Махаббаттан айрылған

32

 

Махаббаттан айрылған

 


Аспандай биік арманға,

Қол создым бұл жалғанда.

Сезімнен әбден жүдедім,

Екі айырыылып жүрегім.

 

Жан дүнием қобалжи,

Сүйіп едім біреуді.

Күйініп енді көңілім,

Жүрегім шоққа тірелді.

 

Бар рахатын, қызығын,

Көре алмадым өмірдің.

Қорқыныш қонып кеудеме,

Бойымды билеп, діріл – мұң.

 

Жұлдыздай жарық арманым,

Шындық па артта қалғаның.

Енді міне, отырып,

Жалғыздық әнін салғаным.


БӨЛІСУ
Алдыңғы жазбаАру арман
Келесі жазбаСезім