Әр құсқа өз тұмсығы қажет?
Сабақтың тақырыбы: Әр құсқа өз тұмсығы қажет?
Сабақтың мақсаты: Құстардың тұмсығының ерекшелігі жайында, тоқалдақ, бірқазан, бүркіт тұмсықтарын сипаттау.
Міндеттері: Бейімділік – жануар тіршілігін сақтауға қажет екені туралы оқушы түсінігін тереңдету; Өзінде бар білімін жаңа білім алуға қолдана білуге үйрету.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың әдіс тәсілдері: Түсіндіру сұрақ-жауап, әңгімелесу,
шығармашылық жұмыс.
Сабақтың көрнекілігі: құстардың, аңдардың суреті, геометриялық фигуралар.
Пән аралық байланыс: Ана тілі, қазақ тілі,
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі.
-Балалар, дүниетану сабағымыз басталды.
-Сабаққа деген көңіл-күйлерің қалай? Мысалы менің көңіл-күйім өте жақсы, сабаққа тілер тілегім сабақ қызық, әрі сәтті болсын демекпін. 3-4 оқушыға тілек айтқызу.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
Іштей үй тапсырмасын қайталату.
Тақтада бірнеше аңдардың суреті ілініп тұрады.
— Балалар, біз өзімізді «Хайуанттар паркінде» жүрміз деп есептейік.
— Қалай ойлайсындар хайуанттар паркінде не болады?
— Әр түрлі аңдар
— Жақсы. Енді бір оқушы тақтаға шығып, өзіне ұнаған аңнын тандап алады. Ол аңның артында сұрақтар жазылған.
Аңдар артына жазылған сұрақтар:
- Талғыл рең жолбарысқа не үшін қажет?
- Жануарлар не үшін жуынады?
- Жолбарыс, арыстан, мысық қалай жуынады?
- Бунақденелілер иісті қалай сезеді? Қай мүше арқылы?
- Көбелек тамағының дәмін қалай сезеді?
- Қасқыр, ит, түлкі иісі неше метрден сезеді?
ІІІ. Жаңа сабақ:
- Балалар, сонымен аңдардың жуынатын себебі, олар өздерінің иістерін кетіреді екен.
а) кіріспе
— Ал балалар барлығымыз алдымызға қараймыз.
— Алда қандай мезгіл келе жатыр?
— Көктемде қандай өзгерістер болады?
— Құстар қайдан келеді?
— Сендер оларды күтесіндер ме, сағынасындар ма?
— Не үшін күтесіндер?
— Ал енді барлығымыз тақтаға қарайық.
— Мынау қандай құс (құстарды ататқызу). Өзім тырнаны сипаттаймын.
Көктемде жылы жақтан тыраулап қатер белгісін бере қояды. Оның сирағы – ұзын.
- Ал енді осы суреттерден қыстап қалатын құстарды атайық?
- Жылы жаққа ұшып кететіндері қайсы?
- Құстарға қанат не үшін керек деп ойлайсың?
- Барлық құстардың қанаты бірдей ме?
- Тұмсықтары қандай? Ол не үшін керек?
- Үйрек, қаз жемін қайдан алады?
- Қарлығаш, торғай ма?
- Тұмсықтары не үшін керек деп ойлайсыңдар?
- Суда жүретін құстар жемін қай жерден аулайды?
ә) мәтінмен жұмыс
- Іштей оқу
- Тізбектей оқу
- Сұрақ-жауап
— Тағы қандай құстар туралы білдік?
— Тоқылдақ жемін қалай аулайды екен?
— Оны басқаша қалай атайды?
— Тоқылдақтың тұмсығы тұралы мәтіннен тауып оқы.
— Бүркіттің тұмсығы туралы айтып бер.
— Бірқазанның тұмсығы неге ұқсайды? Неліктен?
ІV. «Үдемес» ойын:
- Ал жақсы балалар! Енді «Үндемес» ойынын ойнайық. Мен сендерге сұрақтар, жұмбақтар оқимын, сендер тек ғана жауабын жазасындар.
- Орманның елшісі қай құс?
- Ел рәмізі елтаңбада қай құс бейнеленген?
- Бейбітшілік құсы қай құс?
- Шарлап келіп даланы. Үйіме ұя салатын қай құс?
- Сабақты қорытындылау:
Екі оқушыға бір құстан таратып беремін. Олар соны сипаттайды. Жазып болған соң 2-3 оқушыға оқытамын.
-Балалар, сонымен құстар тұмсық не үшін қажет?
— Сонымен, көңіл-күйлерің қалай?
— Сабақтан қандай әсер алдыңдар?
VІ. Үй тапсырмасын беру: 98-99 бет, осы мәтінді мазмұндап
келу.
VІІ. Бағалау: белсене қатысқандарды геометриялық фигуралар арқылы бағалау, мадақтау.