«Жұлдызды сәт» Интеллектуалдық ойын.

70

 

Сабақтың тақырыбы: «Жұлдызды сәт» Интеллектуалдық ойын.

Сыныбы: Мектепалды даярлық тобы.

Мақсаты: Балалардың ойлау қабілетін,ой ұшқырлығын арттыра отырып, ұйымшылдыққа, жауапкершілікке, жинақы болуға және балалардың тілін дамыту,айналамен таныстыру ,математика ,көркем әдебиет,тіл ашар сабақтарында өткен тақырыптардан сұрақтар беру арқылы білімдерін тиянақтау ой-өрісін, сана-сезімдерін қалыптастыру.

Көрнектілігі: Интерактивті тақта,  суреттер,кеспе қағаздар, цифрлар , сюжетті суреттер.

Тәрбиеші:  Қайырлы кун,қадірменді ұстаздар мен оқушылар! Бүгінгі мектепалды даярлық тобының зияткерлік ойынына қош келдіңіздер!          Компьютер-сенің көмекшің,

Қағазың әрі қаламың.

Керек емес демессің,

Аздаған соң хабарың,

Ақпараттың заманын,- дей отыра, сайысымызды интерактивті тақтаны қолдана отырып  бастаймыз.

Ал келіңдер, келіңдер,

Бір-біріңе еріңдер.

Өздеріңді тексеріп ,

Ойынға қатысып көріңдер,- деп бугінгі ойын топтық сайыс түрінде өтеді. Енді сайысқа қатысатын оқушыларымызбен танысайық.

 

                       «Алғырлар»  тобы.

1-топ.   Мүшелері:

  1. Мунира
  2. Ділназ Т.
  3. Ділназ Қ.
  4. Муханбетәли.

 

2-топ.           «Тапқырлар » тобы .

Мүшелері:

  1. Гүлсезім.
  2. Юран.
  3. Рауана.
  4. Ералы .

Тәрбиеші: Ендігі кезекте бүгінгі сайсымыздың шарттарымен таныссақ деймін.  Сайысымыз 7- бөлімнен тұрады.

  1. 1. Таныстыру.

(әр топ атымен ,ұранымен, төсбелгілерімен таныстырады) .

  1. 2. «Мамандықтар әлемі».

(суретте берілген мамандық иелерін атайды) .

  1. « Ойлан тап!»

( математика сабағы  суреттегі сұрақтарға және тапсырмаларға жауап береді.)

  1. «Төртінші артық».

( төртінші  артық затты сызып таста)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

5.«Санап көр».

(неше? деген сұраққа жауап береміз) .

6.« Тілашар».

( жұмбақ жасырылады, қай топ көп жауап берсе, сол топқа көп ұпай беріледі)

  1. « Жағдаяттарды талдау»

( сурет бойынша әңгіме) .

 

Әділдікпен баға берер сендерге ,

Әділдікпен қара қылды қақ жарар.

Қазір енді қазыларды сайлайық,

Ең алғыр топты айта  алар,- дей келе қазылар алқасымен таныс болыңыздар.

1-әділ қазымыз мектеп директорының бастауыш оқу ісі жөніндегі орынбасары Мақышева Ғалия  .

2-әділ қазымыз: Бастауыш бірлестігінің жетекшісі : Аубакирова Гулмира

 

Өнер қуып сайыскелер өтер деймін,

Бір басына өнері жетер деймін.

Бәске түскен сайыскелер кезектесіп,

Таныстырып өздерін өтсе деймін.

Әр топ өздерін таныстырады:

1-топ:   Топ Аты: Алғырлар.

Топ ұраны:   тоғызда сабаққа келеміз,

Сабақтан қалмаймыз дегенбіз.

4пен 5-ке оқып біз,

Жарыста бәрінде жеңеміз.

2- топ: Тапқырлар.

Топ ұраны:       Қайырлы күн досым,

Қайырлы күн болсын.

Бүгінгі күннің сәті,

Сәттілікке толсын.

Біздің алар бағамыз,

Кілең бестік  болсын.

 

 

 

Ал кәнекей балалар

Мына жаққа қараңдар.

Бүгінгі сайыс төрінде,

« Мамандықтар елінде» .

 

        « Ойлан тап! »

(математика пәні бойынша тапсырмаларды орындау)

      « Төртінші артық».

(артық затты сызып таста)

 

« Сергіту сәті»

Жарайсыңдар, балалар.  Балалр енді шамалы бойымызды жазып , сергіту сәтін орындайық.

Мынау менің жүрегім ,

Бәрі осыдан басталған.

Мынау – басым ақылды ,

Бәрін осы басқарған.

 

Мынау менің –оң қолым ,

Мынау менің – сол қолым ,

Барлық істі атқарған.

 

            «Санап көр» .

(тақтада тұрған заттарды санау, цифрмен белгілеу.)

             «Тілашар»

( Жұмбақ жасырамын, қай топ көп жауап берсе, сол топқа көп ұпай беріледі)

             Жұмбақтар : 

  • Жолбарыстан аумайды ,

Пеш түбінде аунайды          (мысық)

  • Өзіне болған қорған,
  • Орман ішінде бар аң

Қорбаң-қорбаң.                      (аю)

  • Жалт-жұлт етіп төбемде ,
  • Түсе алмай тұр төменге. (жұлдыз)
  • Аяғы бар , басы бар

Арқалаған тасы бар,     (Тасбақа).

-Шыр-шыр етеді

Құлагыңнан өтеді.

Ұстай алсаң,

Сөйлеп кетеді.          (Телефон)

 

-Орманда жоғары ,

Ағашқа қонады.

Тұмсығын балта етіп,

Тоқ-тоқ-тоқ соғады. (Тоқылдақ)

 

-Көк жүзінде көп жолақ,

Қойды екен кім бояп.    (Кемпірқосақ)

 

-Үлкен алтын табақ,

Әлемге нұр таратқан.    (күн)

 

  • Қыста үйге кірмейді,
  • Көктем шықса жүрмейді. ( Шана)

«Жағдаяттарды талдау»  

( сурет бойынша әңгіме )

1-топ. Тақырыбы:

« Қарға болсаң, қара бол».

2- топ: «Көмекші»

 

Жеңістер мен жеңілістен тұратын,

Өмір- күрес, жеткіземе мұратын?

« Жеңбедім, жеңілдім» деп ренжіме

Қатысуда бір жеңіс , жан болсаң екен ұғатын.

 

Осымен осы ойынды тамандасақ,

Бұл жарысты өткізер ме ек жаман болсақ.

Үйрендік білмегенді осы жолы,

Тагы да үйренеміз аман болсақ.

Қорытындылау

Әділ қазылар сөзі:

Мадақтау грамоталары беріледі.