«Мәуелі бәйтерек» (сахналық қойылым)

76

 «Мәуелі бәйтерек» (сахналық қойылым)

Мақсаты: балаларға патриоттық тәрбие беру арқылы, бәйтеректі мақтап етуге, самұрық құсты құрметтеуге, ойлау, сөлеу мәдениетін арттыру.

Көрнекіліктер: Сахнада балалар өлең айтып, би-билеп жүреді. Балаларды көрген тәрбиеші, мен сендерді қайда десем, сұлу табиғат аясында демалуға келген екенсіңдер ғой.

Балалар: Набат Сарсенбайқызы, біз «Бәйтеректе» демалғымыз келеді.

Балалар:  сендер «Бәйтеректің шығу тарихын білесіңдер ме?»

— жоқ, сіз айтып беріңізші?

-жарайды.

Тәрбиеші интерактивті тақта арқылы баяндайды.

-Ертерек ықылым заманда Ерназар деген бай болыпты. Оның сегіз бірдей ұлы ел тыныштығын күзетіпті. (8 батыр сахнаға шығып, әкесі мен анасын айналып, бетінен сүйеді.) Осылайша шаттанып өмір сүргенде, табиғаттың сұлулығын бір айдаһар бұзады. (Айдаһар келіп, табиғаттың тас-талқанын шығарады) елді қара түтін басады. Ерназар бай 8 ұлын айдаһарды жеңіп, елге аман-есен оралуын айтып, ақ батасын береді.

Балалар:  Ерназардың 8 ұлы айдаһарды жеңе ала ма екен?

Тәрбиеші: жеңе алмайды… бір күні дүниеге сұлу да, келбетті сәби- Ертөстік дүниеге келеді. Ертөстік сағат сайын өсіп, жетіліп, алып батыр болып өседі. Сөйтіп әкесінен бата алып, 8 ағасын құтқаруға аттанады. Жүре-жүре, бір алып бәйтеректің басында ұядағы балапандарын  жеуге дайындалып жатқанда шырылдаған Самұрық құс Ертөстіктен көтек сұрайды. Ертөстік батыр айдаһарды жеңіп шығады. Сонда Самұрық құс Ертөстіктен қалағанынды сұра дейді. Ертөстік 8 ағасын, елінің көркеюін сұрайды. Самұрық «Менің қанатымнан ұста, қанатымен еліңе су себелейін-деп ұышп кетеді». Сол кезде гүлдер ашылып,қыздар билейді де, «Бәйтерек» ашылады.

Балалар:-Мынау Астанадағы «Бәйтерек ғой»

Тәрбиеші: Ия, Бәйтерек біздің мәдениетіміз, тарихымыз. Тарихқа сүйінсек, ағаш жемісі өмірдің өзі, ұрпақ халқы. Бәйтерек Қазақстан символы, осы Бәйтерек аясында өлең тақпағымызды айтайық.