Наурыз тойы -елдің тойы

25

Тақырыбы:Наурыз тойы -елдің тойы

Мақсаты:      1.Балаларға Наурыз қазақтың ұлттық жаңа жылы екенін түсіндіру.

2.Ой-өрісін,дүниетанымын,есте сақтау қабілетін дамыту.

3.Мейірімділікке, адамгершілікке,ананың ақ сүтін бағалай білуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі:  Мазмұнды суреттер,нақыл сөздер

Әдіс-тәсілі:Сөздік,практикалық

Сабақтың түрі:Жаңа сабақ

Сабақ барысы:  I Ұйымдастыру кезеңі

Балаларды түгендеп,құрал-жабдықтарын алғызып,сабаққа назарын аудару.

IV Мақсат қою

-Көктемнің бірінші айын ата.

-Наурыз да болатын мерекелерді ата.

-22-Наурыз  жаңа жыл туралы өтеміз.

 

V Жаңа сабақ

Шығыс күнтібесі бойынша Наурыз айы нағыз жаңа жыл.21-нен 22-сіне қараған түні күн мен түн теңеледі.Наурыз деген сөздің өзі «Нау»-жаңа, «руз»-күн деген сөздерінен алынып,жаңа жыл деген ұғымды білдіреді.

Наурыз бақыттың бастамасы,ұлылылықтың ұйытқысы,жақсының жарсысы,ынтымақтыфң белгісі,өмірге нұр силаған,сезімге гүл сыйлаған,халық қастерлейтін күн.

Қазақ халқы наурыз күнін «Ұлыстың ұлы күні»-деп ,жақсылық тілейді.Ескі жылдағы өкпе араздықты ұмытып, «Ұлыс оң болсын,бәле-жала жерге енсін,ақ мол болсын,ел тоқ болсын!» деседі.Жас-кәрісі бірін –бірі құттықтап,құшақтасып көріседі.

Наурыз тойының мақсаты-халыққа молшылық,тоқшылық тілеу.Сол үшін қазан-қазан наурыз көже жасайды.

Бата: Уа,құдайым оңдасын

Жаманшылық болмасын

Ұлыс оң болсын!

Ақ мол болсын!

Қыдыр баба қолдасын

Аман сақтап мал басын

Еккен егін солмасын.

VIБекіту

-Наурыз тойы қай уақытта тойланады?

-Дастарханға не жасайды?

-Наурыз тойына арналған тамақ қалай аталады?

 

VII Қорыту

Мақал: Наурыз тойы-елдің тойы

 

VIII Бағалау            Сабаққа жақсы,белсенді  қатысқан баланы мадақтау

 

 

БӨЛІСУ
Алдыңғы жазбаСоғым басы
Келесі жазбаБесік жыры