Күз жомарт

190

Тақырыбы: Күз жомарт

Мақсаты:      1.Таныс шығармаларды кіріспесінен,үзіндісінен тануға,ән мазмұнына сәйкес биде,ойында өзіндік қимылдарын ойлап табуға  талпындыру.

2.Ой-өрісін,дүниетанымын,есте сақтау музыка дыбыс жоғарлығын.таныс әндерді танып,ажырату қабілетін дамыту.

3.Мейірімділікке, адамгершілікке ,өнерді бағалай білуге,табиғатты тамашалай білуге   тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Күзгі табиғат көрінісі,жеміс,көкөністер.

Әдіс-тәсілі:Сөздік,практикалық

Сабақтың түрі:Бекіту сабақ

Сабақ барысы:

I Ұйымдастыру кезеңі

Балаларды түгендеп,құрал-жабдықтарын алғызып,сабаққа назарын аудару.

 

IV Мақсат қою

-Қазір жылдың қай мезгілі?

-Осы жыл мезгілін неге «Жомарт күз»-деп атайды?

-Өткен сабақтарда бақылаған күн құбылыстарды салыстырып

VI Бекіту

Өткен сабақтағы тақпақтарды еске түсіріп,қайталау.

Апорт

Апорт деген алма бар,

Алматы-оның Отаны.

Ондай алма қайда бар?

Жерді жарған атағы.    Е.Елубаев

-Басқа тағы қандай алма түрлерін,күз сыйлығын білесіңдер?

 

Күзім-ау,күзім-ау,

Мінезің бұзық-ау

Жаңбырың сіркіреп,

Келгенің қызық-ау

 

-Ауа-райындағы қандай өзгерістерді байқай аласыңдар?Күзге байланысты қандай әндерді білесіңдер?Әннің мазмыны не туралы?Жаңбыр қай кезде көп жауады?

Ән: «Жаңбыр»-әні Т. Базарбаевтікі

 

VII Қорыту

Ойын: «Кім тез жинайды»

Шарты: Себетке жемістерді тез жинау.

 

VIII Бағалау            Сабаққа жақсы,белсенді  қатысқан баланы мадақтау