Бірдей заттарды бір түспен боя

91

Тақырыбы: Бірдей заттарды бір түспен боя

Мақсаты:      1.Бірдей заттарды бір түспен бояуды үйрету.

  1. Суретті бояу арқылы балалардың түстерді ажырата білуін,логикалық ойлау қабілетін,есте сақтау қабілетін дамыту.

3.Әдемі,таза жазуға,бояуға шапшаңдылыққа тәрбиелеу.

Көрнекілігі:Жалау ,күннің,баланың боялмаған суреті.

Әдіс-тәсілі:Сөздік,практикалық

Сабақтың түрі:Жаңа сабақ

Сабақ барысы:

I Ұйымдастыру кезеңі

Балалармен амандасып,түгендеп,құрал-жабдықтарын алғызып, назарын сабаққа аудару.

IV Мақсат қою

Балалар мына суретте не көріп тұрсыңдар?

-Тудың және күннің,жымиып тұрған баланың суреті.

-Балалар мына суретте не жетпей тұр?

-Бояу

-Ендеше бірдей заттарды бір түспен бояуды үйренеміз

 

V Жаңа сабақ

Боямас бұрын Қазақстан мемлекетінің рәміздерін есімізге түсірейікші.

-Елтаңба,ту,әнұран

-Қане ту туралы кім тақпақ біледі?

2 оқушы ту туралы тақпақтарын айтады.

-Күн бізге не үшін керек?

-Жарық,жылу үшін

Ендеше балалар алдарындағы бірдей суреттерді бір түспен боя.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

VII Бекіту

Оқушылардың шығармашылық жұмысы.Бірдей суретті бір түспен бояйды.

 

VIII Бағалау

Сабаққа жақсы қатысқан баланы мадақтау.

 

 

Бірдей заттарды бір түспен боя