Сандарды салыстыру

54

 

Сандарды салыстыру

Сабақтың мақсаты:

Оқушыларға сандарды салыстыруға үйрету артық,кем  «< » «>»  таңбаларымен жұмыстарын нығайту ; артық және кем таңбаларымен «< » «>» жұмыс істеуге баулу екі жиынтықты теңістіре білу .

Міндеттері:

  • Таңбаларды,терминдерді орынды пайдалану және бір таңбалы сандарды оқу,жазу,салыстыру біліктерін қалыптастыру.
  • Салыстыра отыра дұрыс сөйлеу мәдениетін сақтау
  • Ұзындықтарды өлшеп,салыстыру
  • Заттарды әр түрлі белгілеріне қарап салыстыра білу
  • Салыстыру нәтижелерін білдіретін терминдерді орынды қолдана білу

Сабақтың түрі:білім ,білік,дағдыны дамыту және бекіту сабағы

Сабақта қолданылатын әдістер:

Сұрақ-жауап, ережемен жұмыс, логикалық тапсырмалар,есеп шығару

Ақпараттық құралдар:  компьютер, экран, мультимедиалық проектор,оқулық,дәптер,поезд

Пәнаралық байланыс: сауат ашу,бейнелеу, музыка,дүниетану

Сабақтың барысы:

4-слайд

Қуан шаттан,

Қуанатын күн бүгін,

Қайырлы таң,қайырлы күн,

Күліп шықты күн бүгін!

-Рахмет балалар отырыңдар! Сонымен , балалар бүгін біздің сабағымызда қонақтар келіп отыр.Бүгін сабақ ерекше.Сендермен бірге Шыңғыс пен Ырысәлі  поездға отырып саяхаттауға шыққалы  тұр. Бүгін сабақта Біз сендермен «Сандардың  әлеміне» саяхатқа поездбен жүргелі тұрмыз. Жолдағы әр бекетте Бізге тапсырмалар әзірленген.Дұрыс шығарып отырсақ әрі қарай жылжи береміз.Шығармасақ,тапсырманы орындай алмасақ жолымызда бөгет күтіп тұрады.Сабақта есеп орындай отырып,оларды салыстыруға үйренеміз. Сабақтың тақырыбы «Сандарды салыстыру».Артық және кем таңбалары.

7-слайд

Алғашқы кездесетін бекетіміз «Есеп».Тапсырманы тиянақты және дұрыс есептеп шығарамыз.Сонымен , сәт сапар балалар.

-Өте жақсы сонымен балалар әрі қарай жылжиық.

8-слайд-18 слайдпен жұмыс

Келіп жеткен бекетіміз «Заттармен жұмыс».Лунара мен Нұрдана сендердің шапшандықтарына таң қалып отыр.Осы бекеттердегі тапсырмаларды әрі қарай шапшаң орындап жылжи берейік алдыда әрі талай қызықтар толып жатыр.

-Тапсырманы тиянақты оқып, орындайық.

-Дұрыс тапсырмалар жақсы орындалды.

Поезд әрі қарай өзінің кестесі бойынша жылжыды.

19-слайд

Балалар бұл сандарды қалай атаймыз.Бір  таңбалы немесе  екі таңбалы сандар.

-Әрине бір таңбалы сандар,Ал неге біз оны олай атаймыз?

-Екі таңбалы сандарды деп,қандай сандарды атаймыз.

-Өте тамаша Лунара және Нұрданамен  бірге жолымызды жалғастырайық.

20-слайд

-Бұл бекет « есте сақтау »  дейміз,берілген кеңесті ұмытпауға тырысамыз.

Есіңде сақта:   Нөлге жақын сандар кем болса,артық нөлден жоғары сандар болады.

21-слайд

Ал  мына бекетте қызықты тапсырмаларды орындамай,әрі қарай жылжи алмаймыз.

Жазуларға қара. Артық кем сөздерін таңбалармен ауыстырып қой «<» «>»

22-слайд

4 санынан үлкен сандарды жазып көрсет

23-слайд

24-слайд   СЕРГІТУ   СӘТІ

Ой ал бұл бекетте қандай тамаша әуен орындалып жатыр.Поезд өзі тоқтауға мәжбүр болды.

-Жануарлармен бірге билеп ,көңіл көтерейік.

-Ой рахмет бір-бірімізге шапалақтап құрмет көрсетейік.

Оқулықпен жұмыс.

-Оқулықтағы тапсырмаларды тиянақтап орындайық балалар.Поездің тұратын уақыта 12 минут.Үлгереміз бе балалар Өте тамаша.

(оқулықтағы тапсырмаларды орындап,тақтамен жұмыс жүргізіледі)

25-30 слайдтардағы  тапсырмалар  қорытындылау.

Міне балақайлар біз өзіміздің бекетке айналып жеттік.Бекетіміз № 25 орта мектеп.

-Сабақта саяхаттау ұнадыма?

-Бұл сабақта біз нені біліп ,үйрендік?

-Тамаша Лунара мен Нұрдана біздің саяхатымызда өздеріне деген көп білімдер жинап алды.Сендерге деген ризашылықтары  мол. Келесі сабақтарда тағы да осындай қызықты, шапшаң, білімдерін жарқырап тұрсын деген тілекпен қоштасады.