Солтүстік Америка халықтарының музыкасы Е.Хасанғалиевтің әні – «Анаға сәлем»

74

 

Сабақтың тақырыбы:  Солтүстік Америка халықтарының музыкасы

Е.Хасанғалиевтің әні – «Анаға сәлем»

Сабақтың мақсаты:

1.Оқушыларды Солтүстік Америка халықтарының орналасқан жері мен тұрмыс- салты, музыкасы және музыкалық аспаптарымен таныстыру. Композитор өмірі және шығармашылығымен, әндерімен таныстырып, үйрету.

2.Оқушылардың ой-өрісін кеңейтіп, шығармашылыққа баулу.

3.Оларға ана туралы ән үйрете отырып, ананы құрметтеуге, анаға тағзым етуге, мейірімділікке баулу.

Сабақта пайдаланылған  көрнекіліктер: Карта, композитор портреті, әндер жинағы, слайдтар.

І.Ұйымдастыру бөлімі.

ІІ.Үй тапсырмасы.

Оқушылар, бүгінгі сабағымызды бастамас бұрын, өткен сабақтарға шолу жасап көрейік. Бүгінгі ойнайтын ойынымыздың аты «Қызықты тоғыздық» деп аталады. Әр нөмірдің астында сұрақтар болады, соған балалар жауап береді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1-сұрақ.-Күй атасын ата.

2- сұрақ.- Күйлері сыршыл, сезімтал келетін күйшіні ата.

3- сұрақ.- Шертпе күй шебері кім?

4-сұрақ.- «62 тармақты Ақжелең циклын» барынша дамытқан күйші

5-сұрақ.- Жерлес күйші, композиторды ата.

6- сұрақ.- Қорқыт ата өнерін жалғастырушы, қобызшы кім?

7-сұрақ.- Құрманғазының шәкірті, күйші, композиторды ата.

8- сұрақ.- Тәттімбеттен кейінгі шертпе күй шебері.

9- сұрақ.- Күйші Сүгірдің шәкірті кім?

 

 

 

ІІІ.Жаңа сабақ.

Балалар, сендер қандай шет мемлекеттерді білесіңдер? Білетіндеріңді асықпай айтып шығындар.

-АҚШ

-Франция, Германия

-Англия, Бельгия

-Дұрыс айтасыңдар. Ендеше, бүгін Солтүстік Америка халықтарының музыкасымен танысамыз. Бұл мемлекеттің музыкасына тоқталмас бұрын, география пәнінен мәліметтер келтіре ктелік.

Солтүстік Америка – батыс шардағы құрлық. Жер аумағы (аралдарымен қоса есептегенде) 24,25 мың шаршы шақырымды алып жатыр. (Солтүстік Мұзды мұхит құрлығына тереңдеп еніп жатқан Гудзон шығанағы мен Атлант (Мексика шығанағы, Тынық Мұхит пен Калифорния шығанағымен) мұхитымен қоршалған).

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ертеректе Американың байырғы халқы көптеген үндіс тайпалары мен эскимостардан ғана тұратын. Қазіргі халық бұрынғы еуропалықтардың ұрпақтарынан және құл ретінде әкелінген африкалықтар мен жергілікті үндістердің араласуынан пайда болған. Онда адамзаттың белгілі үш нәсілдерінің өкілдері араласып кеткен.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

IV.Дауыс жатығуы. До мажор гоммасы. «Нота үйренеміз»

 

  1. V. Балалар, алда қандай мереке келе жатыр?

— 8-ші Наурыз – Халықаралық әйелдер мерекесі.

— Ендеше, осы мерекеге орай, ана туралы өз пікірлерімізді айтайық.

 

 

 

 

 

 

 

 

-Бүгінгі сабағымызда қазақтың атақты композиторы. Е.Хасанғалиевтің «Анаға сәлем» әнін үйренеміз. Композитор туралы шәкірттерге түсінік беріледі.

 

 

 

 

 

 

 

Әннің сөзін жазған – О.Иманғалиев. Әнін жазған – Е.Хасанғалиев. Әнді үйрету, құрылымын айтып, екпінін түсіндіру. Әнді хормен, жеке және топпен айту.

VІ.

 

І – қатарға                          ІІ – қатарға                            ІІІ – қатарға                  

Ана туралы мақалдарға      «Ана – өмір шырағы»        ана туралы 5 жол

Арналған газет шығару      деген тақырыпта газет       өлең шығару

шығару                   тапсырылады

 

 

3қатардың орындаған тапсырмаларын тыңдау.

VІІ. Ой – толғаныс: — Балалар, бүгінгі сабақта нені үйрендік? Кәне, соны ортаға салайық.

 

Не үйрендік?

 

Бағалау. Үйге 106-107 беттердегі мәнжазбаны оқу тапсырылады.