« Ал,кәне, Әжелер» сайысы

126

«Қызғалдақ» балабақшасының мектепалды даярлық тобының ата-аналарымен бірлесіп өткізілген « Ал,кәне, Әжелер» сайысының бағдарламасы.

Жүргізуші:Басталды, міне ,тойымыз,

Ұнады ән мен ойымыз.

Наурыз бақыт әкеліп,

Тойға ұлассын тойымыз.

Мерекелік ертеңгілігіміз «Ал,кәне әжелер» сайысын бастаймыз.Алдымен әжелеріміз балабақшадағы немерелерімен ортаға шығады.

Ортадағы қоржыннан әжелеріміз реттік сандарын немерелерінің көмегі арқылы суырады.

№1.Нағима Уалиева——немересі Злихамен.

№2.Жания  Сапарова—-немересі Ақботамен

№3Жаңыл Сырымбаева—немересі Сырыммен

№4Алма Дүзбаева        —-немересі Фархат ,Парасатпен.

№5Күнсұлу Масаева——-немересі Айланамен.

 

Жүргізуші: Маған ақыл беретін,

Әжем менің асыл .

Сипап жақсы көретін,

«Құлыным» деп басымнан.

Ән: «Немерем»—орын: Ақбота.

Жүргізуші әжелерге сайыс шарттарын таныстырды және әділ-қазы құрамын сайлады.

Жүргізуші: Әділ-қазы береді,

Өздеріңе билікті.

Өнерде кім жеңеді,

Алады сол сыйлықты.

1 «.Шаңырағым-шаттығым»—Өзін, өз отбасын таныстыру.

 

Ән: «Қоғалыай—орынд.: Нұрхат,Назарбек,Нұрхан.

 

  1. «Ойлы болсаң озып көр»—Ырым-тиым туралы сөздер айта отырып,мағынасын айту.

 

Ән: «Қуанышым қазынам»—орынд:Мағжан,Айхан, Фархат

 

3 . «Өнерлі өрге жүзер» —өз өнерлерін көрсету.

 

Би: «Айгөлек» —Орынд:Бишілер тобы.

 

4  . «Шебердің қолы ортақ»—Қолөнер бұйымдарымен таныстыру.

(Өздерінің қолдан жасаған заттарын көрсету)

Ән: «Қызылқұмда ауылым» —орынд: Айлана, Назерке.

 

  1. «Ас адамның арқауы» —Ұлттық тағамдардың жасалу жолдарымен таныстыру. (Үйден пісіріп әкеліп көрерменге көрсету)

Ән: «Қазақтың дастарханы» —орынд:Ақтыныс.

Ағылшынша ертегіден қойылым: «Мысық пен тышқан» —ролдегілер: Нұрхан, Алмаз,Аилана.

  1. «Ескірмеген есті сөздер»—-Тиым сөздер мен мақал-мәтелдің жалғасын табу.

Би: «Адай» —ер балалар тобы.

 

Ән: «Көктем» —-Орынд: Әділхан,Дильназ,Жандарбек,Нұрсұлтан,Парасат.

 

Жүргізуші: Жақсылыққа үйреткен,

Жамандықтан шектейді.

Ертегі айтып беретін,

Әжеге ешкім жетпейді.

 

Қорытынды сөз: Әділ-қазыларға беріп,әжелерге атақтар беріп,марапатталады:

1Нағима әжеге  -« Өнегелі әже»

2Жәния әжеге- «Шебер әже»

3Жаңыл әжеге—«Балқаймақ әже»

4Алма әжеге—«Зерек әже»

5Күнсұлу әжеге –«Өнерлі әже» атақтары беріліп сыйлықтар ұсынылды.

 

Атырау облысы .Индер ауданы. Елтай ауылы. «Қызғалдақ» балабақшасы.

Балабақша әдіскері: Қарабалина Дина.