Бой жазу жаттығулары

92

Тақырыбы: Бой жазу жаттығулары

 

Мақсаты:      Бой жазу жаттығулар туралы балаларға түсінік беру

Білімділігі:   Қимылдық ойындар арқылы ойынға деген қызығушылықты

арттыру, шапшаңдыққа, ептілікке үйрету, дене қимылдарын

сымбатты қалыптастырып, күш-қуаттандыру.Тілдерін дамыту,

сөздік қорын молайту, дене тәрбиесіне баулу арқылы  әсемдікке

әдептілікке баулу.

Дамытушылық: Жетілдіруші жаттығулар арқылы балалардың дене

қимылдарын дамыту

Тәрбиелігі:    Балалар арасындағы қарым-қатынас, сыйластықты қалыптас-

тыру.

Бауырмалдылыққа, салауатты өмір салтына тәрбиелеу

Түрі:              Ойын

Көрнекілігі:  Үнтаспа, теңгелер, қалта, ат ойыншықтар, текшелер, кегли,

кедергілер,қызғалдақ, бәйшешек, жауқазын атрибуттары,

жалаушалар

Әдіс-тәсілі: Түсіндіру, көрсету, топтастыру, би қимылдары

І. Ұйымдастыру бөлім

Балалар бірінің артына бірі жүріп музыка әуенімен залға кіреді.

Балалар бүгін бізге көп қонақтар келіп отыр, қане қонақтармен амандасайық.

Қуан шаттан алақай!

Қуанатын кез келді.

Қайырлы таң, қайырлы күн!

Күліп шықты күнбүгін

Сәлематсыз ба? қонақтар

Бәріміз күндей жарқырайық!

Бәріміз тату болайық.

Сап элементтерін қайталау ( сапқа тұру, жүру, жүгіру)

ІІ. Сапқа тұру

  1. Аяқтың ұшымен тұрып, күннің көзіне қарай қолымызды созып, гүлдің жұпар иісімен терең дем алайық. Аяқты кезе көтеріп, қолды жоғары созған бойы мұрынмен тыныстайық.
  2. Қолдарды белде ұстап, гүлдерді басып кетпеу үшін аяқты көтеріп жүрейік.
  3. Аяқтың ұшымен жылдам жүру.

ІІІ. Жаңа сабақ

Бой жазу жаттығулары

  • Балалар біз бүгін бой жазу жаттығуларымен танысамыз. Бой жазу жаттығу-лары деп- ұйқыдан оянысымен адам жұмыс қабілетін тез қалпына келтіретін жаттығулар жиынтығын айтамыз.

Ұйқыдан тез сергу үшін бой жазу жаттығуларын орындау қажет. Бой жазу жаттығулары біздің денеміз сымбатты әрі әдемі болуға және ауырмауға өте пайдалы.

Күні бой қызыққа,

                     Батамыз да қаламыз.

                     Қиынсынып қашпаймыз,

                     Шынығамыз жастай біз.

                     Көңілді әуен сазымен.

                    Жаттығуды бастаймыз.

  1. Құстай қанат қағайық.

Екі қолды жоғары

Сәл көтерсек болады.

Енді оны бөгелмей,

Түсірейік төменге.

Міне, былай, қарайық.

Құстай қанат қағайық!

Бір, екі!

Бір, екі!

Жаттығайық біркелкі.

  1. Шегірткедей ыршиық!

Қане, сапты түзейік,

Тіземізді бүгейік,

Ыршып алға түсейік.

Ыршып артқа түсейік.

Бір-екі, үш-төрт.

Бір-екі, үш-төрт!

Шегірткедей ыршиық

Ыршып-ыршып

Тыншиық.

  1. «Әй-әй-әй!» деген баладай

«Әй-әй, әй-әй!

Әй-әй-әй»-

Осы қынжылған баладай

Басты қисайтып солға бір

Басты қисайтып оңға бір

Бір-екі, үш-төрт.

Бір-екі, үш-төрт!

Жаттығудан денеміз шымырлана түспек.

  1. «Жоқ-жоқ!» деген баладай,

Сұраққа сөз таба алмай.

Аш аяқтың арасын,

Екі қолды белге ұста.

Басты оңға бұрайық,

Басты солға бұрайық.

Міне, былай,балалар

Қане, байқап қарап ал!

  1. Отырайық тұрайық!

Ал, балалар, бір ауық,

          Әріп сырын ұғайық.

«А» дегенде отырып,

«Б» дегенде тұраайық.

А-а

Б-б

А-а

Б-б

Отырып, тұр дағы.

  1. Тыныстайық тереңнен!

Жүгірдің де қарғыдың,

Жарадыңдар барлығың.

Шаршадыңдар дегенмен,

Тыныстаңдар тереңнен.

Қане, «Үп!» — деп айтайық 2,

Демді ішке тартайық.

Енді «УҺ!»-деп айтайық,

Демді шығар қайтарып.

Босаңсытып денеңді,

Бей-жай күйге ен енді.

Басты көтер

Тік ұста!

Емін еркін тыныста.

Бә-ре-кел-ді.

Балалар!

  1. Қимылды ойындар.
  2. Теңге алу.

Мақсаты: жүгіру кезінде қосымша жаттығулар жасауға үйрету.

Мазмұны:  Ойыншылар санау арқылы 2-3 командаға бөлініп, сызықтан кейін тұрады. Әр команданың алдында 10-15 метр жерде  3 командаға «теңгелер салынған қалталар» жатады. Одан 10-15 метр қашықтықта белгі қойылады. Мұғалімнің « Бір! Екі! Бастаңдар!» деген белгісінен кейін, әр командада бірінші тұрған ойыншылар жүгіре жөнеледі. Теңгені алып, белгіні айналып келіп, екінші баланың алақанына соғу арқылы ойын кезегін береді де, өзі тізбектің соңына барып тұрады. Ойын осылай командадағы барлық бала ойнап шыққанша жалғасады. Ойын шартын бұзбай ойнаған және ұйымшылдық пен шапшаңдық көрсеткен команда жеңген болып саналады.

2.Жер, су, ауа.

Мақсаты: ойлау қимыл-қозғалыс қабілеттерін ұштастыруға үйрету.

Мазмұны:

Ойыншылар санау арқылы 2-3 командаға бөлініп, алдыңғы ойындағы-дай, сызықтан кейін тұрады.

Олардың ортасынан сопақ үш шеңбер сызылып, біреуінің ішіне- «Жер», екіншісінің ішіне «су», үшіншісінің ішіне «Ауа» деп жазылады.

Мұғалім:

  • Жерде қандай жануарлар бар?
  • Суда қандай балықтар, жәндіктер бар?
  • Ауада қандай құстар мен жәндіктер ұшып жүреді?- деген сұрақтарға кезек-кезек жауап беріп, алдын ала жаттығып дайындық жүргізеді. Содан кейін мұғалім « Ауа» дегенде үш топтың балалары жүгіреді. «Жер», «Су» дегенде тағы да өз шеңберлеріне жүгіреді.

Осылайша ойын жалғаса береді.

  1. Қорытынды: Жалауша әнімен балаларға би билетіп аяқтау.

Біздің топта ұл-қыздар,

Тату-тәтті ойнаймыз.

Әлемдегі бар адамға,

Тек жақсылық ойлаймыз.

  1. Мадақтау. Жақсы қатысқан балаларға сыйлық беру.
БӨЛІСУ
Алдыңғы жазбаКөктем құстары
Келесі жазбаКүз Жомарт