Мен әдепті баламын

652

Хаметова Гүлнар №13 бастауыш мектеп

Мен әдепті баламын

 

Мақсаты: «әдеп», «әдептілік» туралы түсініктерін кеңейту.

         Міндеттері:

  • әдептілік туралы түсініктерін кеңейту;
  • жағымды қарым – қатынас дағдыларын дамыту;
  • әдептілікке, сыпайылыққа тәрбиелеу.

 

Шаттық щеңбері

Балалар ортаға жиналып, Ө. Ақыпбековтың «Сәлем берем үлкенге» атты өлеңін қимылмен айтып, бір – бірімен амандасады.

 

Көшелерден біз өттік

Ата  көрсем

Жақын кеп

Сәлем берем ізетпен:

«Ассалаумағалейкум!», — деп

Алдан әже жолықса,

Бөгелемін әдейіліп:

Сәлемдесем сол тұста:

«Есенсіз бе, әжей», — деп.

Кім кезіксе көшеде

«Аға, тәте, көкеге,

«Сәлеметсіз бе!», — деймін.

 

         Әңгімелесу

         Мұғалім  «әдеп», «дептілік» туралы түсініктерін кеңейту мақсатында төмендегі сұрақтарды пайдалана отырып, әңгімелесу жүргізеді.

Қандай жылы, әдепті сөздерді білесіңдер?

Әдепті балалар қандай болады?

Әдептілік дегенді қалай түсінесіңдер?

Балалардың жауаптары тыңдалып, мұғалім төмендегідей қорытындылайды.

Әдепті сөздер – сәлеметсіз бе?, сау болыңыз, рақмет, кешіріңіз, т.с.с. Әдепті балалар әдепті сөздерді үнемі қолданады.

Әдептілік – адам бойындағы ең асыл қасиет. Әдепті бала, ұқыпты, тілалғыш, шыншыл, қайырымды, еңбекқор, адал болады. Әдепті балалар кездескен адамдардың бәрімен амандасады, қоштасады. Әрдайым таза жүреді. Автобуста үлкендерге, жасы кіші балаларға орын береді. Ата – анасының айтқанын орындайды. Әдепті бала айналысындағыларыменжақсы қарым – қатынас жасап, көмек қажет болса, дайын тұрады. Өіне міндеттелген жұмыстарды атқарады. Өтірік айтпайды, достарын жақсы көреді, ешкімді ренжітпейді.

 

Әңгімелеу

Мұғалім балалармен В. Осееваның «Сиқырлы сөз» атты әңгімесін оқып, талдайды.

         Қария Павликке қандай сиқырлы сөз айтты.

         Павлик атты баланы әдепті бала деп айтуға болама?

Неліктен?

         Павликке қария кездеспесе не болар еді деп ойлайсыңдар?

         Сендерге осындай жағдайлар болды ма?

         Мұғалім балалардың жауаптарынан соң, мәтінді төмендегідей қорытындылайды.

Қария Павлике өтінемін деген сиқырлы сөз айтты. Павликті әдепсіз деп айтуға болмайды. Өйткені ол өз қатесін түсініп, қарияның тілін алып, сиқырлы сөзді айту арқылы өзінің отбасымен табысты. Егер қария кездеспесе, онда Павлик ешкіммен жылы сөйлесе алмайтын еді.

Әдепті балалар үлкендерді тыңдап, айтқандарын екі етпей орындап, жылы сойлеседі. Әдепті балалар біреуден бір нәрсе сұрағысы келсе, Павлик сияқты көзіне тура қарап, ақырын, жайлап сұрағын жеткізеді және өтінемін деген сөзді айтуды ұмытпайды.

 

Ойын «Әдепті сөздер»

Балар шеңберге отырып, допты лақтырып – қағып алу арқылы бір – біріне әдепті сөздерді айтады.

  • Рақмет.
  • Сәлем!
  • Қалың қалай?
  • Сәлеметсіз бе?
  • Амансыз ба?
  • Қош келдіңіз! Сізді көргеніме өте қуаныштымын!
  • Кешіріңіз! Өтінемін.
  • Сау болыңыз! Қош болыңыз! Кездескенше!

 

 

 

Шығармашылық жұмыс «Әдептілік ережелері»

Мұғалім балалармен түрлі суреттер арқылы «Әдептілік ережелерін» құрып, ватманға жапсырып, бөлменің көрнекті жеріне іліп қояды.

 

Әдептілік ережелері

Әдепті бала қашанда сәлемдеседі. Кезіккен адамдармен амандасады, көмегі және қамқорлығы үшін алғыс айтып, кетіп бара жатқанда қоштасуды ұмытпайды.

Әрқашан сыпайы болу керек. Сыпайылық – айналаңдағы адамдарға өзіңді жағымды көрсету. Байқамай біреуді ренжітіп алса, дереу кешірім сұрайды.

Әдепті бала көлікте отырғанда үлкендерге орын береді.

Үлкендерді, ауру адамдарды, соқыр адамдарды көшеден өткізуге көмектеседі.

Ескертусіз үйден, балабақшадан кетіп қалмайды.

 

Дәйексөз

Мұғалім балаларға «Әдепті бала – жақсы бала» деген халық мақалын бүгінгі сабақтың дәйексөзі ретінде түсіндіреді.

 

Ғажайып сөздер

Біз — әдепті, сыпайы боламыз.

Әдепті бала – жақсы бала.

 

Қорытындылау

  • Балалар, біз бүгінгі сабағымызда әдептілік, сыпайылық жайлы сөйлестік. Әдепті, сыпайы балалар айналасындағыларға жағымды, сүйкімді екенін түсіндік. Әрдайым әдепті, сыпайы болуға, кездескен адамдармен амандасуды, кешірім сұрауды, өтінемін деген жылы сөздерді үнемі айтуға үйрендік.

 

Жүректен жүрекке

Мұғалім балалардың есте сақтауларын дамыту мақсатында Ө. Ақыпбековтың «Сәлем берем үлкенге» атты өлеңін қимылмен қайталатады. Бұл өлеңнің мәтіні шаттық шеңберінде берілген