«Еріншек». Шәкәрім Құдайбердиев.

42

 

Ана тілі

Сабақтың тақырыбы: «Еріншек». Шәкәрім Құдайбердиев.

Сабақтың мақсаты: 1. «Еріншек» өлеңінің мазмұнымен таныстыру, түсіндіру, өмірмен байланыстыра отырып тақырыптың мәнін ашу, ойларын жүйелеу.

  1. Сөздік қорларын молайту, ой-өрістерін дамыту, мәнерлеп оқу дағдыларын жетілдіру.
  2. Жағымды, жағымсыз қасиеттерді айыра білуге, жақсылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: әңгімелеу, салыстыру, талдау-жинақтау, ойын.

Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ.

Сабақтың типі: аралас сабақ

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

«Жылқы» әңгімесінің мазмұнын сұрау. Жылқы туралы жазып келген әңгімелерін оқыту.

-Қазақ халқы жылқыны неге қастерлеген?

-Жылқының адамға пайдасы қандай?

ІІІ. Жаңа сабақ. Мақсат қою.

«Еріншек» Шәкірім Құдайбердиев. Автордың өмірбаянына тоқталу. Суретіне, кітаптарына, тағдырына тоқталу. 1931-1932 жылдардағы қиын жағдай. «Еріншек» деген сөздің мағынасы қандай?

Сергіту сәті.

  1. Материалды түсіндіру кезеңі.

Оқушыға кезекпен мәнерлеп оқыту.

Тізбектей, топқа оқытып, мазмұнын айтқызу.

Дәптермен жұмыс. Сөздікті таныстыру. Харекет – әрекет. Кесел – бұл жерде: сор, дерт.

Алғашқы екі жолды көшіріп жазу, түсіндіру.

Абайдың «Ғылым таппай мақтанба» өлеңін  талдау, тақтаға жазу.

5 асыл іс, 5 дұшпан.

а) Өсек, өтірік, мақтаншақ, еріншек, бекер мал шашпақ.

ә) Талап, еңбек, терең ой, қанағат, рақым.

  1. Жаңа сабақты түсінгенін тексеру кезеңі.

Абайдың қара сөздерінен үзінділер:

  1. Қор қылатын үш нәрсе бар.
  2. Баланың екі түрлі дүниеге келуі.

Бірін-бірі жеңе алмайтын 8 батыр. (күн – түн, тақ – жұп, қыс – жаз, жақсылық – жамандық).

Ойын: «Жұбын тап!» 6 оқушыны шығару, олар қарсы мәндес сөздерді табады. (арам – адал, таза – лас, т.б.)

VII. Бекіту кезеңі: «Кім жылдам?» ойыны. Жағымды, жағымсыз қасиеттерді тізіп жазу.

Қорытынды ой: Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен!

Бағалау.

Үйге тапсырма.  Өздеріне ұнаған шумақты жаттау. Еріншектікке  байланысты мақал-мәтелдер жинақтау.