«4 саны мен цифры»

34

Сабақтың тақырыбы:  «4 саны мен цифры»

Сабақтың мақсаты: білімділік:балаларды 4 санымен және

                                                        цифрымен таныстыру;

                                      дамытушылық: балалардың ой-өрісін

                                                           4 санының құрамына есеп құрастыру

                                                           арқылы дамыту ;

                                      тәрбиелік: 4 цифрын дұрыс жаза білуге үйрету.

Сабақтың әдісі: түсіндіру, үйрету, ойын.

Көрнекіліктер: тақырыптық суреттер, сандар.

Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру:

  1. Амандасу;
  2. Өткен сандарды қайталау.
  3. Жаңа сабақ:

Сурет бойынша 4 санының пайда болуын түсіндіру.

-Аквариумде 3 балық болды, тағы бір балық әкеліп қостық. Неше балық болды? 3+1=4.Бүгін біз 4 санымен танысамыз.

4 санын көрсетіп, тура және кері санау. 4-тің алдындағы сан ұғымын түсіндіру.

-3қоянның қасына тағы да бір қоян келіп қосылды. Неше қоян болды? 3+1=4. Төрт қоянның біреуі қашып кетті, нешеуі  қалды?

4-1=3.

-Ал, балалар қояндар нені жақсы көреді?

-Сәбізді.

Сәбіздерді пайдаланып 4 санының пайда болуы мен 4-тің алдындағы сан ұғымы қайталанылады.

-Қане, бәріміз төрт таяқша санап шығарайық.

Таяқшалар арқылы 4 таяқшадан әр түрлі пішіндер құрастырайық.

 

 

-Пішіндер  неге ұқсайды балалар?

-шаршыға, «ш» дыбысына.

-4 саны неге ұқсайды?

— төңкерілген орындыққа.

-Ал балалар, осы жөніндегі Алмастың тақпағын тыңдап көрелікші.

Іздегендер табады,

Зер салса егер мынаған.

Тура «4» боп қалады,

Орындықтар құлаған.

Дәптермен жұмыс:

Үзік сызықтарды бастырып, 4 цифрын жаздыру.

Сергіту сәті:

1,2,3- ал кәнеки ұш,

4,5,6,7- мынау ауыл шеті.

8,9,10- ал, кәнеки қон!

Тақтамен жұмыс:

Тақтадағы суреттер бойынша заттың атын атап, санау.

4балық, 4 ат, 4 доп.

«4» санына байланысты түсініктер беру:

4 түлік мал (атап өту), 4 жыл мезгілі (атап өту), шаршының

4 қабырғасы, машинаның 4 дөңгелегі, т.б.

4 санының құрамын дөңгелектер арқылы толықтыру.

4 санына байланысты есептер шығару.

3қоянға 1 қоянды қосқанда 4 қоян болады.

2 түлкіге 2 түлкіні қосқанда 4 түлкі болады.

1 кірпіге 3 кірпіні қосқанда 4 кірпі болады.

-Қане балалар, қарындаштың тапсырмасын орындайық.

Төрт түрлі- түсті қарындашымызды шығарайық. Қандай түстер екенін атап өтейікші.

-Көк, қызыл, сары және жасыл.

Тиісті түспен шаршыларды ретімен бояу.

Ойын: «Өз орныңды тап»

Шарты:балаларға 0ден 4ке дейінгі кеспе сандарды омырауларына тағамыз. Ретсіз араласып тұрады. Балалар ретимен қатарға тұруы керек, қатардағы орнын атауы керек.

III.Қорытынды.

Балалар, біз бүгін қандай санмен таныстық?

«4» санының құрамын қайталау.

  1. Балаларды мадақтау.