Жаңа жылдық бас киімдер

112

Тақырыбы: Жаңа жылдық бас киімдер

Мақсаты:      1. Балаларды қағазбен жұмыс істеуге,пішілген үлгі бойынша  бөліктерді қиып,жапсыра білуге  үйрету.

2.Нақты жағдайларға сәйкес құрастыру іскерліктерін дамыту.Қол икемдерін,ой-өрісін дамыту.

3.Балаларды шығармашылыққа,еңбекқорлыққа,бастаған ісін аяқтауға,ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Керекті құрал:Түрлі-түсті қағаздар,желім,қарындаш,қайшы,әліппе-дәптер

Әдіс-тәсілі:Түсіндіру,практикалық,сұрақ-жауап,әңгімелесу

Сабақтың түрі:Жаңа сабақ

Сабақ барысы:  I Ұйымдастыру кезеңі

Балаларды  түгендеп,құрал-жабдықтарын алғызып, назарын сабаққа аудару.

IV Мақсат қою

-«Карнавал костюмдері не үшін қажет?»

-Олар қандай болады?

-Суретін салып көрсет.(сайқымазақ,хан,сиқыршы т.б.).

-Бүгін сол  қағазбен жаңа жылдық бас киімдер жасаймыз.

-Техникалық қауіпсіздікті ұмытпаймыз.

V Жаңа сабақ

-Әр түрлі жаңа жыл мерекесіне киетін бас киімдердің қалай жасалғанын қарап,көру;

-Әр баланың қандай бет перде жасағысы келетінін сұрау,тыңдауға ерік беру;

-Олардың жасалу жолдарын түсіндіру,үлгілермен жұмыс жасау.(Трафарет,шаблондар).

Жаңа жылдық бас киімдідерді  кез-келген түрін таңдап алғаннан соң,жұқа картон қағаз бетіне оның үлгісін сызып алады.

Сызықты айналдыра қиып,көз,мұрын,ауыз, сияқты қажетті детальдарды жапсырады.

Одан соң басқа киюге  ыңғайланған 2 жолақ қағазды қиып,онымен басты айналдыра өлшейді де,оларды бір-біріне желімдейді.

2 қысқарақты жолақтарды қиып ,бір-біріне айқастыра отырып,төрт жағынан шеңберге бекітеді.Бас киім дайын.Осы бас киімге дайындалған бетперде бекітіледі.Қоянның,үйректің басы,бейнелері желімделеді.

Сергіту сәті: Ұзын құлақ сұр қоян                  Қарап еді артына

Естіп қалып сыбдырды               Қиығын салып көзінің

Ойлы-қырлы жерлермен            Келе жатқан томпаңдап

Ытқып-ытқып секірді               Көхегі екен өзінің

VI Пысықтау

Балалар алдындағы құрал-жабдықтарды пайдаланып. көрсеткен үлгімен жапалақты жасау жұмысы орындалады,кейбір балаларға жеке түсіндіріліп,көмек көрсетіледі.

VII БекітуЖұмыс аяқталған соң,балалар өздері жасаған карнавал бас киімдерін киеді.Ойын: «Кім екенін тап?»

VIII Бағалау  Балалардың жасаған жұмыстарын салыстырып мадақтау,бағалау.