Әскери қызметшілердің әскери әдептілігі мен мінез-қүлқы

32

Әскери қызметшілердің әскери әдептілігі мен мінез-қүлқы

Өскери қызметшілер әрдайым жоғары мәдениеттін, қарапайым-дылық пен үстамдылықтың үлгісі болуға, өзінің қадір-қасиетін қор-ғауға жөне басқалардың кадір-касиетін қүрметтеуге тиіс. Олар өз мі-нез-күлқына қарап, тек өздері туралы ғана емес, тұтас алғанда, Қару-лы Күштердің ар-абыройы туралы пікір айтылатынын есте үстауы

тиіс.

Әскери қызметшілердің арасындағы қарым-қатынас өзара сый-ластық негізінде қүрылады. Қызмет мәселелері бойынша олар бір-біріне «сіз» деп тіл қатуға тиіс. Өзара жеке тіл қатысу кезінде әскери атак, әскерлердің түрі немесе қызметі көрсетілмей аталады.

Бастыктар мен аға шенділер қызмет бойынша бағыныштылар мен кіші шенділерге тіл катқанда, оларды өскери атағы мен әекер түрі бойынша немесе атағы бойынша ғана, соңғы жағдайда атактың соңына «мырза» деген сөзді коса отырып айтады. Мысалы: «Қатардағы Омаров (Омарова)», «Қатардағы сарбаз», «Сержант Қалиев (Қалиева)», «Сержант», т.б.

Әскери оқу орындарының әскери атақтары жок сержанттық қүрамын, курсанттарын (тыңдаушыларын), сондай-ак оқу-әскери бөлімдерінің (бөлімшелерінің) курсанттарын, оларға тіл қатқан кезде, тегін қосып, «курсант» деп немесе «курсант мырза» деп атау керек.

Бағыныштылар мен кіші шендегілер қызмет бабымен бастықтар мен аға шендіге тіл қатқан кезде, оларды атағының соңына «мырза» деген сөзді қосып, әскери атағы бойынша атайды. Мысалы: «Бірінші сыңыпты сержант мырза».

Өздеріне бастық немесе аға шенді тіл катқан кезде, әскери қызметшілер, сырқаттарды қоспағанда, саптағыдай тіктеліп, әздерін таныстырады: лауазымын, өскери атағы мен тегін атайды. Қол алыскан кезде аға шендегісі қолын бірінші болып береді. Егер аға шенді  қолғапсыз болса, кіші шенді кол алысу алдында оң қолынан колғабын шешеді. Баскиімсіз әскери қызметшілер кол алысумен коса басын жеңіл иеді.

Өскери кызметшілер саптан тыс бір-біріне тек әскери атағы бойынша ғана емес, аты мен өкесінің аты бойынша да тіл катыса алады. Жоғары шенді командир (бастык) жанында тұрғанда жауынгерлер бір-бірімен тек рұксат сұрау аркылы сөйлеседі. Мысалы: «Лейтенант мырза, катардағы жауынгер Абдуллинмен сөйлесуге рұқсат етіңіз».

Өскери қызметкерлер бейбіт тұрғындармен, өсіресе карт адамдар, өйелдер және балалармен сейлескенде мейлінше сыпайы болғаны абзал. Сондай-ақ ол табиғат және техногенді апаттар, өрт, т.б. қайғы-лы оқиғалар кезінде бейбіт тұрғындарға көмек беруге міндетті.

Әскери атақтарды бұрмалау, әдепсіз сөздерді, лақап және мазақ аттарды қолдану, дөрекі және жүрдім-бардым сөйлесу өскери ар-намыс пен өскери қьізметшілердің қадір-қасиеті ұғымына сыйыспайды.