Кітап-ақылшың, әрі досың

248

Тақырыбы: «Кітап-ақылшың,әрі досың»

Мақсаты: Кітаптың ақылшы ,әрі білімнің көзі екенін түсіндіру.

Міндеттері: 1.сыни ойлаулары белсенді дамиды,өз ойларын толық,нақты айта білуге,өз көзқарастарын айтуға үйренеді.

2.Кітапты көп оқуға,өз беттерімен ізденуге өз пікірін айта білуге және кітап оқуға қызығушылықтары артады.

3.Өз елінің өткен тарихын,Елбасымыздың  кітапты көп оқығанынын үлгі тұту және үйрену,білімді болуға тәрбиелеу.

Көрнекілігі: кітап жайлы нақыл сөздер,слайдтар,

Әдіс-тәсілдері;СТО стратегиялары,-жолды өлең,Кері байланыс парағы.

     Ұйымдастыру:

Шаттық шеңбері:

Кітапта алма ағашы,Жемісін біздер теретін.

Тәтті алмаға балашы,

Кітабыңның әр бетін.

1 -жүргізуші: Қымбатты ұстаздар мен оқушылар! Бүгін біз сіздермен «Кітап-ақылшың,әрі досың»деген тақырыпта кітап конференциясын өткізгелі жатырмыз.

2-жүргізуші:Кітап-адамзат ақыл-ойының інжу-маржанын бойына жинайды да,оларды ұрпақтан-ұрпаққа жеткізеді.

1-жүргізуші:Кітапсыз адам өмірі бос.Кітап біздің досымыз ғана емес,сонымен бірге біздің тұрақты,мәңгілік сенімді серігіміз де.

2-жүргізуші:Балалар,сендер жылдан –жылға осы кітаптан оқып,білім алып,мәдениеттілікті,адамгершілікті,шыншылдықты үйреніп,кітаппен бірге ер жетіп келесіңдер.

1-жүргізуші: «кітапсыз өтілген бір күн орны толмас бос кеткен ,көркем әдебиеттерді таңдап оқи білу де үлкен өнер.Ол үшіноқырманды жас кезінен бастап өмір бойы оқи білуге баулу керек» дейді А.И.Маркулевич.

2-жүргізуші: «Кітаппен дос бол ,кітаптың жомарт беттері өзіңді тосар,адал дос одан жоқ тегі»деген Расул Гамзатов.

1-оқушы:Сен адамзаттың жақын досы,

Келмейді сені оқымай көңіл хошы.

Ел мұңы,өмір сыры,ақын жыры,

Басылған таңба болып өзіңе осы.

2-оқушы:

Ақыл керек білім таңдап аларға,

Білім керек іске жақсы қарарға.

Ақыл-шырақ,қара түнді ашатын,

Білім-жарық,нұрын саған шашатын.

Біліктіні тыңда-ақылдың бұлағы,

Білімді сөз-шырын жанның құнары.

Тәрбиесіз бала білім ұғар ма,

Олай болса уысыңнан шығарма.

3-оқушы:

Ұл мен қызын шолжаңдатса бетімен,

Тартар күйік,ет кескендейбетімен.

Қатты тәртіп көрсе бала күнінде

Өнерімен қуантады түбінде.

4-оқушы: Кітап!

Сөйлесіп өзіңменен тіл қатады

,Еріксіз сөзін жұртқа тыңдатады.

Жеткізіп өткендердің өсиетін,

Шешіліп кейде достай сырласады.

5-оқушы: Кітап!

Ақылдың сенбейтұғын шамшырағы,

Білімнің сарқылмайды балбұлағы.

Ашқанды-ақ өткен күнмен беттерррррріңді,

Келер күн көз алдыма кеп тұрады.

1.Қызығушылықты ояту. «Ортада қалам»

2.Кітап оқыған ұнай ма?

3.Неліктен?

2.Мағнаны тану.Бұл бөлімде кітаптың қысқаша шығу тарихы және ресей,ағылшын,қазақ елдерінде оны қаншалықты,қалай бағалайтындары жайлы зерттеп анықтады.

1-топ:Бейсенова Алтынай және Абай Айсара. ( орыс тілінде)

2-топ : Абилова Сымбат,Муканова Алтынай. (ағылшындарда)

3-топ: Сарсенбиева Саягүл,Арбагулова Сайда.  (қазақстанда)

              Қазақ халқының кітапқа деген көзқарасын анықтап,қорытынды жасау.

Кітапта алма ағашы

Жемісін біздер теретін.

Тәтті алмаға балашы,

Кітабыңның әр бетін,

— деп Мұзафар Әлімбаев атамыз жырлағандай, әдеби кітаптар  мен оқулықтар – бізге  білім көзі.Кітапты оқыған адамның жан дүниесі артады, ол біздің білімімізді молайтады,тәлім-тәрбие береді. .Айналадағы өмірмен,табиғатпен,құрбы –құрдастармен танысып , жақсы болуға құштарландыратын құрал – кітап.

Кітап–журналдар алғаш рет қайда пайда болған?

 

 

 

 

 

 

 

 

Алғашқы кітаптың шығуы жайлы.

Кітап — араб сөзі, «жазу» деген мағынаны білдіреді .Алғаш басылған кітаптар ксилографиялық кітаптар деп  аталады.Бұл атау гректің «ксило»ағаш, «графо» жазамын деген  сөздерінен  алынған.

«Папирус»кітабы.

Мысырда  жазуға папирус қолданыла бастады .Кітап  папирус деп аталатын су өсімдігінен  дайындалған материалға  Жазылып , жұмыр таяқшаларға шиыршықтап оралады .

Пергемент кітабы:

Пергамент –джазуға арналған ,өңделген бұзау терісі .Кіші Азиядағы  Пергама қаласының атымен аталған

Еуропада кітап  шығарудың  негізгі материалы  қағаз

XIII ғасырда пайда болған .Кітаптың шығу тарихы  мыңдаған  жылдар мен ғасырларды артқа тастаған екен.

Кітап басу-қолжазбаны  дайын кітап етіп шығаратын полиграфиялық өндіріс процесстерінің жиынтығы.Қазіргі кезде кітап басу жай қолмен  емес, автоматты  машинамен теріледі. Қуатты машиналар сағатына 4-5 мың дана көшірме басып шығарады.

Кітап туралы қазақ ақын-жазушыларының жазып қалдырған қанатты сөздері.

                                            Кітаппен дос бол,оның жомарт беттері           

                                            көзіңді ашар,адал дос одан жоқ тегі.

                                                                                                      Расул Ғамзатұлы.

 

    Кітап –өмір ұстазы.

    Кітап рухани құндылық.

Ол біздің досымыз, мәңгілік тұрақты серігіміз.

 Кітап ел мен жерді сүюге , талапты , кішіпейіл болуға , төзімділікке баулиды.

                                                                        

                                                                                               Мұзафар Әлімбаев.

                          ЖҰМБАҚТАР

Жүзі бар сәнді сұлу ондап ,мыңдап,

Сыры бар неше алуан  тұрсаң тыңдап.

Жүрмейтін жері де жоқ әлемде оның.

Қадірі мейлінше зор ,ол неткен  зат?

Ізінен іздегендер жол табады ,

Олжаны аздап емес мол табады,

 

Бір қойым бар қаны жоқ,

Қанатының жаны жоқ,

Адаммен сөйлесер,

Ақылы бар , жаны жоқ.

Жаны жоқ болсада

Ақылды адамның ісін істейді.

Кітап–білім бұлағы, білім-өмір шырағы.

Кітап- ақыл-ойдың айдыны.

Кітапсыз үй-терезесіз бөлме.

Кітап жинай берген мұрат емес, оқыған мұрат.

Көп жасаған білмейді,көп оқыған біледі.

                                                Кітаптар тұрағы –кітапхана

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кітапхана-мәдени-ағартушылық мекеме.Ол Баспасөз шығармаларын жинау ,сақтау,насихаттаумен,оқырмандарға баспасөз шығармаларын берумен  ғылыми-көпшілік жұмыстарын ұйымдастырумен  шұғылданады.Мұндай кітапханалар біздің еліміз Қазақстанның әр ауылында бар.Сол секілді біздің кіндік қанымыз тамған  жер Жалтыр ауылымызда да орталық кітапхана бар.

Викториналық сұрақтар

1.Кітаптармен жұмыс істейтін маман ?          Кітапханашы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кітап дүкендері-баспа өнімдерін сату,тарату ісімен шұғылданатан  сауда орындары.Кеңес өкіметінің ішкі саясатында  кітаптардың  көмекші құрал ретіндегі  маңызына сай  кітап саудасын  өндірістетуге баса назар аударылды.Қазақстанның барлық  ауылдары мен қалаларында көптеп ашыла бастады.К.д. Оқырмандарға қызмет көрсете отырып , оқырмандардар  конференцияларын ,кітап айлықтарын ,кітап көрмелерін өткізеді.Алматыдағы  Абай Кітап  үйі,Өскемендегі  Қасым Қайсенов  Кітап үйі осындай орталықтардың  қатарына жатады.

 

 

 

 

 

 

Кітап-арқылы біз өткенге көз жібереміз,жақсысынан  тағылым аламыз ,оны қымбат мұра ретінде бағалаймыз.

Ал енді қорытындылай-ық!

Кітап қазақ жерінде  қай заманда болса да өзінің құндылығын жоғалтпаған. Қазақстанда әлі де кітапханалар,кітап дүкендері  ашылуда. Презентациядан байқағандарыңыздай   қазақ тілдегі көптеген жұмбақтар,мақал-мәтелдер,ақын-жазушыларымыздың жазып қалдырған нақыл сөздерінің көбі осы кітап жайында. Қазақ  халқы кітапты аспаннан да биік ұстайды,қадір тұтады.

1-топ:  Авторға хат жазу.

2-топ:Кітап туралы 5-жол өлең құрастыру.

3-топ: Болашақтағы кітапты қалай елестетесіңдер? Суретін салу.

Ой толғаныс.Кері байланыс парағы.

-Конференция ұнады ма?

-Неліктен?

-Келесі конференцияға келесіз бе?

Оқушылар өз ойларын жазу.