Менің моншағым

115

Сабақ :  Мүсіндеу

Сабақтың  тақырыбы : Менің  моншағым

Сабақтың  мақсаты :

1.Ермексаздан көлемі  әр түрлімоншақжасау арқылы  қолдың  ұсақ  қимылдарын дамыту.

2.Байланыстырып сөйлеу  дағдыларын дамыту.

3.Еңбекқорлықа ,істі аяғына дейін жеткізе  білуге әрбиелеу.

Әдіс тәсілдері :Түсіндіру,көрсету,илеу,созу,шымшып тарту,домалақтау.

Керекті  құралдар  : Ермексаз,картон үлгісін,суреттер.

Сабақ барысы :

Ұйымдастыру кезеңі :

  1. Шаттық шеңбері
  2. Қайырлы таң,жер –ана.
  3. Қайырлы таң-көк аспан
  4. Қайырлы таң,достар.
  5. Қайырлы таң,апайлар.

–Бойымызды тік ұстап   әдемі болып отырамыз.

Балалар,жылдың  қазір  қай мезгілі :

-Күз мезгілі.

— Күз мезгілінің  ерекшеліктері қандай?

-Күн салқын,жаңбыр жауады,жапырақтар  сарғайып,желмен ұшып жерге  түседі.

-Күз мезгілінің ай аттарын  атайық ?

-Қыркүйек,қазан,қараша.

-Қазір қандай ай ?

-Қазан.

-Аптаның екінші күні.

-Күн сейсенбі

-Бүгін бізде мүсіндеу іс -әрекетінен моншақ жасаймыз.

-Енді ,балалар  наларыңа сыйлыққа моншақ жасайық?

-Балалар мүсіндеу іс-әрекетінде заттарды мүсіндегенде,қандай әдістер қолданамыз.

— «Илейміз» екі алақанға салып.

-«Созу» тарту

-«Домалақтау» — екі алақанға салып,айналдыру.

-Бүгін  домалақтау  әдісімен  моншақ жасаймыз.

-Ескерту :  Балалар  ермексазды  ауызымызға  салуға болмайды. Онда зиянды заттар бар.

   -Енді,балалар,қандай моншақ жасадыңдар?

-Арман анасына қызыл түстен үлкен моншақ жасапты.

-Жансая  кішкене сары  моншақ жасапты.

-Жарайсыңдар ,балалар !

-Өте жақсы жасадыңдар

 

 

Сергіту  сәті

Тербеледі  ағаштар,

Алдымнан жел еседі.

Кіп-кішкентай ағаштар,

Үп-үлкен боп  өседі.

-Бүгін  мүсіндеу іс-әрекетінен  не жасадық?

-Моншақты  мүсіндеп  үйрендік !

 Қорытынды :

-Балалар,сендерге бүгінгі  мүсіндеу іс-әрекет  ұнады ма ?

-Біз не жасадық ?

-Анамызға  моншақ жасадық.

-Өте жақсы,балалар.

-Барлықтарыңа рахмет!

-Сау  болыңдар !