Күз Жомарт

309

Сабақтың тақырыбы:  Күз Жомарт

Мақсаты:                      Жыл мезгілдері туралы түсінігін кеңейтуге, жыл

мезгілінің ерекшелігін түсіндіре отырып, тіліндамы-

туға, күздегі табиғат сұлулығына назар аударту.

Балаларды күз сыйы көкөністермен, жемістермен

таныстыру. Үлкендердің еңбегін құрметтеу, олардың

еңбегінің нәтижесіне қамқорлықпен қарауға тәрбиелеу.

Білімділігі:                  Ойлау қабілетін дамытуға, тіл шеберлігін білімге деген

құштарлығын, ықыласын, ізденпаздығын аттыру.

Тәрбиелік:                    Айналаны қоршаған ортаны қорғауға, ұйымшылдыққа,

жауапкершілікке тәрбиелеу.

Пән аралық байланыс: Тіл дамыту, көркем әдебиет, математика, бейнелеу,

сауат ашу, валеология

Көрнекілік:                  Егіс даласы, жылдың төрт мезгілі, күз туралы суреттер.

Жемістер мен көкөністер. Ғажайып ағаш. Кірпі.

«Жемістер дүкені» рольді сюжетті ойын т.б.

Метод. әдіс:                Әңгімелеу, сұрақ-жауап, ой қорғау, топтастыру, болжау

стратегиясы.

Сабақтың барысы:      І. Ұйымдастыру

ІІ. Сурет бойынша әңгіме

ІІІ. Күз туралы тақпақ айту

  1. Бау-бақшаға саяхат
  2. Сергіту сәті
  3. «Жемістер дүкені» сюжет:- рольді ойын

VII. «Не қайда  өседі?» дид. ойын

VIII. «Кірпіге алма жинап берейік» дид. ойын

  1. Қорытынды
  2. Мадақтау

Балалар бізге қазір Айналамен танысу сабағы болады. Жылдың төрт мезгілі бар.Сурет бойынша әңгіме құрап айтайық. Мен сендерге жұмбақ айтайын, сіздер шешуін табыңдар.

Бой жаза алмай

Ойнай алмай

Денең мұздап барады.

Балалар айтыңдаршы

Бұл қайда болады?

-Күз

-Иә бұл күз мезгілі екен

-Күзде табиғатта қандай өзгерістер болады?

Күн суытады, жапырақтар жерге түседі. Жердің бәрі сап-сары болады, құстар жылы жаққа ұшып кетеді, күзде балалар адамдардың да еңбегі ерекше. Қанда еңбекпен айналысады?

  • Егін орады, жеміс-жидектер, көкөністер жинайды.
  • Ал, енді балалар күз туралы кім тақпақ айтып береді?
  • Үш-төрт оқушы күз туралы тақпақ айтады.
  • Балалар біз неге алтын күз деп айтамыз екен?
  • Себебі ағаштар, шөртер, жапырақтар, түгелдей дерлік сап-сары болады. Күзде 3 ай бар қыркүйек, қазан, қараша.
  • Ал балалар біз қазір бау-бақшаға саяхатқа шығамыз.

Бізді бұл жақта ғажайып ағаш күтіп тұр екен.

  • Ғажайып ағашта нелер бар екен?
  • Алма, алмұрт т.б
  • Мен сендерге бір өлең оқып берейін.

Сары ала тон жамылған

Күз-атамыз секілді

Қойны толы дәмді нан

Тәттісі көп не түрлі

Қандай өзі береген

Алмасын-ай алмасын.

Жемісі көп не деген

Жеп тауыса алмайсың.

Өрік , шие балы бар

Қауын, қарбыз көбейді

Жегің келсе, бәрін ал

Неге алмайсың демейді

Жемісі мол теретін

Күз дос екен бізбенен

Бәрін тауып беретін

Жомарт екен күз деген.

Балалар не туралы айтылған?

Күз туралы, жеміс-жидектер туралы айтылған. Бау-бақшада тек жеміс-жидектер ғана өспейді. Соынмен бірге көкөністер де өседі. Алма, алмұрт т.б. бұлар ағашта өседі екен. Ал көкөністерге қауын, қарбыз т.б. бұлар бақта өседі, яғни жерде өседі. Біз оларды суарып, түбін қопсытып, арам шөптерін жұлып, ағаштарға ұя салып, құрт құмысрқадан қорғау үшін баптайды екенбіз. Сонда ғана бұл жемістер пісіп, бізге жемісін береді. Сондықтан да біз жомарт күз дейміз.

Сергіту сәті: Саябаққа барамыз

Жүзім теріп аламыз

Жүзім теріп аламыз

Себетке біз саламыз.

Ал балалар бізге қонаққа дәрігер апай келіп отыр екен. Ортаға шақы-райық.

Дәрігер: Балалар, жемістер сіздерге ұнай ма?

-Ұнайды.

-Балалар жеміс шырыны өте пайдалы, олардың құрамында витаминдер өте көп. Жемістерді ағаштан үзе сала жеуге болмайды. Оларды жақсылап ыстық сумен жуып, содан соң жеу керек. Міне мен сіздерге демістер әкелдім.

-Балалар дәрігерге рахмет айтамыз. Қазір біз «Жемістер дүкені» рольді сюжетті ойын ойнаймыз.

Дүкенші: Келіңіздер, келіңіздер

Жемістерді көріңіздер

Алма, алмұрт, жүзім бар

Дәмін татып, таңдап ал

-Сәлематсың ба? не сатып алмақшысың?

— Маған бір келі қызыл алма беріңізші.

— Ала ғой. Ас дәмді болсын.

Осылай ойын жалғаса береді.

Енді балалар не қайда өседі? дид. Ойын ойнаймыз.

Қуыршақ Айсұлуға жемістерді, көкөністерді бөліп топтастырып жинаймыз. Ол үшін екі топқа бөлінеміз.

Көкөністерді, жемістерді бөліп. Жемістерді ағашқа, көкөністерді баққа жинаймыз. Қай топ шапшаң жинайд екен? Айсұлу сіздерге рахметін айтып сыйлық беріп кетті.

Бау-бақшада балалар кірпі жүр екен. Кірпі нені жақсы көреді?

  • Алманы
  • Олай болса кірпіге біз алманы теріп берейік. Ол үшін алманың сыртында сұрақтар бар. Сол сұрақтарға жауап берейік.
    1. Күздің қанай белгілерін білесің?
    2. Күз мезгілінде неше ай бар?
    3. Күзде адамдар қандай еңбекпен айналысады.
    4. Күз туралы тақпақ айтып бер?
    5. Неліктен алтын күз деп атаймыз?
    6. Неліктен жомарт күз деп атаймыз?
    7. Жемістерге нелер жатады?
    8. Көкөністерге нелер жатады?

Қорытынды: Балаларды мадақтау.