Ғажайып әлем елдеріне саяхат.

Ғажайып әлем елдеріне саяхат.

Сабақтың мақсаты: Балалардың көп ұлтты Қазақстан туралы білімдеріне кеңейту, халықтар арасындағы достықты нығайту, әр түрлі ұлттардың мәдениетті мен дәстүріне деген қызығушылықтарын арттыру, кез келген ұлттың адамына сыйластықпен, құрметпен қарауға тәрбиелеу.

Барысы: Психожаттығу.

Кел балалар ортаға

Қайырлы таң достарым!

Достарымды көргенде !

Қуана қарсы аламын!

Қолымыздан ұстасып!

Жылулықты алайық!

Тәрбиеші: -Біз қандай Республикада тұрамыз?

Балалар: Қазақстан Республикасы.

Тәрбиеші: Қазақ халқының өзінің ұлттық киімдері, тағамдары, салт-дәстүрлері, ойындары, рәміздері бар. Сендер Қазақстан Республикасының қандай рәміздерін білесіңдер?

Балалар: Ту, Елтаңба, Әнұран

Тәрбиеші :Бәріміз бірге еліміздің әнұранын орындайық.

Гимн орындалады.

Тәрбиеші: Қазақ жері туралы кім, не біледі екен?

Айдын: Қазақстан жері  кең байтақ. Біздің мемлекетік тіліміз-қазақ тілі.

Алия: Біздің Республикамызда 100-ден астам ұлт өкілдері тұрады. Қазақстандағы барлық ұлттар бір-бірімен дос, тату-тәтті тұрады.

Тәрбиеші :Біздің ортамызда да басқа ұлт өкілдері бар екен. Сіздер қай елден келдіңіздер, ұлттарыңыз кім? (Ресей)

Владислав: Здраствуйте дорогие гости. Добро пожаловать к нам в Россию.

Біз сендерге орысша билеп берейік. Ал енді біз Өзбекстанға баруымыз керек. Ол үшін сыйқырлы тастардан өтуіміз керек.

Шұғыла: Ассалаумағалейкум, хурматли мемонлар. Хош кепсизлер.

Біз сіздерге өзбек биін билеп береміз.Дос туралы мақал-мәтелдер айтылады.

Тәрбиеші: Жарайсыңдар! Өте тамаша енді, ұшаққа мініп өзіміздің Қазақстан жеріне, елімізге қайтып оралайық.

Тәрбиеші: Балалар, біз қаншама ғажайып елдер әлеміне саяхатқа барып келдік, көптеген ұлт өкілдерімен таныстық. Біз әлі бармай қалған қаншама елдер бар. Барлық ұлттар, елдер бір-бірімен  дос болып, тату-тәтті өмір сүруі керек.  Соғыс деген мүлдем болмасын. Елімізде тыныштық, бейбітшілік болсын. Балалар, әрқашан да достықтарының берік болсын! Енді бәріміз бірге «Қара жорға» биін орындайық.