«Жас ізшілер»

66

 

Тақырыбы: «Жас ізшілер»

Мақсаты: Сурет бойынша әңгіме құрастыру.

Міндеттері:

Міндеттер:

Білімділік

  • Сурет бойынша әңгіме құрастыруды үйрету

Дамытушылық:

  • Әңгімені жоспарға сәйкес құрастыруды жаттықтыру;
  • Сюжетті әдеби сөздермен толықтыру, байланыстырып сөйлеуге жаттықтыру;
  • Шығармашылық қиялдарын дамыту;

Тәрбиелік:

  • Балаларды тыңдай білуге, табиғатқа сүйіспеншілік тәрбиелеу;

 

Көрнекіліктер:

«Қыс» суреті, «Бөл де қой», «Ал да қос» сиқыршылардың суреттері,схема-карточкалар, 3 түсті фишкалар, үнтаспа

 

Үлестірмелі: Әр топқа схемалар,ақ қағаз, қарындаштар,әр балаға бақылайтын

құбыр, бағалау текшелер.

 

Әдісі: Көрнекілік, түсіндіру, сұрақ-жауап,көркем сөз,И.Н.Мурашсковска әдісімен жұмыс өткізу,дидактикалық ойындар,практикалық жұмыс.

 

Сөздік жұмысы: орманшы, бұғы, шетен ағаш, суықторғай,бұта,ізші.

 

Алдын-ала жүргізілген жұмыстар:

Орманшы,ізші туралы түсінік беру, қыста табиғаттағы өзгерістер туралы әңгімелесу,тақпақтар оқу.

 

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі:

Психологиялық тренинг:

Армысын, алтын күн!

Армысын, асыл жыр!

Армысын,көк аспан!

Армысын, жан досым!

Жылуыма жылу қос

Міне,менің қолым бос!

  1. II. Кіріспе әңгіме:

— Өткен сабақта біз үлкендердің мамандықтарымен таныстық, ал кәзір оларды маған атап беріндерші? (мұғалім, құрылысшы, егінші, тігінші,дүкенші, т.б.)

— Орманшы мамандығы туралы не білесіңдер? Ол немен айналысады?

— Дұрыс, ол орманды қорғайды, ормандағы жабайы аңдарды, құстарды, ағаштарды бақылап, оларға көмек көрсетеді. Ормандағы өзгерістерді байқайды.

  1. Сабақтың мақсатымен таныстыру.

— Бүгін біз орманға саяхатқа барамыз, орманшы біздең көмек сұрады. Орманда не болып жатқаның, қандай өзгерістер болғанын орманшыға айтып береміз.

— Балалар, орманға қалай жетуімізге болады? (автобуспен, тікұшақпен, т.б.)

Сиқырлы сәт: — біз балалар, орманға  сиқырлы ұшқыш – кілеммен барамыз. Бәріміз кілем үстіне отырып көзімізді жабайық, ал кілем бізді орманға жеткізеді.

(балалар кілем үстіне отырғанда үнтаспамени әң қою, тақтаға сурет ілу)

 

Ал, балалар, біз келіп қалдық, көздерінді ашындар.

Сұрақтар:

  • Балалар,суретте не салынған?қай жыл мезгілі салынған? Қалай білдіңдер? Суретті қалай атауға болады? («Қысқы орман», «Орманда»)
  1. – Балалар, біз суретті аңықтап қарап, не салыңғаның айтып беруіміз керек. Осы істе бізге сиқыршы «Бөл де қой» көмек ккөрсетеді

(Тақтаға сиқыршының суреті ілінеді)

  • Сендердің алдарында жатқан бақылайтын құбырды алып бір затқа дәлдендер, көргендеріңді маған атандар, ал мен сендердің олжаларынды тақтаға схема түрінде бекітемін. Сабақ аяғында, мен ең көрімпаз балаға арнайы тапсырма беремің. Қанеки, егжей-тегжейге шабыт бастайық.

         

(балалар суреттегі бір-бір заттан атайды,тәрбиеші атаған затты схема түрінде тақтаға іледі)

  1. Сергіту сәті:

Тербелейді ағаштар,

Алдымнан жел есейді,

Кіп-кішкентай ағаштар,

Бик-биік боп өседі.

  1. Енді, екінші сиқыршы «Ал да қос» бізге көмекке келді (тақтаға сиқыршының бейнесі ілінеді)

— «Ал да қос» сиқыршы бізге бір-біріне қатынасы, байланысы бар заттарды қосуға көмектеседі. Алдарында аталған заттардың схемалары бар, сендер топқа бөлініп, олардың бір-біріне байланысын табуы қажет.

Кімге  «Ал да қос» сиқыршы көмектесті, сол тақта алдына шығып байланысы бар заттарды сызықпен қосып, сөйлем құрастырып түсінік береді.(Мысалы: мен қоян мен түлкіні сызық арқылы қостым,өйткені түлкі қоянды аңдып жүр)

  1. біз суретті бөлшектерге бөліп , олардың олардың бір-біріне қатынасын тауып сөйлемдер құрастырдық. Енді, осы сурет бойынша бізге әңгіме құрастыру қажет.

Қысқы орман.

Қысқы орман ғажап. Жер мен ағаштар ақ тонмен жамылған. Бұтақтан бұтаққа құстар ұшып жұр. Бұта арасында,шетен ағаш жидегіндей суықторғайлар қызарып отыр. Қар үстінде аңдар мен құстар ізінең ою-өрнектер салынған. Орман ішінен жүгіріп шыққан бұғы,қоянды аңдып жүрген түлкіні шошытып жіберді.

(2-3 баланы тыңдау)

 

  1. Қорытыңды: бүгін біз жас ісшілер болып үлкен жұмыс өткіздік. Көп бақыладық,көп зерттедік, көп білдік, көпке үйрендік. Ал, енді сендер өз-өзіңді 3 түсті фишкалар арқылы бағалайсындар. Ол үшін қорапшадан фишканы аласыңдар, егер сабақта жақсы жұмыс істедім деп ойласандар қызыл түсті фишканы аласыңдар, орташа- жасыл, аз қатыстым деп ойласандар- көк түсті фишка (өз-өзін бағалау).
  2. Үй тапсырмасы:

Әр балаға конверт ішіне  мазмұнды сурет салып беру. Үйде ата-аналармен бірге сурет бойынша әңгіме құрастыру, қағаз парағына жазып сыныпқа алып келу.