«Технология» пәнінен оқу бағдарламасы

281

 «Технология» пәнінен оқу бағдарламасы

 

 

  1. Түсінік хат

 

  1. Оқу бағдарламасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080 қаулысымен бекітілген Орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес әзірленген.
  2. Пәннің оқыту бағыты оқушыларды материалдық құндылықтардың заманауи өндірісінің негізгі технологиялық үрдістерімен таныстыруға, кейінгі кәсіптік білім алуға және еңбек етуге қажетті дайындықтарын қамтамасыздандыруға негізделген.
  3. Бағдарламаның мазмұны оқушының жеке тұлғасы, отбасы және қоғамның қажеттіліктерін, қазіргі заманғы педагогикалық ғылымының жетістіктерін ескере отырып белгіленген.
  4. Бағдарлама мазмұнының материалдарын меңгеру үшін келесі білім беру бағыттын қаратырып

1) қауіпсіздік техникасы және еңбекті қорғау;

2) ауыл шаруашылық өндірісінің техникасы мен технологиясы;

3) ағаш пен ағаш материалдарын қолмен және механикалық түрде өңдеу технологиясы;

4) металды қолмен және механикалық түрде өңдеу технологиясы;

5) сәндік-қолданбалы өнер элементтерін қолдана отырып, материалдарды көркем өңдеу технологиясы;

6) электротехника және электроника негіздері;

7) шығармашылық жобалау іс-әрекеті;

8) қазіргі заманғы өндіріс, техникалық және кәсіптік білім алу материалдарын оқытуды көздейді.

  1. Оқу курсының мақсаты – техника мен технология саласында оқушылардың заманауи өндірісінде алған білімі жүйесінің нәтижелігіне бағытталған функционалдық сауаттылығын қамсыздандыру, сонымен қатар, технологиялық ойлау қабілетін, болмысқа деген шығармашылық көзқарасын дамыту болып табылады.
  2. Оқыту міндеттері:

1) техника, технология және заманауи өндіріс негіздерінен жүйеленген білімді қалыптастыру;

2) құрылымдық материалдарды өңдеу технологиясы, жобалау іс-әрекеттерін іске асыру бойынша жалпы еңбектік, жалпы өндірістік және арнайы икемділіктер мен дағдыларын қалыптастыру;

3) технологиялық ойлау қабілетін және еңбекке деген шығармашылық көзқарасын дамыту;

4) оқып жүрген технологиялармен байланысты мамандықтар әлемі, еңбек нарығындағы олардың талап етілуі туралы түсініктерін қалыптастыру, өзінің өмірлік және кәсіби жоспарларын саналы түрде анықтауына ықпал ету;

5) еңбек ету және кәсіби іс-әрекеті үрдісінде эстетикалық, адамгершілік, экономикалық, экологиялық, дене және құқықтық тәрбие беру;

6) оқушылардың Қазақстан халықтарының ұлттық мәдениетіне, салт-дәстүрлеріне деген құрмет көзқарасын қалыптастыру.

  1. Оқыту барысында келесі пәндермен пәнаралық байланыс жүзеге асырылады: