Ойнайық та, ойлайық

86

 

Сабақтың мақсаты:

Білімділік:

5 –ке дейінгі сандарды тура және кері санауға жаттықтыру, геометриялық пішіндерді меңгерту. Логикалық есептер шығаруға, уақытты, кеңістікті бағдарлай білуге, апта күндерін дұрыс атауға.

Дамытушылық:

Өздігінен жұмыс істеуге машықтандыру, ойлау қабілетін, байқампаздығын, сабаққа қызығушылығын дамыту. Өздігінен талдау жасауға үйрету, санаған сандарын сапалы түрде түсіне білуге дағдыландыру.

Логикалық ойлау қабілетін дамыту, ой – өрісін, білімділігін, зейінін, есте сақтау қабілеттерін

Тәрбиелік:

Шыдамды болуға, ұжыммен жұмыс істеуге тәрбиелеу, ой еңбегіне бейімдеу, адам мен табиғат арасындағы байланыс арқылы еңбексүйгіштікке, татулыққа, бірлікке тәрбиелеу.

Психологиялық:

Білімді үйренуге деген қызығушылығын арттыру. Зейінін, қиялын, зеректігін, тапқырлығын дамыту. Жарысуға, жарыста жеңімпаз болуға ынталандыру.

Пәнаралық байланыс:

Есеп, тіл дамыту, көркем әдебиет, айналамен таныстыру.

Әдіс – тәсілдер:

Сұрақ – жауап, жұмбақтар жасыру, көрсету, салыстыру, ертегі әңгімелеу, сахналау, дид/ойын, сергіту сәті, бақылау, мадақтау, қорыиындылау.

Көрнекіліктер:

Цифрлар, әртүрлі ұсақ ойыншықтар, геометриялық пішіндер, жемісжидектер, үй жануарлары, суреттер (құрастыруға).

Амандасу.

Психологиялық сәт:

Балаларға екі алақандарын толық ашып, саусақтарына қарауларын айтамын. Қолымыздағы саусақтар әртүрлі.

  • Кішкене шынашағымызды алақанымыздың ортасына жеткізейікші, қалған төртеуін қозғалтпай. Қане, жете ме екен?
  • Жоқ.
  • Олай болса барлық саусақтарымызды бірақ жұмамыз.
  • Алақанымызды жабады ғой, иә! Олай болса біз жалғыздан ештеме істей алмайды екенбіз, ал барлығымыз жұмылсақ, бірге істесек алынбайтын, шешілмейтін тапсырма болмайды.

Жақсы көңілмен барлығымыз бірігіп сабағымызды бастайық.

 

  • Қане балалар, есімізге түсірейікші, бір жылда неше мезгіл бар?
  • 4 мезгіл.
  • Осы төрт мезгілді атайықшы.
  • Қыс, көктем, жаз, күз.
  • Ал, қазыр жылдың қай мезгілі?
  • Көктем.
  • Өте жақсы айттыңдар, дұрыс.
  • Осы көктем мезгілінде неше ай бар? Соларды атап көрейікші.
  • Наурыз, сәуір, мамыр.
  • Көктем мезгілі келгелі сендер қандай өзгеріс – ерекшеліктерді байқадыңдар?
  • Күн жылынды, қар еріді, құстар ұшып келе бастады. Қорада тұрған төлдеріміз төлдеді.
  1. Дид/ойын «Төлдерін ата».
  • Өте жақсы. Кімнің үйінде қандай үй жануарлары бар?
  • Сиыр, қой, ешкі, жылқы, түйе.

Сиыр – бұзаулайды

Қой – қоздайды

Ешкі – лақтайды

Бие жылқы – құлындайды

Түйе – боталайды.

Төлдерін қалай деп атайды екенбіз: бұзау; қозы; лақ; құлын; бота.

  • Сонда біз қанша төлдерді біледі екебіз? Санайықшы.
  • 5
  • Апа – атамыз, әке – мамаларымыз осы сөздерді пайдаланып бізді қалай еркелететінін айтып көрейікші: Құлыным, қозым, ботам…
  1. Тапсырма. Дид/ойын «Қай күн?».
  • Балалар біз балабақшаға неше күн келеді екенбіз?
  • 5 күн
  • Ал, онда неше күн демаламыз?
  • 2 күн.
  • Осы күндердің аттарын атап көрейікші. Қане кім айтады аптаның 1 – ші (2-ші, 3-ші, 4-ші, 5-ші)күндері қалай деп аталады екен?
  • Жауап: Дүйсенбі

Сейсенбі

Сәрсенбі

Бейсенбі

Жұма

Демалыс күні: Сенбі

Жексенбі

5 күн балабақшаға келіп, 2 күн демалады екенбіз.

  • Тапсырма: «Уақытты бағдарлау», «Кеңістікті бағдарлау»
  • Балалар мен сендерге жұмбақ жасырамын. Ал, сендер, маған жауабын дұрыс тауып (шешіп) айтуларың керек.
  1. Ұйқымыздан тұрамыз,

Беті – қолды жуамыз.

Әкемізге ереміз,

Бақшамызға келеміз.

Бұл қай кезде, балалар?                                                      Таңертең

  1. Біз тәртіпті баламыз,

Сабақты да оқымыз.

Серуенге шығамыз, қыдырамыз.

Бұл қай кез, балалар?                                                            Түс

  1. Серуеннен қайтамыз, ұйықтаймыз,

Жеңіл тамақ ішеміз,

Ойнаймыз.

Бұл қай кез, балалар?                                                            Бесін

  1. Күн батады қызарып,

Мамамызды күтеміз.

Бұл қай кез, балалар?                                                            Кеш

  1. Үйлерде шам жанады,

Дем алады бар әлем,

Деп әлдилер ақ әжем.                                                            Түн

  1. Дид/ойын: «Адасқан сандар» 1 – ден 5 – ке дейін санаймыз.
  • Қане балалар, біз алдымен 5 – ке дейін санайық. (карточка таратып, сандарды ретімен қойып шығамыз) 1, 2, 3, 4, 5.
  • Ойланайық бір мезет,

Абайлайық, қарайық,

Санды енді тізбелеп,

Кері қарай санайық.

Енді кері санайық. 5, 4, 3, 2, 1.

(сандардың емлесін тауып дұрыс орналастыру).

Тақта алдында жұмыс

1   2  5  3  4

3   2  1  4  5 т.с.с.

  1. Дид/ ойын: «Көршісін тап».

Тақөта алдында жұмыс.

…2…                      …4…               …3…                     …5…                  …1…

Қажет сандарды тауып өз орындарына дұрыс орналастыру қажет. Қалған балалар үстел үстінде өз бетінше жұмыс жүргізу.

  1. Дид/ойын: «ойлан – тап».

Балалар көздерін жұмады. Ойлау, есту қабілетін жетілдіру мақсатында іштерінен санап, неше рет дыбыс бергенімді алдарындағы саннан дұрыс тауып көтерулері керек.

Сергіту сәті.

  • Логикалық есептер:
  1. Бес алманың үшеуін,

Досың сұрап алады.

Айтшы сонда нешеуі,

Өз қолыңда қалады.?                                               (екі)

  1. «5» алған балаға 5 алма,

«4» алған балаға 4 алма.

«3» алған балаға 3 алма.

«2» алған балаға неше алма?                                     (екі)

  1. Бес бұтақты шыршада,

Бұтақ сайын екі алма.

Біреуін бер досыңа,

Сонда қалмақ неше алма?                          (шыршада алма өспейді)

  1. Қолымды 1 алма, табақта 2 алма,

Қосқанда барлығын болады неше алма?                  (үш)

 

  1. Бөлменің 4 бұрышы бар,

Әр бұрышта 1 мысықтан отыр,

Барлығы неше мысық?                                               (төрт)

  1. Жанып тұрған 4 майшамның 2-уі сөніп қалды.

Сонда неше майшам қалды?                                      (екі)

  • Ата – анамен байланыс.

Ата – аналарының үйден үйреткен 1 – ден 5-ке дейінгі санамақтарын сұрау.

1-ден  5-ке дейінгі сандарды бекіту.

  1. Дид/ойын: «Кім жылдам?»

Ойын ата – анамен бірігіп ойналады.

Берілген қиынды суреттерден тауып дұрыс құрастырып, артына жазылған нақыл сөздерді оқу керек.

Тіл дамыту, айналамен таныстыру сабақтарымен байланыстыру.

  1. – Балалар, біз қандай геометриялық пішіндердің түрлерін білеміз?

 

 

 

 

 

  • Өте дұрыс. Мен сендерге жұмбақ жасырайын. Сендер жауабын шешіп, атап, қандай пішінге ұқсайтынын атайсыңдар
  1. Таңмен көзін ашады,

Әлімге нұрын шашады.                                          (күн)

 

 

 

  • ке ұқсайды

 

  1. Төрт бұрышты, бір ауызды (сандық)

 

 

 

                 — қа ұқсайды.

 

  1. Айдалада ақ отау,

Аузы, мұрны жоқ отау.                                           (жұмыртқа)

 

 

— ға ұқсайды.

 

  1. Тікен – тікен тік пісте,

Қысы – жазы бір түсте.                                            (шырша)

 

 

 

  • қа ұқсайды.

 

  1. Төрде жатып шалқиған,

Дәу қарны бар қампиған.                                         (жастық)

 

 

 

— ға ұқсайды.

 

  1. Жапырықты тасалап,

Өсетін жері бақша – бау.

Күрең қызыл шіркін – ай,

Оның аты ……….. бүлдірген.

Сендерге  «Бір бүлдірген» ертегісін айтып берейін.

Ерте, ерте, ертеде 3 балапан өмір сүріпті. Бір күні олар жайылып жүргенде бір бүлдірген тауып алыпты.

  • «Бүлдірген болса біреу, оны біз қайсымыз жейміз» — дейді.

Біз болсақ: біреу, екеу, үшеуміз. Осы кезде ақалды күрке тауық кездеседі.

  • Біз балапандармыз ғой, бізге мына тауып алған бүлдіргенімізді бөліп беруге көмектесіңізші.
  • Ал, сендердің мамаларың біреу ме?
  • Иә, біреу…
  • Онда, біз жалғыз бүлдіргенді қалай бөлеміз?
  • «Сендер, бұл бүлдіргенді АНАларыңа апарып беріңдер» — дейді күрке тауық.

Иә, солай істейін деп балапандар бүлдіргенді мамаларына әкеліп береді. Мамаларына бүлдірген ұнайды. Балапандар да өте қуанышты болды.

Бұнымен айтпағымыз:

«Табиғат сыйы»                            (жемістерді көрсету).

Біреуін жеп жемістің

«Дәмді екен…» деп тамсандық

Айта қойшы шырағым,

Дәмін қалай біле алдың?

Естіп пе

Әлде

Көріп пе,

Жоқ, әйтпесе, сезіп пе?

 

Жауап: дәмін сезіп.

  • Олай болса: Дид/ойын: «Ненің дәмі?»

Арнайы ыдысқа кесіп салынған жеміс – жидектердің дәмін жеп анықтаймыз.

Дәмін сезу қабілетін дамыту.

Жемісті атап, қандай геометриялық пішінге ұқсайтындығын, дәмін айтып, түр – түсін ажыратып айтуларын сұрау.

*** Балалар, біз бүгінгі сабақтан алған қуанышты көңіл – күйімізді қалай білетінімізді көрсетейік. Сабақ сендерге ұнады ма?

«Шаттық шеңбері» — дөңгелене тұрып, қолдарымызды шапалақтаймыз.