Суды қорғау

78

Сабақтың тақырыбы:  Суды қорғау

Сабақтың мақсаты:

  1. Судың адам өміріндегі маңызы, оны қорғау туралы оқушылардың білімдерін қалыптастыру.
  2. Дүниетанымын, ой-өрісін пәнге деген қызығушылығын дамыту.
  3. Салауатты өмір салтына, табиғатты қорғау сезіміне тәрбиелеу.

 

Көрнекілігі: мақал-мәтелдер,жұмбақтар, тыйым сөздер, Венн диаграммасы.

 

Сабақтың барысы:

 

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

Психологиялық даярлық.

Адамның күлкісі әлемдегі ең ғажайып құбылыстардың бірі. Адам күлкінің көмегімен  таныса да,  қоштаса да алады. Жымиыс біздің сезіміміздің сарасының ашылуына  жол ашады. Күлкі арқылы  көңіл күйлеріңді  білдіріп көріңдер. Бір-біріңе жымиыңдар, күлкілеріңді сыйлаңдар. Рахмет! Ендеше сабағымызды бастайық.

 

  1. Үй тапсырмасын тексеру.

а) Қазақстандағы өзендер  мен көлдерді ата ;  ә) Адам тіршілігі  үшін өзен  мен көлдің қандай маңызы бар; б)Көл суының қасиеттері, Қазақстанда кездесетін көлдер.

 

  1. Сергіту минуты.

Жұмбақтар шешу.

1.Жылт-жылт етеді

Жылғыдан өтеді.  (Судың сұйық  күйі.)

  1. Қылышпен шауып, турай алмадым,

Бір шайқап қалып,жинай алмадым.  (Су.)

  1. От жақпай, қазан қайнайды.  (Қайнар – су көзі.)
  2. Сынаптай жылтырап,

Биіктен сырғиды.

Ән салып былдырлап,

Іздейді ылдиды.   (Бұлақ.)

Суды ақындар қалай жырлайды. Енді өлең жолдарын еске түсірейікші.

Су деген тіршіліктің қаны емес пе,

Су деген табиғаттың жаны емес пе,

Су жоқ жерде өмір жоқ, ол ақиқат

Күміс су қара жердің сәні емес пе?!        ( М. Хакімжанова.)

Су  пәктік, кепілі  ол денсаулықтың

О  баста тіршілік боп  судан шықтың.

Бұлақ, көл, өзен, теңіз, мұхиттардың

Молдықтан,  қасиетін келмейді ұққың.      (О. Асқар)

  1. Өткенді бекіту. Су туралы өткенді Венн диаграммасы  арқылы қорыту.

 

                       Адам                                                            Табиғат   

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  1. Жаңа сабақ.
  2. Мақсат қою.

а) Сусыз тіршілік жоқ.

ә) Лас судың денсаулыққа әсері.

б) Суды қорғау.

  1. Кіріспе әңгіме.

а) Тіршілік құбылыстарының бәрі судың қатысуымен жүреді. Адамның денесі 30-дан  пайызға дейін  судан тұрады. Салмағы 70 кг адам денесінде 50 кг су бар. Оның мөлшері  17 кг кемісе адам өледі. Адамға ауа қандай қажет болса, су сондай қажет.

ә) Олай болса біздің еліміз  суды қалай пайдаланады?

Біздің экологияға жауапсыз қарауымыздан ауыз су бүлінуде. Суда улы заттар өте көп.

Біздің ауылымыздағы өзенге тұзды су  мөлшері көп қосылып ағып жатыр.

б) Судың ластану жолдары, денсаулыққа әсері.

Сызбамен жұмыс.

 

 

Завод                  Мұнай өнеркәсібі

Тағамның қалдықтары

Өнеркәсіп

Жуындылар                                  Суды ластаушы

 

судың маңайына күл-қоқыстар төгу

 

Автомобиль                                       Темір жол                                         Шахта

Көліктері

 

Лас судағы зиянды заттар

 

 

Тырысқақ           гепатит             дизентерия                  іш сүзегі              паратив
                                                 Жұқпалы ішек аурулары
                    Микроорганизмдер   қатерлі аурулар туғызады.
Судағы улы заттар немесе химикаттар   ұрпақтың өсіп жетілуіне зиянын тигізеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

4.Ластанған суды тазарту жолдары.

 

хлорлау

 

 

 

қайнату                                  сүзу

 

тұндыру

 

  1. Оқулықпен жұмыс. Тізбектей оқу.
  2. Топтық және деңгейлік тапсырмалар.
  3. топ Су туралы мақал-мәтел, тыйым сөздер жазу.
  4. топ. Суды қорғай тақырыбына әңгіме жазу.

7.Сабақты қорыту.

1.Су туралы ойлар.

  1. Лас судағы улы заттарды атау.
  2. Ережелер 1. Қайнамаған суды ішпе!
  3. Суды ластама!
  4. Суды үнемде!

4.Суда малтып үйрен!

  1. Үйге тапсырма: «Суды тазарту» тақырыбына әңгіме жазу.
  2. Білімдерін бағалау