Ұннан жасалатын тағамдар.

171

 

Тақырыбы:  Ұннан  жасалатын  тағамдар.

Мақсаты.

Білімділік: Балаларға  ұннан жасалатын тағамдар  жайында қарапайым түсініктер беру, нанның  қайдан  шығатыны жайындағы  ұғымдарын  тиянақтау.

Дамытушылық: Ұннан  жасалған тағамдарды  мүсіндеу, іскерлік-дағдыларын  қалыптастыру.

Тәрбиелік: Асты  қадірлеуге  тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: Ұннан жасалатын  тағамдардың  суреттері.( Муляждар) үлгі.  Отбасы мазмұнды суреті.Мүсіндеуге  қажетті  құралдар.

Әдіс-тәсілдер: сурет бойынша әңгіме құрау,көрнекілік   ,түсіндіру, жасалу жолдарын көрсету,есу,жалпақтау, домалақтау т.б.

Сөздік жұмыс: Ұлттық  тағамдар атаулары және көркем шығармалар  мазмұнында кездесетін кейбір сөздер.

Алдын-ала жүргізілетін жұмыстар: сурет көрсетіп әңгімелеу.Көркем  шығарма  оқу.

Сабақтың  барысы: Тәрбиеші  сабақты «Отбасы» суретін әңгімелеуден бастап, дастархандағы тағамдармен  байланыстырып,- «Нан қайдан шығады?» ертегісін еске түсіріп қайталайды (қанша кейіпкер,тек аттарын атап өту) . Наның көп еңбекпен келетін  түсінген боларсыңдар. Біз де бүгін еңбектеніп, ұннан жасалатын тағамдарды мүсіндеп үйренейік. Ол үшін, маған  ұннан қандай тағамдар жасалатынын алдымен айтып беріңдерші .Балалар : нан, бауырсақ, шелпек,таба нан,жайма  нан деп атап береді. Олардың пішіндер қандай болады? Дөңгелек,сопақша,тік төртбұрышты (кірпіш тәрізді ) . Нанды жерге  тастауға болмайды! Нан  салатын  ыдысты жасау, әдіс-тәсілдерді еске түсіру. Кім қандай нан жасағасы келеді? ( әр бала ойланады, бірнеше баладан сұрайды) . Таба нанды қалай жасауға болады?

-ермексаздан кесек бір бөлікті алып алақан арасына салып домалақтап, оны басып, жаншу арқылы жалпақтау, ортасына бас бармақпен айналдыра басып ішіне қарай батыру, таяқшамен шұқып бедер түсіру;

-бауырсақты домалақтап және жалпақтап алып кесіп, қиықша бауырсақ жасау;

-шелпекті-домалақтап алып бастыру, жалпақтау;

-балаларға әдіс-тәсілдерді еске түсірген соң өздері қалауы бойынша тағамдарды жасауға кірсіуге нұсқау беріледі;

-жұмыс барысында бақылау жасалып, жеке нұсқау беріліп, кейбір балаларға көмектесуге болады.

-еңбек нәтижесіне талдау жасалады.

Дайын болған жұмыстар «нан дүкеніне» қойылып сюжетті ролдік ойынға ұласады. Ә.Табылдиевтің «дақылдар жыры» өлеңі  оқып беріледі.

Бидай:                                   Нан анасы-бидаймын

Нанды елге -сыйлаймын

Піскенімде мен қырда

Қауызыма сыймаймын.

БӨЛІСУ
Алдыңғы жазба«Бақшаға серуен»
Келесі жазбаМөшүк