Заман талабы

Заман талабы

 

  І


Заман талабы, не болды бүгіндері,

Қылмыскер, нашақор болып жүру ме еді.

Қатыгездікті талап ете ме заманымыз,

Кірлегенде күннен – күнге-ақ ақ арымыз.

 

Мүмкін, сірә, айналармыз жауызға,

Боқтық сөзі түспейтұғын  аузынан.

Талабың сол, сыйластықты ұмыту ма,

Болайық па есалаңдар жын қуған.

 

Әлде біздер намысымызды сатармыз,

Мас күйге еніп, әрбір жерде жатармыз.

Мүмкін тағы, ұятты да жоғалтып,

Пара алармыз, тұрмыс – жайды оңалтып.

 

Қастандықты көбейтерміз тағы да,

Шықпас ешкім, бүгін әлсіз жағына.

Қолы қысқа кедейлерді қорлармыз,

Тас жүректер атанармыз, онда біз

 


Сабыр жоқ, асығады жамандыққа,

Сол ауру болғаны ма, маған жұққан.

Көбінің жүздерінде өтірік күлкі,

Махаббат, сезім деген естен шыққан.

 

 

 

 

 

ІІ

 

Талабы бұл заманның адамдықта,

Ақысын жеу өзгенің адалдық па?

Барлық білер ісі  күндеп, қорлау,

Осы біз, соғысу үшін жаралдық па?

 

Сыйлауды қысқа өмірде үйренбесек,

Берерміз, о дүниеде нендей есеп?

Достарды, бауырларды сатып кетіп,

Табармыз біз қолдауды неге жетіп?

 

Ақылды ойламасақ ерте кезден,

Безбүйрекке айналармыз дүние кезген.

Шындықты сүйремесек шың басына,

Жолайды ертең сенің кім қасыңа?

 

 

Ойлаудан бостандық деп, көңіл сәні,

Адасып талай ұшты, адам жаны.

Қол жеткізіп тіршілік тірегіне,

Кім бар еді, у сепкен жүрегіне?

 

Пара алып қор болған қаншамасы,

Қаншамасы қырылды, бір санашы.

Кім байыды,  біреуден еңбек ұрлап,

Суға кіріп, адам жоқ шыққан құрғақ.

ІІІ

Жаңадан бәрін де бастау,

Қиынға түсер, мүмкін бекінсек.

Ең бастысы, арыңнан аспау,

Кешірім алармыз, ертерек өкінсек.

Кеш емес әлі де,

Пердесін ашуға шындықтың,

Сабырмен қарасақ бәріне,

Көрерміз, сонда біз, кім мықты.