Қардан қамалдар тұрғызу

48

Тақырыбы: Қардан қамалдар тұрғызу

Мақсаты:      1.Балалардың таза ауада қызықты іс-әрекетпен айналысуына,көңіл-күйін көтеруге мүмкіндік туғызу.

2.Қол еңбегіне,өз қолымен бұйым жасауға қызығушылығын арттыру,шығармашылық қабілетін дамыту.

3.Балаларды шығармашылыққа,бастаған ісін аяқтауға, ұқыптылыққа, ұжымдық еңбек нәтижесіне жетуге,еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

Керекті құрал:Қарды жинауға қажетті құрал-саймандар күрекжәшік,сыпырғыш,қорап.

Әдіс-тәсілі:Түсіндіру,практикалық,сұрақ-жауап,әңгімелесу

Сабақтың түрі:Жаңа сабақ

Сабақ барысы:  I Ұйымдастыру кезеңі

Балаларды  түгендеп,құрал-жабдықтарын алғызып, назарын сабаққа аудару.

IV Мақсат қою

Қардан жасалған құрылыс суреттерін көріп,,қардың сапасымен танысу(жұмсақ,суық,мамық т.б.)әңгімелесу.

Боялған суды әр түрлі пішіндегі ыдыстарғы құйып қатырып қою,өйткені оны қамал дайын болғанда әшекейлеуге  пайдаланады.

V Жаңа сабақ

Балаларды  далаға шығарып,ауа-райын тамашалап,айналаның аппақ мамық қар жамылғанын айтып қардың сапасы,жайында балалардан сұрап,мамықтай ұлпа,жылт-жылт еткен қардан қамал тұрғызсақ деген  ұсыныс жасайды.

-Бір топтағы балалар қарды жинап үйеді;

-Екінші топтағы балалар ол қарды жәшікке немесе қорапқа салып,белгілі бір пішінге келтіреді. (Қалыптан кірпіш жасайды)

-Қалған балалар дайындалғын қардан жасалған кірпіштерді қамалдың белгіліген орындарына жеткізеді,іс- әрекетке белсенділікпен кірісуге бағыт береді.

-Қамалды балалар бірлесе отырып жасайды,кірпіштерді бірінің үстіне қойып қалайды.

-Жұмыс дайын болған кезде,алдына-ала дайындалған мұз пішіндермен әшекейлейді,өз ойларынан қосып,шығармашылық бағыт алуына мүмкіндік туғызады.

Сергіту сәті: Ұзын құлақ сұр қоян                  Қарап еді артына

Естіп қалып сыбдырды               Қиығын салып көзінің

Ойлы-қырлы жерлермен            Келе жатқан томпаңдап

Ытқып-ытқып секірді               Көхегі екен өзінің

VI Пысықтау  Балалар алдындағы құрал-жабдықтарды пайдаланып, көрсеткен үлгімен,қардан қамалдартұрғызу әдісіне кіріседі ,кейбір балаларға жеке түсіндіріліп,көмек көрсетіледі.

VII Бекіту

-Бүгінгі сабақта не жасадық?

Сұрақ-жауап арқылы сабақты бекіту.

VIII Бағалау Балалардың жасаған жұмыстарын салыстырып мадақт