«Ғ.Мүсірепов — әлем картасында» (Виртуалдық сырттай саяхат, видео- презентация)

 

 «Ғ.Мүсірепов — әлем картасында» (Виртуалдық сырттай саяхат, видео- презентация)

Жуырда біз, балалар кітапханасына жиі қатысатын оқушылармен кітапхана директоры және сынып жетекшісі  Ғалия Майданқызы мен Жамбыл ауданының мұражайларын аралап қайттық. Мұражайларды аралап, қызықтау бізге бір үлкен әсерін тигізді.Ол Иван Шухов, Сәбит Мұқанов және Ғабит Мүсіреповтың мұражайлары еді.

Біз Иван Шуховтың өзі туып өскен үйінде де болып қайттық. 1986 жылы Пресновкада Иван Шухов тұрған үй мұражай ретінде қалпына келтіріліп, жазушының 80 жылдық мерейтойына тарту етілген екен. 1977 жылы дүниеден өткен қаламгерге жерлестері көрсеткен құрметтің бірі болыпты. Жазушы сол үйде 1963 жылы Алматыға қоныс аударғанша тұрып, тамаша шығармаларының бір шоғырын осында жазыпты.Ол үйде И.Шуховтың жатқан төсек-орны, қолданған заттары, киім-кешектері, ыдыс-аяқтары, жазуға арналған арнайы машинасы әлі күнге дейін сақтаулы екен. Және жоғарғы қабатта жазушының өз бөлмесі орналасқан. Бұл бөлмеге жіңішке ұзын сатымен тек қана Иван Шуховпен оның қызы ғана кіретін болған. Онда ол өз шығармашылығын көлдің сұлулығына қарап отырып жазған. Сондағы оның сөздерінен үзінді: « Мен бұл өлкенің інжу қөлдерін және оқшау орманындағы ақшыл қайыңдарын терең де шынайы махаббатпен сүйемін »- деген.

 

 

Осы өңірде орналасқан мұражайлардың бірі бұл Сәбит Мұқановтың үйі. Бұл үйде жазушы жеті жасынан жетім қалып ағасының қолында өскен. Мұражайда ең алдымен көзге түсетін « Құран» кітап, тасбиық, домбыра. Бұл Мәрьям апайдың немере ағасы Шұғайыптың құраны мен тасбиығы. Ал домбыра, Сәбит Мұқаовтың жеке заттарының бірі болған екен. Және де бұл мұражайда жазушының студенттік өмірден қалған фотосуреттері, ең алғаш жарық көрген кітаптары, достарына өз қолымен жазып кеткен жолдама хаттары, өзі киген киім-кещектері, 50 – жылдардағы жазуға арналған машинасы әлі күнге сақтаулы екен. Мұражай қабырғаларының бірінде, үлкен тақтада жер шарының картасында  Сәбит Мұқановтің жұмыстарының қай  елдермен байланысты екенін көрдік. Олардың бірі: Испания, Түркия, Қытай және т.б.

 

Және XX-ғасырдың басында жасалған «Табақ», « Астау», «Қымыз құятын ожау», « Насыбай үгетін уккіш », «Тегене» көзге түседі.Сәбит атамыздың сыйлықтарының бірі, 1956 жылы Мәриям апайға Қытайдан алып келген төсекжапқыш, жазушының никельді керуетінде жабулы тұр.Ал кітап жинақтарынан 1933 жылы Араб қарпымен жазылған поэмалар жинағы, 1967 жылы, Петропавл қаласының « Құрмен кітабы », 1970 жылы ағасы Шәкенге сыйлаған « Аққан жұлдыз»  кітабы, мұражай төрінен орын алыпты.

 

Қазіргі уақытта мұражай барынша жаңартылып, қажетті заттармен қамтамасыз етілуде. Ауласы жасыл шөп пен гүлге толы,тіпті келген қонақтарды қарсы алып, дем алдыратын мұражайдың «Қонақ үйі » де бар екен. Ауласы жасыл шөп пен гүлге толы демекші, мұражай жетекшілері Қазақстанның 20 жылдығына орай, «20 жыл Қазақстан» деген сөзді гүл мен шөптен жазыпты.

 

           

 

            Келесі мұражай бұл ауданымыз атын иемденген Ғабит Мүсірепов мұражайы.  Ғабит Мүсіреповтің 110 жылдығы келе жатыр.

            Бұл мұражайды Ғабит Мүсіреповке арнап салдырған екен. Оның директоры Ғ.Мүсіреповтың  інісі Әшімнен туған баласы  Досбол Махмұд. Әшім мен Ғабит атамыз ағалы – інілі болыпты. Мұражайда жазушының өз жанұясымен түскен фотосуреттері, студенттік өмірден қалған заттары, киім- кешектері сақтаулы екен. Және біз бұл мұражайға деген ізгі тілектерімізді, білдіретін алғысымызды арнайы кітапшаға жазып қалдырдық.

 

 

Халық қамына жұмыс істеген қаншама ақын – жазушылардың аттары ақталып, еңбектері қайта жаңғырды. Жері үшін қызмет еткен ерлердің орасан зор жұмыстарын , ел болашағы жастардың бойына сіңіру барысында біз барған мұражайлардай мәдениет мұралары бой көтерді. Кітапхана атынан біз сынды балаларға арналып жасалған осындай сәтті сапардың куәгері болғанымызға мен өте қуаныштымын. Себебі ел еңсесін көтерген ержүрек бабаларымның басына бардым, кезіндегі баспаналарын көрдім. Мұның барлығы бізге үлкен өнеге болды.