Жер пішінінің кедір-бұдырлығы.

Жер пішінінің кедір-бұдырлығы.

 

Жердің   кедір – бұдыр құрылымы мен ондағы өсімдіктер жел жылдамдығы-

ның төмендеуіне ықпалын тигізеді. 1 км. жоғары қабатта кедір – бұдыр желдің жылдамдығына әсерін де тигізбейді. Жел жылдамдығының кемуі, атмосфераның төменгі қабаттарында жел ағынының жер бетінің кедір – бұдырының үйкелеуінен туындайды. Жел жылдамдығы орман –тоғайлы аудандарда, үлкен қалалы жерлер-

де кемісе, ал сулы аудандарда, аэропорт территориясында жел жылдамдығы баяуламайды. Үй, ғимараттар,  орман – тоғайлар және басқа объектілер жер жыл-

дамдығын баяулатып қана қоймайды, сонымен қатар турбулентті ағыстар туғызады.

Желқондырғысын орналастыру үшін, мамандар сол аймақтың жарамды-

лығын бағалай отырып, жер бетінен кедір – бұдырын классификациялау үшін жел потенциалын енгізді. Мысалы, жер бетінің кедір – бұдырын жоғары класс ретінде теңіз беті есептелінеді.

Жер бетінің кедір – бұдыр классификациаларын төмендегідей бағалаймыз.

 

  1. 0 – су беті ;
  2. 0,5 – аэропорт ашық алаңы ;
  3. 1 – ашық ауыл шаруашылық алқабы ;
  4. 1,5 – алыс ораласқан үйлерден тұратын ауыл ;
  5. 2-2,5 – үйлері бар, аздаған ағаштары бар ауыл ;
  6. 3 – поселок, үлкен ауыл ;
  7. 4 – үлкен қалалар.

 

Жел ығысуы деген түсінік бар, ол жер бетіне жақындағанда, жел жылдамдығының өзгерісін (төмендеуін) сипаттайды. Жел турбинасының диаметрі үлкен болып, мұнараның биіктігі онша үлкен болмаса, жел ығысуы кезінде жоғары позицияда тұрған қалақшаның жылдамдығы жоғары болып, төменгі позициядағы қалақшаның жылдамдығы төмендеп, желқондырғысының бүлінуіне әкеп соғады.