Менің атам- майдангер

53

Менің атам- майдангер

 

 

Менің атам Жамалетдин Айтжанов 1924 жылы Батыс Қазақстан облысы Орда ауданы Талап сельсоветінде дүниеге келген. Балалық шағы сол жақта өткен. Атам 1942 жылы елін,жерін, халқын немістерден қорғауға әскер қатарына майданға шақырылған. Мал таситын вагонға бәрін тиеп, бірнеше күннен кейін Қиыр шығысқа барып, жапон басқыншыларымен соғысып кеткен.

 

Менің атам жапон басқыншыларынан Қытайды,Кәреяны азат етті. Сол соғыста атам «За отвагу», «Победа над Японией» деген және тағыда көп медальдармен марапатталды. Атам 1946 жылы жеңіспен елге оралды. Ол біздерге тауда қалай соғысқанын айтып отыратын еді. Атамда пистолет,автомат,пышақ болған. Ол жаудан қорықпай,батырлықпен соғысқан, 30-40 шақты жапон басқыншыларының көзін құртқан. Соғыстан кейін атам Қосшығыр деген фермада меңгеруші болып еңбек етіп, зейнеткерлікке шықты. 9-мамыр Жеңіс күнін жыл сайын жанұымызбен қарсы аламыз.

Атам 2011 жылы қайтыс болды. Мен атамды ешқашанда ұмытпаймын, атамды мақтаныш етем,атам сияқты батыр боламын.