Әбіш Кекілбай Тасбақаның шөбі

48

Сабақтың тақырыбы: Әбіш Кекілбай Тасбақаның шөбі

Сабақтың мақсаттары:

 

1) Білімділік: Әбіш Кекілбай туралы мағлұмат беру. Әңгімені мәнерлеп оқу және негізгі идеяны түсіне білуге дағдыландыру.

2) Дамытушылық:  Оқушылардың есте сақтау қабілеттерін қалыптастыру. Тілдік, сөздік қорларын молайту және өздерінің ой-пікірлерін жеткізе білуге машықтандыру.

3)Тәрбиелік:  Бала бойына жақсы қасиеттерді сіңіру. Қоршаған ортадағы тірі жануарларды аялауға, қорғауға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақты меңгерту.

Сабақтың әдісі:  Түсіндіру,  сұрақ-жауап, әңгімелеу, баяндау, ой қозғау.

Сабақтың көрнекілігі:  Ә.Кекілбайдың және тасбақаның суреттері. Тірек-сызбалар, топтамалар. Тыйым сөздер, жұмбақтар, сөзжұмбақтар.

 

ІІ. Сабақтың барысы:

 

  1. Ұйымдастыру кезеңі.
  2. Психологиялық дайындық.
  3. Оқушыларды түгендеп, зейінін сабаққа аудару.
  4. Үй тапсырмасын сұрау.

 

  • Балалар үйге не берілді?
  • Сағи Жиенбаевтың «Ұшып келем» өлеңін жаттап келу.
  • Туған жер мен елге байланысты 3-4 мақал жазып келу.
  • «Ұшып келем» өлеңін балаларға жатқа айтқызу.
  • Сұрақ – жауап алу.
  • Өлеңде кім туралы жазылған?
  • Ұшқыш көкте жүріп неге қызығады?
  • Сағи Жиенбаев қандай ақын?
  • Оның қандай өлеңдер жинағы жарық көрген?

 

Үй тапсырмасын қорытындылау.

 

 

 

ІV. Жаңа сабақ.

         Бүгінгі  сабағымызда Әбіш Кекілбайдың «Тасбақаның шөбі» әңгімесімен танысамыз.

 

Ә.Кекілбайдың өмірімен, шығармашылығымен, автор туралы деректер мен танысу, әңгімені түсініп оқу, негізгі идеяны аша білу болып табылады.

Әбіш Кекілбай 1939 жылы Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы, Онды ауылында дүниеге келді.

Ол – ақын, жазушы, аудармашы, қоғам, мемлекет қайтаркері.

Тұңғыш өлеңдер жинағы «Алтын шуақ» деп аталады.

Оның «Бір шөкім бұлт», «Үркер», «Дала балладалары» т.б. роман, повестері бар.

Біз бүгін Ә.Кекілбайдың «Тасбақаның шөбі» әңгімесімен танысамыз. Мәтінді мәнерлеп оқыту, мазмұнын түсіндіру.

 

Сұрақ – жауап алу

Қара бала келе жатып нені көрді?

Оның есіне халықтың қандай ырымы түсті?

Өздерің  тасбақа аузына шөп тістеп алған кезін көрдің бе?

«Шыбын жаны көзіне көріну» дегенді қалай түсінесің?

Мәтінді түсінгендерін анықтау үшін  «Бәйге» ойынын ұйымдастыру.

 

  1. Жаңа сабақты қорытындылау. Тасбақаға байланысты жұмбақтар шешу.

 

V І.   Балаларды бағалау.

 

V ІІ.  Үйге тапсырма. Ә.Кекілбай. Тасбақаның шөбі.

Мәнерлеп, түсініп оқу.

Тасбақаның суретін салу.