Ұлы Абайға

38

  Ұлы Абайға

 

Ұлы баба! Даналықтың көзісің,

Жырларынан нәр аламын мен бүгін,

Мақтан етіп сен деп соғар жүрегім,

Орындалсын бір кездегі тілегің.

 

Қалың елің, қайран жұртың, тірегің,

Тек жақсылық, адамдықты тіледің.

Сенің әрбір сөздеріңнен нәр алып,

Жырларыңа басымды иіп жүремін

 

Абай атам дара ақыны халқымның,

Үлгі аламын маржандай әр сөзінен.

Ұлы ақын! Жыр әлемде дарасыз,

Жырыңменен бар әлемді қараттың.

 

БӨЛІСУ
Алдыңғы жазбаҚазағым
Келесі жазбаАбай бабама арнау