Жел жылдамдығы.

86

Жел жылдамдығы.

 

Жел жылдамдығы – желқондырғысының энергия өндіруіне әсер ететін маңызды өлшемі болып табылады. Желдің үлкен жылдамдығы ауа массасының ағынының көлемін үлкейтеді. Жел энергиясы жел жылдамдығының кубына тура пропорционал өзгереді. Ендеше, ротордың кенетикалық энергиясы жел жылдамдығын екі есе үлкейткенде 8 есе артады. Мына төмендегі кестеде жел жылдамдығының жел энергиясына тәуелділігі көрсетілген. (құрғақ  ауаның ты-

ғыздығы – 1.225 кг/м³, атмосфералық қысымның шамасы 760 мм.сын. бағанасы кезіндегі қалыпты жағдай).

 

 

 

           м/с           Вт/м²
              1              1
              3              17
              5              77
              9              477
             11              815
             15              2067
             18              3572
             21              5672
             23              7452

 

 

 

Энергия мөлшері мына формуламен есептеледі:

 

Еĸ=ρυ³/2

 

υ-желдің жылдамдығы ,

ρ-ауаның тығыздығы

 

Энергия өлшем бірлігі ретінде (В/м²) алып отырмыз. Табиғи жағдайларға байланысты, желдің жылдамдығы да өзгеріп отырады. Желқондырғылардың конструкциялары жел жылдамдығының 3-30 м/с диапазон аралықтарында жұмыс істейтіндей етіп жабдықталған. Үлкен дауылдар желқондырғасын бүлдірмеу мақсатында, үлкен желқондырғысын тежеуіш механизммен жабдықтайды. Кішкентай желқондырғысы жел жылдамдығы  3 м/с  кем болған жағдайда жұмыс істей береді.

 

 

 

Жел жылдамдығының шкаласы:

 

Жел жылдамдығы, м\с. Жел түрлері
0-1.8 Жел жоқ кезде
1.8-5.8 Әлсіз
5.8-8.5 Қоңырсалқын
8.5-11 Әдеттегі
11-17 Күшті
17-25 Өте күшті
25-43 Теңіз дауылы
43 – тен жоғары Құйын дауыл