Жау-жау жаңбыр К.Дүйсекеев

2318

Тақырыбы: Жау-жау жаңбыр К.Дүйсекеев

Мақсаты:      1.Балаларға әннің сөзін,әуенін үйрету.

2.Ой-өрісін,дүниетанымын,есте сақтау музыка дыбыс жоғарлығын,таныс әндерді танып,ажырату қабілетін дамыту.

3.Мейірімділікке, адамгершілікке ,өнерді бағалай білуге  тәрбиелеу.

Көрнекілігі:   Жаңбыр жауып тұрған бейненің суреті.

Әдіс-тәсілі:Сөздік,практикалық

Сабақтың түрі:Жаңа сабақ

Сабақ барысы:  I Ұйымдастыру кезеңі

Балаларды түгендеп,құрал-жабдықтарын алғызып,сабаққа назарын аудару.

IV Мақсат қою

-Күзде,көктемде,жаз мезгілдерінде аспанды бұлт торласа не жауады?

-Жаңбыр

-Бүгін жау-жау жаңбыр әнін үйренеміз.

V Жаңа сабақ

-Жаңбырдың пайдасы қандай?

-Жазды күні жаңбыр жаумаса не болады?

Жау-жау жаңбыр К.Дүйсекеев

  1. Алатаудың бауырында

Атам,әжем ауылында

Ақша бұлттар ауа берші

Жау-жау жаңбыр жауа берші

Қ-сы:

Бақыт болып жаушы жаңбыр

Менің әсем қалама

Бақыт болып жаушы жаңғбыр

Менің байтақ далама

Менің әсем қалама

Менің байтақ далама                2-рет

2Алматыдай ақ қалама

Жасыл желек жас қалама

Ақша бұлттар ауа берші

Жау-жау жаңбыр жауа берші

Қ-сы:

Әннің сөзін әуенімен жаттатқызу.

VII Қорыту

-Балалар қандай ән үйрендік?

-Бұл өлеңде не туралы айтылған?

-Екі-үш оқушыдан тақтаға шығарып әнді айтқызу.

-Хормен айтқызу.

 

VIII Бағалау            Сабаққа жақсы,белсенді  қатысқан баланы мадақтау

 

БӨЛІСУ
Алдыңғы жазбаЖаңбыр
Келесі жазбаКүз жомарт