Отан – ана аясында

75

Сабақтың тақырыбы: Отан – ана аясында

Сабақтың мақсаты: музыка арқылы оқушыларды білімді, өнерлі болуға талпындыру. Музыка арқылы сыпайылыққа, әсемділікке тәрбиелеу. Ән – жырға деген сүйіспеншіліктерін арттыру, бұрын алған білік – дағдыларын одан әрі дамыту.

Сабақтың міндеттері: Балалардың музыкалық білімдерін жетілдіру. Отанға деген  сүйіспеншіліктерін  арттыру.  Көркемдік талғамдарын дамыту.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

  1. Сәлемдесу. Оқушыларды түгендеу. Назарларын сабаққа аударту.

 

ІІ. Өткенді қайталау.

Сыныпты екі топқа бөліп, 4 – сыныпта өткен материалдарға шолу. Үйренген әндерді еске түсіру.

  1. Балалар, 4 – сыныпта музыка сабағы несімен естеріңде қалды?
  2. Қандай әндермен таныстыңдар?
  3. Әндерді жатқа айта аласыңдар ма?
  4. Қандай композиторлармен таныстыңдар?

ІІІ. Жаңа сабақ

  • Бүгінгі сабағымыз алғашқы сабақ болғандықтан, ең әуелі біз 5 – сыныпқа арналған музыка оқулығымен танысып алайық. Мұқабасымен таныстыру. Шартты белгілермен таныстыру.
  • Отан – адамның туып-өскен жері, атамекені, ел-жұрты, тілі, мәдениеті,

салт-дәстүрі және әдет-ғұрып ерекшеліктері бар, белгілі бір халықтың  тарихи тұрағына айналған аймақ.

Ал біздің Сіздермен тұрып жатқан Отанымыз, атамекеніміз ол – Қазақстан республикасы. Дүниежүзінде біздің мемлекетімізден басқа көптеген халықтар, жерлер бар. Бірақ адамның туған анасы біреу болса, сол сияқты туған атамекені де біреу ғана болуы тиіс.

Мемлекеттік рәміздер. Ата Заң.

Туған жеріңнің табиғаты қашан да ерекше ыстық болады. Оның тауы мен тасынан, өзен-көлдерінен, тіпті құмы мен шөлдерінен де әсем әуендер естуге болады. Бір мезгіл табиғатқа шығып тыңдап көрші.

 

І . Ән үйрету.

«Атамекен» әні

Әнін жазған: Е. Хасанғалиев

Сөзін жазған: Қ. Мырза Әлі

 

І . Әнді анализдеу

  1. Әнді орындаған кезде қандай сезімде боласыңдар?
  2. Қалай ойлайсындар, бұл ән қай уақыттарда шырқалуы мүмкін?
  3. Композитор туралы не білесіңдер? Ол кісіні теледидардан көрдіңдер ма?
  4. Егер түстермен әндерді белгілеген болсақ, бұл әнді қандай түспен белгілер едіңдер?

 

І . Қорытындылау.

Сабаққа қатынасып отырған оқушыларды мадақтау.

 

І . Үйге тапсырма.

  1. «Атамекен» әннің сөздерін жаттау.
  2. Авторлар туралы мағлұмат.
  3. Түрлі-түсті қағаздан немесе картоннан дөңгелекшелер жасап әкелу.