«Қыс қызықтары»

31

 

Тақырыбы: «Қыс қызықтары»

 

Мақсаты:

Білімділік:

Балаларға қыс мезгілінің басқа мезгілдерден өзгешілігін түсіндіру.

Дамытушылық:

Қысқы ойын түрлерін атау, жұмбақтар шешу арқылы тапсырмаларды орындау, қысқы табиғат көрінісіндегі ерекшеліктерін ажырата білуге үйрету.

Тәрбиелік:

Балалардың табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттыру және еңбекқорлыққа тәрбиелеу.

 

Әдіс-тәсілдері: кубизм әдісі, триз әдісі, ойындар, сұрақ-жауап.

 

Көрнекіліктер: қыс қызықтары суреттері, қар, аққала, шырша, шырша ойыншықтары.

 

Оқу іс-әрекетінің барысы:

 

І. Шаттық шеңбері

— Қайырлы таң, көк аспан!

Қайырлы таң, жер ана!

Қайырлы таң, қонақтар!

Қайырлы таң, достарым!

Біз ерекше баламыз,

Айтқан тілді аламыз.

Достарымды көргенде,

Қуанып қарсы аламын.

Сәлем, сәлем, сәлем!

 

ІІ. Кубизм әдісі арқылы сұрақ-жауап алу.

  1. Бір жылда неше мезгіл бар? Қазір жылдың қай мезгілі? Айларын ата?
  2. Қыста ауа-райы қандай болады?
  3. Қыс мезгілінде адамдар қандай киім киеді?
  4. Қыстап қалатын құстарды ата?
  5. Қыста қандай ойындар ойнайды?
  6. Қыс мезгілінде қандай мереке болады?

 

ІІІ. Триз әдісі бойынша жұмыс жасау.

Жұмбақ шешу:

  • Қолы жоқ, сурет салады,

Тісі жоқ, тістеп алады. (аяз)

(майшаммен сиқырлы сурет салып, субояумен бояу және әңгімелеу)

 

ІҮ. Жұмбақ шешу:

  • Әуеде ақ мамық,

Қалбалақтап ұшады.

Қанаты талып, Жерді барып құшады. (қар)

 

Ойын: «Қарды қағып ал»

Ойынның шарты: Қарды қағып алған бала қыс туралы тақпақ, жұмбақ, жаңылтпаш, мақал-мәтел айтуы тиіс.

 

Ү. Сергіту сәті:

  • Жел улейді у-у,
  • Боран соқты зу-зу,
  • Қатты-қатты жел соқты гу-гу,
  • Шыдай алмай жапырақтар ах-ах,
  • Билеп кетті қалтырап пах-пах.

ҮІ. Жұмбақ шешу:

  • Шелек қалпақ басында,

Сәбіз екен танауы.

Қыста қардан туатын,

Тауып көрші сен оны. (аққала)

 

Ойын: «Аққала құрастыру»

Ойынның шарты: Берілген қиындылардан аққаланы құрастырып шығу.

 

ҮІІ. Жұмбақ шешу:

  • Тікен-тікен тік пісте,

Қысы, жазы бір түсте. (шырша)

 

Ойын: «Шыршаны безендіру»

Ойынның шарты: Тілек айтып шыршаға ойыншықтар ілу.

 

ҮІІІ. Қорытынды.

Ән: «Бір, екі, үш» (қимылды көрсету арқылы орындау)

 

ІХ. Мадақтау. Белсенді қатысқан балаларды мадақтау.