« Аспан әлеміне саяхат».

80

 

Тақырыбы:  « Аспан әлеміне саяхат».

Білім беру саласы: Денсаулық

Ұйымдастырылған оқу әрекеті: Дене тәрбиесі

Мақсаты: Саптізбекте жұптасып жүру мен жүгіруді, ирелеңдеп салынған жіп бойымен жүруді, төрт адымдап екпінмен қос аяқпен жоғарыға секіруді үйрету.

Қажетті құралдар: Аспан әлемі бейнесі- ай, жұлдыздар,зымыран бейнесі, үнтаспа,отырғыштар, жіп.

Әдіс- тәсілдер: Ой қозғау, түсіндіру,қимыл-жаттығуларды көрсету,сұрақ,жауап, ойын.

Билингвальді компонент: зымыран-ракета.

 

Қызмет кезендері

 

Педагогтің басқару

іс-қимылдары

 

Балалар қызметі

 

 1 кезең

уәждік-түрткі болу

 

 

 

Ой қозғау:

—         Балалар, біз бүгін аспан әлеміне  саяхат жасаймыз.

—         Аспан әлеміне бару үшін неге мінеміз?

Билингвизм:                      зымыран дегеніміз орыс тілінде ракета деп аталады.

—         Зымыранға мініп бару үшін, біздің денеміз шыныққан, батыл,білімді болуымыз керек. Сондықтан денемізді шынықтыру үшін бірнеше жаттығулар жасалық.

 

 

 

 

 

Зымыранға.

 

 

Зымыран-ракета.

 

 

 

 

 

 

 

          2 кезең

проблемалық- ізденістік

Балаларды проблеманы шешуге бағдарлау:

1.     Кіріспе:

—         Аяқ ұшымен жеңіл жүру, жүгіру.

—         Өкшемен жүру.

—         Оң жақпен, сол жақпен секіру.

—         Жай жүру.

 

 

 

 

2.     Жалпы дамыту жаттығулары: ( отырғыш үстінде)

Балаларға жан-жақты дамыту жаттығуларын көрсетіп, түсіндіру  (5-6 рет )

—         Б.қ: аяқ бірге, қол төменде. Қолды алға созу, жоғары көтеру, жанына созу б.қкелу.

—         Б.қ:сол қалпы. Қол белде.

Басты оңға,солға кезек бұру.

Б.қ келу.

— Б.қ: сол қалпы. Қолды

отырғыш  артына ұстау.

Аяқты  алға созу. Б.қ. келу.

—         Б.қ: отырғыш жанында тұру.

Аяқты алшақ қою,қол жоғарыда,оңға,солға тербелу.

Б.қ келу.

—         Б.қ: отырғыш  жанында секіру.

 

-Өте жақсы. Біз енді аспан әлеміне ұшуға әзірміз,солай емес пе?

Тренинг: қолымыз төменде,көзіміз жұмулы,қозғалмаймыз.

5.4.3.2.1 ұштық.

—         Міне, келіп те жеттік. Қане, орнымыздан тұралық.Зымыраннан шығалық, нелерді көріп тұрмыз?

 

Тосын сый: « Жұлдызшы » келеді.

Жұлдызшы : Амансыңдар ма, балаларым?

-Сәлематсыз ба?

Жұлдызшы : Қайдан келесіңдер?

— Біз «Райхан» балабақшасының «Толағай» тобынан аспан әлемін тамашалауға келеміз.

Жұлдызшы: Ендеше, менің бірнеше тапсырмам бар, соны орындарсыңдар, кім де кім жақсы орындаса, сол балаға сыйлығым бар.

Негізгі қимылдар:

1.     Саптізбекте жұптасып жүру,жүгіру.

2.     Ирелеңдеп салынған жіп бойымен жүру.

3.     Төрт адымдап екпінмен қос аяқпен жоғарыға секіру.

Жұлдызшы: Менің тапсырмамды жақсы орындадыңдар,ризамын. Ал енді ойын ойналық.

Ойын аты: «Кім мерген?»

Шарты: 5 кегл қойылып, доппен атып түсіру.   (Жұлдызшы мадақтап,жұлдызшалар таратады, қоштасады).

—         Балалар,Жұлдызшы атаның тапсырмаларын орындадық,ойында ойнадық.Енді зымыранымызға отырып,балабақшаға қайталық.Ұшуға әзірміз бе?

—         5.4.3.2.1.

 

 

 

 

Тәрбиеші белгісімен бір қатарға тұрады,жүру,баяу жүгіру кезеңдерінен өтеді.Өкшемен жүру,оң жақпен, сол жақпен секіруді орындайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жан-жақты дамыту жаттығуларын тәрбиешінің белгісімен орындайды.Әр жаттығуды өз мөлшерімен

4-5 реттен  жасайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қолдарын төмен ұстап,көздері жұмулы,қозғалмай тұрады.

 

 

Ай,жұлдыздарды.

 

 

 

 

Амандасады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Негізгі қимылдарды тәрбиешінің белгісімен орындайды.

 

 

 

 

 

Қимылды ойынды қызығып,жүгіріп ойнайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

Әзірміз.

3 кезең

рефлексті-түзетімдеуші

 

 

 

 

 

 

Балалар қызметінің нәтижелерін талдау

 

Бір қатарға тұрып жәй жүріп,жүгіру. Еркін тыныс алу жаттығуларын көрсету.

 

 

 

 

Қатармен жүреді, жүгіреді. Тыныс алу жаттығуларын орындайды.

 

 

 

Күтілетін нәтиже:

Білуі:Дене жаттығуларын жасауға қызығушылығы артып,жүгіру,секіру,тепе теңдікті сақтайды.

Меңгеруі: барлық жаттығуларды,қимылдарды жақсы меңгереді.

Жасай білуі: Өз еркімен қимылдайды, қойылған сұрақтарға жауап береді.