«Менің сүйікті қалам!»

96

«Менің сүйікті қалам!»

 

Менің сүйікті қалам — Орал қаласы. Сүйікті дегенімнің себебі — мен осы қалада дүниеге келдім, алғаш рет осы жерде тәй-тәй басып, қоршаған ортаны таныдым. Балабақшаға барып, достарымды тауып, мектепке де келдім. Менің қалам басқа қалаға қарағанда әдемірек болып көрінеді. Қаламның барлық жерлерін әлі білмеймін. Менің көшем, менің үйім, менің балабақшам, менің мектебім, мен үшін ыстық!. Себебі, мұнда менің отбасым, менің достарым, таныс адамдарым бар. Біздің 6 шағынаудан жыл сайын көркейіп келеді. Менің үйімнің терезесінен Салтанат Сарайы көрінеді. Ол екі қабатты, әдемі ғимарат. Айналасы шыршамен қоршалған. Жазда адамдар онда демалып, балалар ойнап жүреді. Демалыс уақытында онда той болады. Жақында мұнда балалар үшін кітапхана ашылды. Маған мұндағы оқу залы ұнайды. Жыл сайын менің қалам осындай әдемі және көркем болғанын қалаймын.