Сәлем саған, мектебім!

59

Сәлем саған, мектебім!

Сәлем саған, мектебім,

Алтын ұям, армысың.

Көңілімде көп менің,

Саған айтар алғысым.

Көңілді өтті демалыс,

Кездім дала, тауды да.

Жайлаудағы ең алыс,

Бардым атам аулына.

Сәби болып күліп те,

Асыр салдым аулада.

Келдім қайтып мектебім,

Алыс қалды қарлы шың.

Көңілімде көп менің,

Саған айтар алғысым.

Нұр себілсін бөлмеңе,

Теріп келдім қыр гүлді.

Құйшы тағы кеудеме,

Қоңыраудың сырлы үнін.

БӨЛІСУ
Алдыңғы жазбаМұғалім.
Келесі жазбаБатыр қыз