балалардың « Оқу , білім» туралы жаттаған өлеңдерін назар қойып тыңдайық.

 

1-оқушы,Оқимын, жақсы оқимын

Білемін білім пайдасын

Оқимын, білім тоқимын

Мен барар мектеп қайдасың?

 

2- оқушы: Ойынға қарыз емеспін,

Оқуға әбден кірісем.

     Қабілетсіз емеспін,

    Оқу ғой, оқу дұрысы ең!

 

3-оқушы:   Мақтан етер мектебім,

Алғыстарым көп менің.

Оқу , білім , тәрбие

Ой санама еккенің.  

 

4-оқушы:Отанның біз ұл- қызы,

Халықтың біз жұлдызы.

Оқимыз ақын жырларын,

Оқимыз еңбек сырларын !

 

    5-оқушы:  Оқитын әрі жазатын,

    Білімге қол созатын,

    Оқушы болдық үлгілі,

    Білімнің кілтін ашатын.     

.

   8.Жүректен жүрекке:

Бүлдіршіндер, сендерге артар міндет көп,

Көтеріңдер  білім туын құрметтеп.

Білімнің көзін аша білсең тереңнен,

 Жетелейді армандарға бұл мектеп — дегендей   мектеп қабырғасынан білім нәрімен сусындап ,  одан әрі қалаған мамандықтарың бойынша білім алып , еліміздің түкпір- түкпірінде еңбек етіп  көркейтер,туын желбіретер 2030 жылдың нағыз іскер азаматтары сендер боласыңдар !Сондықтан елдің болашағы да, өркені де , бүгінгі жас ұрпақ, сіздердің қолдарыңызда. «Ел үмітін ер ақтар,ер үмітін ел сақтар» демекші , ел үмітін ақтау сендермен өлшенбек  Олай болса  «Елімізді гүлдендірейік» тренингін өткізейік.

 

Жақсы маман болып, еліміздің дамуына өз үлестерімізді қосамыз!

 

 

Абылай – Астанада,Нұрқасым – Семейде, Индира- Қызылордада, Жанель-Алматыда, Жансая- Шымкентте, Ағлен мен Қанат- Ақтауда,Бауыржан-Оралда, Назерке- Ақтөбеде,Шыңғыс- Павлодарда, Асхат-Қарағандыда,Диас- Таразда, Жұлдыз-Арқалықта,Алмаз бен Гүлдана- Атырауда,Ықылас –Жезқазғанда, Жантілек пен Бекетай-Көкшетауда,Ислам- Байқоңырда еңбек етіп,аты әлемге тараған Қазақстан  елін одан әрі көркейтуге   өз үлестерін қосары сөзсіз

 

  1. Қорытынды «Жаса Қазақстан» әні