“Қоян мен бұғы” ертегісі

42

  “Қоян мен бұғы”ертегісі

        Бірде қоян мен бұғы  дос болыпты. Олар бір орманда тіршілік

етеді екен. Бірде қоян мен бұғы екеуі әңгіме дүкен  құрады.

   Қоян:

-Бұғы достым,мен саған  басымнан кешкен бір оқиғаны айтып берейін,-

дейді.

Бұғы:

-«Е,айтсаң айт»,-дейді.

Қоян:

-Мен бір күні келе жатып бір жерде жылаған дыбысты   естідім.

Сөйтіп бұл дыбыс қайдан шықты  деп,сол дыбыс шыққан жаққа

құлағымды тігіп бардым.Сөйтсем бір жас шыбық  жылап тұр екен .

-«Сен неге жылап тұрсың?»-деп сұрадым.

Жас ағаш:

-Мына жерден жаңа бір-екі бұзақы балалар өтіп еді,жай өтпей енді

ғана шығып келе жатқан  бұтағымды сындырып кетті,-деді.

Қоян:

-Мен шыдай алмай,олар қайда,қай жаққа кетті,-дедім.

-Мына жолмен кетті,-деді жас шыбық.

Мен сол балалардың артынан барып,оларды тоқтатып:

-Ей,оқушы балалар,сендер неге жас ағаштың шыбығын  сындырдыңдар,-

дедім.Олар маған күліп:

— Сен, қорқақ қоян  мына бізге  ақыл айтып тұрсың ба?-деп мені

келемеждеді.Сол кезде мен:

— ИЯ мен қорқақ болсам қорқақ  шығармын,бірақ табиғатты қорғауда  және

достарыма көмектесуге келгенде  еш қорықпаймын,- дедім.

Осы сөздеріме ұялған екі бала жасаған істеріне ұялып,сындырған бұтаны

дұрыстап,орнына бекітіп байлап қойыпты.

-Жас шыбық ,сен бізді кешір, енді   бұзық болмаймыз,-деді балалар.

-Табиғатты аялаймыз!

   Енді кеше сол ағаштың жанынан өтіп едім,ол ағаш әжептәуір бүр

жарып,гүлдеп тұр екен. Жас ағаш маған рақметін айтты.

-Міне достым,осылай менің кішкентай болса да табиғатқа деген көмегім

тиді деп ойлаймын,- деп сөзін аяқтады қоян.

Досының бұл ертегісіне риза болған бұғыда қатты қуанды.