Батыр қыз

47

Батыр қыз

 

Бойына батырлық қасиеті дарыған,

Елін, жерін жау көзінен қорғаған.

Еліміздің батыр қызы танылып,

Ерке құсы, кең даланың атанған.

 

Қаймықпай қан майданға аттанған,

Ерлігімен  жауға қарсы айқасқан.

Соңғы демі таусылғанша шайқасып,

Ел намысын көкке биік көтерген.

 

Бар жігерін жауға қарсы жаратқан,

Ел атынан оқты қарша боратқан.

Тыныштық пен бейбіт өмір сақталып.

Батыр қыздың ерлігіне тамсанған.

 

БӨЛІСУ
Алдыңғы жазбаСәлем саған, мектебім!
Келесі жазбаӨмір