Ақын Шөже Қаржаубайұлы туралы Рақым немересі Ақпанбайұлы Шәженнің естелігінен:

46

Ақын Шөже Қаржаубайұлы туралы Рақым немересі Ақпанбайұлы Шәженнің  естелігінен:

 

-Мен, Ақпанбаев Шәжен 1925 жылы туғанмын. Руым тобықты, оның ішінде атамыз Ақсары боламыз. Бөртебай көпес деген арғы үлкен атадан тараймыз.

Менің әкем Ақпанбай – үлкен әкем Рақым деген кісінің мазарының жанында. Рақым әкем менің 2-3 жасымда қайтыс болыпты.

Біздің негізгі қыстауымыз Орта Дересін болады. Рақым дәулетті малға бай адам болған. 12-13 адам ұстап, қәзіргі «Әлібек» деп аталатын тоғанды өзеннен бастап Балқашқа қарай 15-16 км жерге тоған қазып, егін салып күзде Орта Дересінге көшіп, мұз қата  Талдықорған жаққа астық, балық артып қыста саудамен айналысып, жазда келіп егін, малмен шұғылданған.

Рақым  үлкен әкем әлді, аухатты –  дәулеті бар кісі болған. Қырғыз елінен оның ішінде «Нөкіс» деген атадан Игілік ұста деген кісінің қарындасына үйленеді.  Қайыншылдап жүріп, мал бағулы, егін салуы болған соң, Қырғыз еліне, 7 ауыл дейтін қара руына, Қарқаралы жағына, Семейге дейін қыдырып жүріп, Шөженің тоқтасқан, жағдайының төмендеген шағында кез  болып, ауылдағы Шыбыке шешен, Шалхармен айтыстырып, еріккенге ермек жасау үшін елге қолына әкеледі.  Бұл ақын Шөже  келер жылы  қайтыс болған. Қазіргі өзі жатқан, ол үш ата Әрін, Шөкей, Шыбыке, Шалхар туыстарының, немерелеріне соққан  бейіттің Балхаш  жағындағы қабырғаның сыртына оңаша жерленген.

Бұл туралы 1940-1941 жылдары мен Балхашта 5-6 класта оқығанда әке – шешем  Қаратал совхозында тұрған. Мені оқуға, не демалыста келгенде өгіз арбамен тасып жүріп, Әлібек тоғанының үстімен  Әуезбақы деген жермен жүргенде, жолшыбай бейітке соғып дұға жасап жүретінбіз. Сол уақытта ұлым есіңде жүрер біздің бар жақын ағайындар үлкен әкең, шешең осында. Мына сыртындағы оңаша жатқан руы қырғыз Шөже деген. Ағайынмен дауластырып әңгіме үшін әкеліп едім. Қайтыс болған соң осы араға оңаша жерледім деп үлкен әкең айтқан деп, өз әкем 4-5 рет өткенде жолда дұға оқып жүріп айтқаны есімде еді. Кейінде 1950-1953 жылдарда машинамен  өткенде жол – жөнекей  соғып жүрдік.  Менің Шөже ақын туралы білетінім осы.

Ал, «Қозы Көрпеш – Баян Сұлу» жырын Шөжеден ауылдағы малшы болған, Молдабаев Сламбек жаттап алып, ел арасында айтып жүргенін естідім. Кейіннен С.Молдабаев Ақпанбай әкемнің Несібелді деген қарындасын алды.