Қазақтың атбегілік өнері

148

 

Тақырыбы:       Қазақтың атбегілік өнері

 

 

Аннотация

Мақсаты:

Атбегілік ата кәсіп екенін дәлелдеу, қазіргі кездегі атбегіліктің жағдайына тоқтала отырып,  атты баптау үшін қажет нәрселер, оны табудың жолдары және атбегілікті дәріптеу, насихаттау.

Міндеттері:

  1. Атбегілікке мағлұмат беру және оны табыс көзі еместігіне көз жеткізу;
  2. Асыл тұқымды жүйрік атты баптау жолдарын іздестіру;
  3. Атбегілік өнердің дайындық пен біліктіліктерін қарастыру;
  4. Атбегілік – ата кәсіп болып табылатынын дәлелдеу;
  5. Атасу кентіндегі “Асылжан — агро” шаруашылығының таза қанды тұлпарларды  баптаудағы “Ең үздік атбегі”  тәжірибе әдісін көрсету.

Өзектілігі:

Жоба арқылы қазақтың атбегілік өнерін жоғалтып алсақ, қайта қалпына келтіру қиын екенін көрсету.

     Қазір тәжірибелі атбегілердің қатары сиреп баратындықтан, атбегілік өнерін әрі қарай дамытудың бір жолы болмақ.

Гипотеза:

   Егер, атбегілік өнері — табыс көзі емес екенін дәлелдейтін болсақ, онда ат жаратушыларды  әр аймақтан көрер едік,  яғни  атбегілік ата кәсіп екенін дәлелдеудің бірден-бір жолы болып табылады.

Проблемалық зерттеу әдістер:

  1. Бүгінде қыл құйрықты жануарға қызығатын қалталы азаматтар көбейгенімен,  мықты атбегілердің қатары сирек. Тұлпар жаратамын десең, алдымен қалтаңның біраз қағылатынын, содан кейін барып оның қайтарымының болуы екіталай екендігі.  “Асылжан — агро” шаруашылығы. Атбегі: Әбілдинов Әміржан.  Пайда мен шығынды салыстыру;
  2. Бабы келмеген жүйріктің бағы байланады. Мәселені талдау;
  3. Асыл тұқымды жануарды, оның ішінде жел сәл қатты үрлесе, өкпесі өше қалатын ағылшын сәйгүлігін баптаудың машақаты. Болуы ықтимал нәтижені алдын-ала болжау;

 

 

Күтілетін нәтиже:

  1. Алдағы уақытта елімізде атбегілік — ұлттық спорт түрлеріне жататындықтан, ұлттық спорт түрлерін дамытуға белгілі көлемде қаражат бөлінетін болды. Қазақстанда қазіргі заманға сай ағылшын тұқымдас таза қанды аттар сатып алу сияқты  жұмыстар, жобалар жүзеге асырылмақ.
  2. Сыны келіскен сәйгүлікті нағыз атбегілер жаратып-баптап бәйгеге қосады. Жақсы дайындықтардың жемісі ретінде жүлделі орындарға ие болады.
  3. Таза қанды тұлпарларды баптаудағы қазақтың атбегілік өнері әрі қарай дамиды.  Қазақтың атбегілік өнерінің беделі артады.

 

Мазмұны:

Кіріспе…………………………………………………………………………………………………….1

  1. Атбегі ………………………………………………………………………………………………..2
  2. Атбаптау…………………………………………………………………………………………….3
  3. Атбегілік – ата кәсіп……………………………………………………………………………5
  4. Шабандоз……………………………………………………………………………………………6

5.Жылқы зауыты……………………………………………………………………………………..7

6.Ахалтеке жылқысы. …………………………………………………………………………….8 Қорытынды.…………………………………………………………………………………………..9

Қолданылған әдебиеттер……………………………………………………………………..10

Қосымша………………………………………………………………………………………………11

КІРІСПЕ.

      Атбегілік  қазақтың ең көне ұлттық өнері. 

      Көшпенділердің жылқымен бірге өсіп, біте қайнасқаны соншалық олардың тұрмыс-салтына, мәдениеті мен өнерінде қатысты айтылатын афоризмдері жетіп артылады. «Бабы келмеген жүйріктің бағы байланады», «Ер қанаты-ат» дейтін қазақ әсіресе бәйгеге қосар жылқыны жаратуға ерекше мән берген. Нағыз атбегі «жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» шығатын жануарды алыстан таниды. «Жүйрік аттың тағдыры — қаһарман батырдың тағдыры — халықтың тағдыры» деп те айтады алаш баласы.

    Мен осы жобамда атбегі  кәсібін  зерттеп,  жинақтаған мәліметтер    бойынша тақырыптарда  беруге тырыстым. Яғни  «Атбегі»  тақырыбында   атбегіліктің  үлкен өнер екенін,  бұл кәсіппен айналысатын адам қандай болу керек екендігі  бойындағы қасиеттері қарастырылды.

«Ат баптау»  тақырыбында  атты қалай баптап , дайындау, қарау керектігі сөз болады.   «Атбегілік – ата кәсіп»  тақырыбында  қазақтың  ежелден келе жатқан кәсібі екендігі айтылады. Атақты атбегілер аталады.

«Шабандоз»  тақырыбында   өзімнің  қалай шабандоз аталғаным сөз болады. «Жылқы зауыты» тақырыбында «Асылжан- агро» шаруашылығымен танысуым қарастырылып,  онда сырттан  әкелінген жылқылар туралы және атбегілік жайлы сөз болады.

«Ахалтеке жылқысы»     тақырыбында  осы жылқы туралы мәлімет беріледі.

Тақымы атқа тиген қазақ әр уақытта арқаланып, аруақтанып, қиялына қанат бітіп шабыттанып, қуат қосып қайраттанатыны тағы бар. Сондықтан мінсе — көлігі, сойса соғымы болатын жылқыны табиғатына қарай тиімді пайдалана білген қазақтар жылқыны 3 топқа бөліп қараған. Қазақтар бәйгеге қосатын жүйрік жылқыларды тұлпар, арғымақ, сәйгүлік деп

1

әлпештеп, ерекше күтімге алса, ал ауыр жүк артуға, алыс жолға төзімді жылқыны қазанат деп атап, оны ерекше қадір тұтқан. Ал еті мен сүті үшін өсіретін қалған жылқылар жабы деп атаған. Осылардың әр қайсысын өз алдына баптаған.

  1.Атбегі.

   Атбегі — бәйге атын баптайтын адам. Қосымша 7. Мұндай бапкерлер ата-бабасынан бері жылқыны қадірлеп, қасиетін білетін кісілер арасынан шығады. Жылқы малы қолға алғаш рет біздің заманымыздан бұрынғы  жетінші мың жылдықта Азия мен Еуропада үйретіліпті. Осы мәселені бүге-шігесіне дейін зерттеп жүрген ғалымдар оның ішінде алғаш қазақ топырағында үйретілгенін айтады. Ал бүгінгі біз қызығып жүрген арғымақтардың арғы атасын ілгері заманда ағылшын капиталистері мен араб байлары  біздің даламыздан әкетіпті.  Демек, бүгінгі ағылшын тұлпарларының  бойында қазақ қазанатының қаны бар.Бүгінгі бәйгенің алдын бермей жүрген тұлпарлардың барлығы ағылшын, араб жылқылары. Ал біздің қазақы аттар жоқ. Қазақ халқы мінсе — көлігі, сойса соғымы болатын жылқыны табиғатына қарай тиімді пайдалана білген. Ауыр жұмыстарға жегілетін күшті, еті тығыз аттар мен салт жүріске жарамды жүрдек және бәйге аттарын өз алдына баптаған.Қазақтың көреген сыншылары, көзіқарақты атбегілері кез келген атқа ден қоймайды. Алдымен оның тұқым-тегіне, бітім-нышандарына назар аударып, көңілінен шықса ғана баптап, күйін табуға кіріседі.  Шын жүйрікті мінез-бітіміне қарай да тануға болатын алуан түрлі ұғымдар бар – дейді атбегілер. Атты суытқанда артқы екі аяғына кезек-кезек салмақ салып, тұяғының ұшын ғана тіреп тұратын қасиетін атбегілер жақсы белгіге санайды. Бұдан өзге де жақсы атқа тән белгілер жетерлік. «Жылқы малын баптау үшін әркім әртүрлі айла-шарғы  ұстанған. Мәселен, еті бар атты бабына түсіру үшін 15-20 күн кеткен. Күнде 15-20 шақырым жүріп келіп, 5-6 күнде бір таң

 

2

асып отыратын жылқы қалаған бабына келе алған. Алайда сәйгүліктердің

де күй таңдайтын кезі болған. Бірі тоқжарау күйінде, енді бірі жеңілдеп жарағанда жақсы шабады». «Бабы келмеген жүйріктің бағы байланады» дейтін қазақ бәйгеге қосар жылқыны жаратуға ерекше мән берген. Нағыз атбегі «жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» шығатын жануарды алыстан таниды. Алайда,

бүгінде қыл құйрықты жануарға қызығатын қалталы азаматтар көбейгенмен,  мықты атбегілердің қатары сирек екендігін де жасырын емес.

Атбегілік — үлкен өнер. Егер бұл өнерді жоғалтып алсақ, қайта қалпына келтіру қиын. Мәселен,  бокстан жаттықтырушы табылмаса, оны шет елден алдыртуға болады. Ал атбегіні әкеле алмайсың. Өйткені қазақтан артық аттың бабын білетін халық жоқ. Атбегілер олар жануарды сырт пішініне қарап-ақ таниды. Қазір тәжірибелі атбегілердің қатары сиреп барады. Ал жас жігіттердің көпшілігі ат жаратудың әдісін жетік білмейді.  Осының салдарынан талай жүйріктің өліп  кеткен  кездері де болады. Ұланғайыр даланың, ұлан байтақ өлкенің ұлы тұрғындарының тыныс-тіршілігі, өмір-салты, өнер-білімі, әдет-ғұрпы, салт-санасы, салтанаты, бір сөзбен айтқанда бүкіл мәдениеті жылқы түлігімен тығыз байланысып жатады. «Сол себепті де қазіргі жастар арасында жылқы малына деген қызығушылық жойылмауы тиіс».   Адам атбегі бола бермейді. Ол бірінші қанмен тарау керек және сол атқа деген сүйіспеншілігі жоғары болу керек. Егер аттың жанын толық түсінбесең,  оның арты жақсылыққа апармайды. Неге десеңіз, астындағы жануарын түрлі қиыншылыққа әкелетіні сөзсіз. Ал аттың бәйге болатынын тану да бұл үлкен қасиет.

2.Ат баптау

Ат баптау — бәйгеге қосар атты жарату, күйіне келтіру. Қазақтың көреген сыншылары, көзіқарақты атбегілері кез келген атқа ден қоймайды.

 

3

Алдымен оның тұқым-тегіне, бітім-нышандарына назар аударып, көңілінен

шықса ғана баптап, күйін табуға кіріседі. Жақсы жылқының бойынан құмартып қайталайтын белгілері мынадай болып келеді: омыртқасы шығыңқы бітеді, кең тынысты, сағақты болып келеді, тұсарлығынан адырая көрінетін жуан сіңірді оңай аңғаруға болады, томардай болып біткен шоқтығы да көзге бірден түседі, тұтаса біткен кең кеудесі сирағын қысқа сияқты көрсетеді. Білгір атбегілер жүйрік аттың тісіне дейін қарап,

егер күрек тіс қатары мен азу тіс қатарының арасындағы кетік алшақ болса, оны да жақсы қасиеттің бір нышанына балайды. Шын жүйрікті мінез-бітіміне қарай да тануға болатын алуан түрлі ұғымдар бар. Атты суытқанда артқы екі аяғына кезек-кезек салмақ салып, тұяғының ұшын ғана тіреп тұратын қасиетін атбегілер жақсы белгіге санайды. Аттың аяғы әлді болса ғана бір аяғына салмақ салып, тезірек тынығуға мүмкіндік алады. Немесе, жайылса желдеп жайылатын, су ішсе судың тұнығын қуалап ағысты өрлей ішетін, оттаса көк-құрақты қомағайлана қарбытып, дәл түптен қауып оратын, жетектесең ботадай елпілдеп соңыңнан еретін жетекшіл мінезін нағыз атбегілер хас жүйрікке тән қасиетке балаған. Міне, осы сияқты жылқының толып жатқан қасиет белгілеріне көңілі толған атбегі әрі қарай таңдаған пырағын баптауға кіріседі. Егер құлын кезінен көзі түссе, желкесін ноқтаға қидырмай, желіде шырылдатпай еркін жетілуін қадағалайды. Тіптен, тай, құнанында да иесіне үйірсек болуы үшін бас білдіріп қойғаны болмаса, жаншып мінбейді. Одан әрі, жылқының “мүшел жасы” делінетін дөненінде тарттырылады. Бестісінде баптауға кіріседі. Сәйгүлікті жарату үшін оны, ең алдымен, шабатын күйіне келтіріп алу шарт. Ол үшін, әрине еті ояздау келсе, біраз қоңдандырып, етін көтеріп алып барып жарата бастайды. Керісінше, ат семіз болса қызылмай, қанжілік етіп алмай, бірте-бірте баппен арытады. Мыс., семіздігі үш-төрт елі шығатын атты сартап етіп, бабына түсіру үшін кемінде 25-30 күн қажет.

 

4

Күніне 15-20 шақырым жер жүріп келіп, 4-5 күнде бір таңасырып отырған

жылқы қалаған бабыңа түседі. Осы тұста қазақы жылқының ішінде әр түрлі жаратуды сүйетін жылқылардың болатынын ескерте кеткен жөн. Бірі тоқжарау күйінде шабысын түзейді. А. б., түптеп келгенде, атты шынықтыру деген сөз. Атты жүгіртіп, желдіртіп, аяңдатып жарату, ең алдымен, тынысының кеңейуіне, сіңірінің бекуіне, тұла бойын ауырлатқан ащы тердің шығуына мүмкіндік беруі.

    3.Атбегілік – ата кәсіп.

Жылқыны ердің қанатына балаған қазақта төрт тұяғын тең басқан толағай тұлпарлар аз болмаған. Солардың ішінде бүгінге аңыз болып жеткен, әйгілі Ақан серінің жан серігі, Ілияс Жансүгіровтей тұлғаның поэмасына арқау болған айтулы тұлпар — Құлагердің орны бір бөлек. Құлагерді баптаған әрине, атбегі — Ақан сері.
Атбегілік — ұлттық спорт түрлеріне жатады. Биылғы жылдан бастап ұлттық спорт түрлерін дамытуға белгілі көлемде қаражат бөлінетін болды. Ол заңда қарастырылып, бекітілді.

Жылқы атасы – Қамбар.  Халықтың жылқы мен достасуы осы екінші кезеңде басталады. Жылқы алғаш күш көлігі болғаны мен келе-келе қашса құтылатын, қуса жететін, яғни адамға қажетті жәрдемші ретінде пайдаланылады. Қазақы ұғымда жылқының пірін Қамбар ата деп атайды. Қамбар ата туралы халық арасында әр-түрлі дерек бар, аңыздарда Қамбар ата есімі Мұхаммед с.ә.у. пайғамбардың күйеу баласы Әзірет Әлінің атбегі болған Ганбар есімді тарихи тұлғамен байланыстырылады. Біреулер Қамбар батыр жырының кейіпкері Қамбар батырды атайды, бірақ Қамбар батыр қалмақпен соғысты дейді олай болса Қамбар батыр 16-17-ғасырда өмір сүрген болып шығады. Мүмкін Қазақ халқы Түркілер қаумынан бөлініп хандық шаңырағын көтерген сәттен жылқы малының пірін Қамбар ата деп мойындау басталған шығар. Себебі Қамбар ата жылқының пірі

5

 

болып Түркілер дәуірінде қолданған болса Түркі тектес халықтарда

осылай  деп қабылдаған болар еді. Олай болса Қамбар батырдың жылқының пірі болуға толық құқы бар. Сайын далада ұшқан құспен, даланың бөкені, киігі мен жарысып өскен халық үшін атқа мініп жауға шапқан адамнан артық керемет болған емес. Сондықтан халық атқа мініп елін жаудан қорғаған ерін, жел жағына пана болған азаматын, ас-ауқатына себепші болып қарнын тойғызған әкесін пір тұтуы көңілге қонымды ғана емес қолайлы жағдай.

 

  1. Шабандоз

Шабандоз — ат бәйгесіне қатысатын спортшы. Шабандоз төзімді, епті, атқа жақсы отыратын болуы керек. Шабандоз бәйге басталардан бұрын дәрігерлік бақылаудан өтеді де, денсаулығы туралы анықтама қағазын төрешілер алқасына тапсырады. Шабандоздың киімі жеңіл, ықшамды болуы қажет. Қолына жұқа қолғап киіп, жеңіл қамшы ұстайды. Кеудесі мен арқасына нөмірі жазылады. Шабандозға көбіне балалар мен жасөспірімдерді даярлайды. .[1]

      Бәйгеге ат қосқанда шабандоздың да бұлжытпай орындайтын тәсілі бар. Ат үстіндегі адам алдымен жануардың тілін түсінуі керек. Қызбалыққа салынып, аттың өкпесін қысып, тебінбейді. Қай жерде қамшылап, қай маңда ат басын ірку керек екенін есінде ұстағаны жөн.  Топқа кіргенде сақтық танытпаса, бір біріне тиген тұяқтар астыңдағы аттың тұяғын сындырып жіберуі мүмкін. Ағылшын арғымақтарының  мойны қатты, әп дегеннен алып кетеді. Қосымша 4.

Мен 6 жасымнан бастап атқа мінемін. Маған атам үйреткен. Мен атамның баласымын. Атам атты ерекше жоғары бағалайтын жан. Өскенде менде атам секілді ат ұстап, бәйгеге жарататын болам. 2009 жыл алғашқы жеңісім Қосымша 5.

6

Шаршы топта мәреге бірінші келгенім. Қосымша 6.  Сол жарыста бірінші келіп, атамды қатты қуантқаным бар.  Ауыл арасында өтетін жай жарыстарға және үлкен додаларғада қатысып тұрамын. Атам айтатын атқа мінген баланың денсаулығы мықты және шымыр азамат болып өседі – деп. Рас екен. Атам маған үнемі «Атың озсын!» — деп бата-тілектерін айтатын. «Қазақ халқы — дана халық» — олай айтуымның себебі,  атадан балаға, ұрпақтан – ұрпаққа қазақ дүниесінің байлығын ерекшелейтін керемет дүниелер қалдырды.

5.Жылқы зауыты

“Асылжан — агро” шаруашылығы

Қожайыны: Әбілдинов Мейіржан Хамзеұлы  2008 құрылды.

Шамамен 30 астам таза қанды, асыл тұқымды аттар шоғырланған  (ағылшын, араб, ахалтеке)

Жылқы зауыты – тұқымдық, спорттық, міністік және жегіс жылқыларын өсіретін арнайы шаруашылық.  Жылқы зауыты жылқының асыл тұқымдарын сұрыптап, жақсартып, жаңа тұқымдарын шығарады. Сонымен қатар асыл тұқымды жылқыларды қолдан  ұрықтандыруды, алынған тұқымдарды сатуды, таратуды ұйымдастырады. 20 ғасырдың бас кезінде Қазақстанда алғашқы қазіргі типтегі жылқы зауыттары ашылды. Қазіргі кезде 13 жылқы зауыты жұмыс істеуде.

Антисар (Ғажап) Әкесі- Ансон, Шешесі-Тисара 05.04.2005 ахалтеке Қосымша -1.

Алғашқы бәйгісінде Жаңаарқа ауданындағы “Кәсіпкер. 1-орын алды 30 шақты ат ішінен”

Барышня (Шават-әкесі, Березанка-шешесі) 2001.24.03 туылған. Ағылшын аты 2 құлындады, Құлындары баптау үстінде

Қазақсттанның ең мықты аттардың бірі болып, Қызыл кітапқа енген

Жезқ.қаласында өткен жарыста 1-орын алған 42 шақырымдағы 45-тық градус.өткен жарыста Қосымша – 2. Қосымша -3.

      7

 

 

  1. Ахалтеке жылқысы.

 

Ахалтеке жылқысы. Бұл тұқым араб жылқысынан бұрын шығарылған және ең ескі тұқым болып саналады. Ол осы күнгі түрікмен жылқысынң ұрпағы. Ахалтеке жылқысы Түркмен республикасындағы жылқылардың негізгі түрі. Бізде сол тұқым Жамбыл облысындағы «Луговой» жылқы заводында, республикамыздың кейбір колхоз-совхоздарында өсіріледі. Күй талғағыш, сымбатты, әсем келеді. Басы ашаң, мойны ұзын, тік (кейде бұғы мойындысы да кездеседі), шоқтығы биік, арқасы жұмсақ, жоны ұзын, тұтас сауырлы, жіліншіктері жіңішке, топайлары дөңгелек, тұяқтары берік. Артқы аяқтары қайқылау, терісі жұқа, жалы жібектей жұмсақ болады. Басқа жылқыдай емес жайылымда баққанды ұнатпайды, қатты суықты көтере алмайды, сүйектері жұқа жаратылған. Ал жазғы шөл, шөлейт жерлерге мініске өте төзімді, жүйрік болады.[5]

 

Қорытынды.

Атбегілік ата кәсіп екеніне  атамның жанында жүріп толық көзім жетті. Атты баптау  үшін  қажет нәрселер, оны табудың жолдарын меңгердім десем артық болмас. Атбегілік табыс көзі еместігін білдім. Ол — ата  кәсіп. Асыл тұқымды жүйрік атты баптаудағы “Асылжан — агро” шаруашылығының атбегі заманауи тұрғыда баптаудың қыры-сырын Әбілдинов Әміржан ағадан  көріп, біраз мағлұматтар алдым. Атбегілік  өнердің дайындық пен біліктіліктерін жоғары болуы керек екенін білдім.

“Асылжан — агро” шаруашылығының  таза қанды тұлпарларды  баптаудағы “Ең үздік атбегі”  тәжірибесін толық игердім.  Жоба арқылы қазақтың атбегілік өнері  даму үстінде екенін көрсеттім.  «Бабы келмеген жүйріктің бағы байланады» — деген тоқтамға келдім. Әр сәйгүлікке ерекше күтім мен жоғары дәрежеде атбегілік тәжірибе керек екеніне көзім жетті.

Алдағы уақытта менде осы ағаларымыз сияқты ата кәсібімізді дамытып, атбегі болып, Қазақстанда қазіргі заманға сай ағылшын тұқымдас таза қанды аттар сатып алу сияқты  жұмыстар, жобалар жүзеге асырамын.

Сыны келіскен сәйгүлікті нағыз  атбегілер жаратып-баптап бәйгеге қосады. Жақсы дайындықтардың жемісі ретінде жүлделі орындарға ие болады.

Өзінің алдына жан салмай баптап отырған жылқыларымен таныстырғанда Әміржан ағаның осы жылқыларға деген махаббатын ерекше сезіндім десек артық айтқандық емес.  Баптаулы аттары атбегінің өзіне де ерекше құрмет көрсететіні айқын білініп тұрды.

Таза қанды тұлпарларды  баптаудағы қазақтың атбегілік өнерін әрі қарай дамытамын сонымен қоса,  қазақ халқының атбегілік өнерінің беделін  арттырамын.  Мен де атам  және Әміржан ағаларымыз сияқты  атбегі болып,   жүйрік аттарым көп болып,  атбегілік өнерін әрі қарай дамытуға өз үлесімді қосамын.

 

9

Қолданылған әдебиеттер:

 

  1. «Қазақ спорты» газеті №36 10 қыркүйек 2013 жыл
  2. «Қазақ спорты» газеті №35  3 қыркүйек 2013 жыл
  3. Қазақстан «Ұлттық энциклопедия» 1- том
  4. Қазақстан «Ұлттық энциклопедия»   4- том
  5. Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет