Б дыбысы және әріпі.

84

 

 Сабақтың тақырыбы: Б дыбысы және әріпі.

Сабақтың мақсаты: Б дыбысы және әріп таңбасымен таныстыру.

Балаларды Б дыбысы бар сөз, сөйлем ойлап табуына

назар аудару сөздік қорынына мән беріп, қиялын дамыту.

Ұқыптылыққа,сауатты жазуға тәрбиелеу.

Көрнекі құралдар: Интерактивті тақта,плакат, үлестірмелі материалдар.

Әдіс-тәсілдер:Сұрақ-жауап, түсіндіру, ойын түрі; саяхат.

 

Сабақтың барысы

Психологиялық дайындық

 

Дөңгеленіп тұрып бәріміз бір-бірімізге жылы лебіз білдірейік:

Біздің топта ұл-қыздар,

Тату-тәтті ойнаймыз.

Әлемдегі бар адамға,

Тек жақсылық сыйлаймыз.

Ұйымдастыру.

-Балалар біз бүгін саяхатқа барамыз, немен барғымыз келеді? Қандай көлік түрлерін білесіңдер ? (машина  , ұшақ, кеме)

-Ендеше мына тақтаға қарайықшы, не көріп тұрмыз? Балалар мына сандарды санайықшы

 

 

6

       

                                                                                                          7

 

 

 

5

                                                    3                                                               4

 

 

 

                                                               2                                       1

 Балалар бұл не? (кеме)

Не үшін керек деп ойлайсыңдар?

Суда жүзу үшін.

Ал кеме қайда жүреді?

Суда .

Оның жүргізушісі кім?

Ендеше ол сіздерге шақыру билетін берді. Осы кемемен аралдарға барып ,сол аралмен танысамыз.

 

   1- арал.Қайталау

Сиқырлы жазу

 

 

                                                                       Жақсы музыка

 

         М       Ы        С      Ы       Қ

(текшемен белгілеп)

Балалар мына тапсырмада жасырын сөз беріліпті. Осы сөзді тауып көрейік .Сіздер айтыңдаршы үйде  біз қай жануарды ұстаймыз? Қандай        —- түстерді көріп тұрмыз? (қызыл,көк) Оларды ажыратып беріңдерші?

Мысық сөзін буынға бөлейікші ? (2 буын). Қай әріптен басталып жазылады? (М)      Жақсы балалар енді екінші аралға барайық.

     2- арал.

Балалар суда жақсы көрінетін мынау не? (балық)

Қараңдаршы ол қандай? (Сиқырлы,алтын)

Ендіше бүгін бізге қонаққа  алтын балық келіпті.

Балық сөзінің бірінші әріпі қандай дыбыс ? (Б)  Айтып көрейікші (Б). Дауысты ма, Әлде дауыссызба?

  • Осы сөзді буынға бөліп көрейікші?
  • 2 буын бар.Ендеше дауысты дыбыс нешеу ? (2)

Жақсы балалар екінші аралдан да өттік еді. Алтын балық маған тағы бір арал бар деп сыбырлайды , ол аралда да тапсырма бар екен.

 3- арал.

«Мына сиқырлы қаламшамен сіздер б – әріпінен басталатын сөздер жазып беріңдерші» — дейді алтын балық.

 

Р
О
Б

 

 

 

Сиқырлы әріптер шашу :     Б.А.Р.Л.Қ.О.Ы.А .        Балық. Бор. Бала.

Талдап кету. Әр баланы сөйлету. Оқытып шығу.

  • Өте жақсы балалар. 3- аралдың тапсырмасын жақсы орындадық . Алтын балық тағы ары қарай барайық деп тұр , ендеше алтын балықтың соңынан жүрейік.

4- арал. Сергіту сәті.

Балық,балық  балықтар,

Қане  қатар  тұрыңдар.

Қанаттарыңды   ашыңдар,

Бұлай –бұлай  малтыңдар.

Бір, екі,үш,төрт ,бес,

Орыңдарыңды табыңдар тез.

 

 

Өте жақсы, бұл тапсырманы өте жақсы орындадық.

Балалар балық тағы сыбырлайды , енді біз сиқырлы балықпен  келесі аралға барғанда ойын ойнаймыз дейді.

  • Ойнаймыз ба?

5- арал.  «Қатені  тап.»

Балаларды  екі топқа  бөліп ,әртүрлі  суреттер  беру.Сол  суреттерден  Б   және  М әрпіне  байланысты  сөздерді  тауып   тақтаға  ілу.(бақа, балық, бала)(мысық, машина,маймыл,т.с)

6- арал. Алтын  балықтың  келесі  тапсырмасы ,Б әрпін  жазу. Тақтаға  жазбаша түрін  жазып  көрсету.Ауада  жазу. Дәптерге  бастырып  жаздыру.Өте  жақсы  балалар,бұл  тапсырманы  да  жақсы орындадық.

7- арал.

Енді біздің соңғы тапсырмамыз  , әр қайсыңыз балыққа арнап б – әрпі бар тақпақ айтып беріңдер. Осы тақпағымызды жақсы айтсақ , ол балықтың сіздерге арналған сыйлығы бар екен.

Әр оқушыға балық жапсырылған шар тарату.( аттарына байланысты көк, қызыл).

  • «Сіздер құрлыққа барғанда мына шармен ойнап жүріп мені естеріңе алыңдар.Әр қайсыңыз аттарыңызды айтып отырып соған байланысты шарды алыңыздар».
  • Рахмет.
  • Осымен саяхатымыз аяқталды. Хош сау болыңыздар