Қуыршақтар

85

Тақырыбы: Қуыршақтар

Мақсаты:      1.Ойыншықтарды  күтіп ұстауға үйрету.

2.Ой-өрісін,дүниетанымын дамыту.

3.Оқушыларды ұқыптылыққа,тазалыққа, тәрбиелеу.

Көрнекілігі:  Ойыншықтар

Әдіс-тәсілі:Сөздік,әңгіме

Сабақтың түрі:Жаңа сабақ

Сабақ барысы:  I Ұйымдастыру кезеңі

Балалармен амандасып,түгендеп,құрал-жабдықтарын алғызып, назарын сабаққа аудару.

IV Мақсат қою

-Балалар сендер немен ойнағанды жақсы көресіңдер?

-Ойыншықпен

-Ендеше бүгін біз жақсы көретін ойыншықтармен,қуыршақтармен ойнаймыз.

V Жаңа сабақ

Өлең:          Біздерде бар қуыршақ

Бұзау қозы құлыншақ

Ойыншықтар тыңдайды

Ақыл айтып бұйырсақ

-Бұл өлеңде  қандай ойыншықтар туралы айтылған?

-Сенің қандай ойыншықтарың бар?

Ойын :  «Ойыншықты тап»

Шарты : Сендер ойыншықтарды тауып атын атап,түсін,үлкен кішілігін ажыратасыңдар.Сол ойыншыққа өздерің жақсы мейірімді тілек тілейсіңдер.

Мақсаты:Ойыншықтарды атау,және кеңістікті бағдарлай отырып табу.

Мысалы: 2 баланы ортаға шығарып

Алға үш қадам

Солға бұрыл,

Екі қадам артқа

Не таптың?

Кезегімен балаларды жіберіп әр түрлі ойыншықтарды алып,оны сипаттап беру.

Түсі: сары,Пішін: үлкен

VI Пысықтау
1.Ойыншықтың қандай түрлерін білесіңдер?

2.Ойыншықтар қандай материалдан жасалады?

 

VII Бекіту

Уәде: Мен ойыншықты сындырмай,кірлетпей,күтіп ұстаймын.Досымда,бауырымда жоқ болса бөлісіп бірігіп ойнаймын.

 

VIII Бағалау

Сабаққа жақсы қатысқан баланы мадақтау