4-5 жастағы балаларға арналған қимыл қозғалыс ойындары. Дене тәрбиесіне арналған эстафеталық ойын «Өртті сөндіру»

1423

4-5 жастағы балаларға арналған қимыл қозғалыс ойындары.

Дене тәрбиесіне арналған эстафеталық ойын

«Өртті сөндіру»

Мақсаты: Икемділіктерін дамытып, кеңістікті бағдарлай білуге үйретіп,  ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Құрал-жабдықтар: Су құйылған шелек, қызыл түсті кішкентай кемелер, майонездің бос шелегі, тазик.

Ойын барысы:

Белгілі бір ара қашықтықта балалар сапқа тұрады

  1. Шелекке су толтырады
  2. Су толтырылған шелекті бір-біріне береді
  3. Өрттерді сөндіреді
  4. Өшіріп су құйған бала бөгеттерден өтіп саптың басына барып тұрады.

 

«Секіртпелі жолдар»

Мақсаты: Балаларды белгі бойынша алға жылжуға, тізені бүгіп аяқ ұшын көтеріп секіруге үйрету, нақтылық пен шыдамдылық танытуға дағдыландыру.

Барысы: Балалар бір дөңнен екінші дөңге секіреді. Іздерді басып, қолдары белде болады

 

«Торайды тамақтандыр»

Мақсаты: Балаларды жылдамдыққа үйретіп, дәл тигізуге дағдыландыру.

Ойын барысы:

Белгілі бір кедергілерден өтіп

  1. Тунельден тізерлеп өту.
  2. Секіртпеден секіріп өту.
  3. Шелектен доп алып торайдың аузына көздеп лақтыру .

 

«Кім жылдам?»

Мақсаты: Балаларды жылдамдыққа үйретіп, түстерді ажыратуға, шапшаңдықтарын қалыптастыру.

Ойын барысы: Түрлі-түсті бөтелке қақпақтарын шашып араластыру, «1-2-3, Баста!!!» деген кезде балалар өздеріне керек түсті жинайды, болған бала сапқа тұрады.

 

«Обручьтермен эстафеталық ойын»

  1. Балалар екі қатарға тұрады. Әр қатардың алдында 2 м жерде обручь жатады.
  2. «Алға» дегенде әр қатардағы бірінші ойыншы алға жүгіріп, обручьті жоғары көтеріп онын ішінен өтіп орнына қойып.
  3. Өз тобына жүгіріп келеді.
  4. Қай топ бірінші келсе сол жеңіске жеткен болып есептелінеді.

 

Жұптық эстафета «допты беру»

Мақсаты: Жылдам қозғалып, допты дәл қолға беруді, шапшаңдыққа үйрету.

Кұрал-жабдықтар: Доптар, топтардың санына байланысты.

Ойын барысы:

Ойыншылар бір-біріне қарама қарсы жұп жұбымен тұрады. Бір ойыншыда доп. Ойыншылар жүгіріп келе жатып бір біріне допты беріп отыруы тиіс. Эстафеталық ойынды бірінші аяқтаған топ жеңімпаз атанады.

 

«Балапандар мен мысық»

Бастапқы қозғалыс: Жай жүріс, жүгіру.

Ойынға түсініктеме:

Балалар тәрбиешімен бірге мысыққа жақындап:

          Мыс-мыс-мысығым,

                     Қандай күшті пысығым.

                     Пеш үстінде ұйықтайды,

                     Көзін қатты қыспайды.

                     Балапанды ұстайды?

Мысық: Мяу! деп балаларды қуа жөнеледі.

 

«Ұшқыштар»

Ойын алаңын төрт бөлікке бөліп, жалаушалар мен белгі қойылады. Жалаушалардың артына балалар қатарға  төрт топқпа бөлініп тұрады.

Балалар тік ұшақ жүргізушісі болады «Ұшуға дайындал» деген кезде, балалар қолдарын майыстырып ұшуға дайындалып «бж,бж,бж» ете бастайды. Енді «Ұш!» деген бұйрық берілгенде, қолдарын түзу ұстап ойын алаңын айналып ұшады.

Біраз ұшқаннан кейін «Қонамыз!» деген бұйрық беріледі. Сол кезде ұшқыштар өз орындарына келіп қонады. Қай топ бірінші болып қонғанын тәрбиеші байқайды.

 

«Апа! Жіптер байланып қалды!»

Балалардың ішінен апаны таңдап алу. Қалған балалар оралған жіп болады. Апа дүкенге барып келгенше оралған жіп шатасып, байланып оратылады.

Балалар бір бірінің қолдарын босатпай аттап, астынан өтеді, бірақ ойын шартын бұзбай қолдарын үзбейді. Апа дүкеннен келе жатқанда: «Апа! Жіптер байланып қалды!» — деп айтады. Апа жіпті үзіп алмай шешіп, шеңбер жасап шығуы тиіс. Қолды әдейі босатуға болмайды.

 

Ахметова Сандуғаш Боранбаевна

Малайсары  ЖОББМ жанындағы

шағын орталық

Малайсары ауылы

Ізденіс тақырыбы:

«Ойын арқылы балалардың ойлау жүйесі мен тілін дамыту».

Тақырыбы: «Жұлдызды сәт» интеллектуалды ойыны

Мақсаты: балалардың тіл дамыту, айналамен танысу, математика, көркем әдебиет сабақтарынан өткен тақырыптардан сұрақтар беріп, білімдерін тиянақтау.

Құралдар: Интербелсенді тақта, суреттер, жұлдыздыр.

Барысы:

  1. Ұйымдастыру. Жарысқа алты бала қатысады.
  2. Интеллектуалды ойын.

— Балалар, жарысты бастамас бұрын, ойынның шартымен таныстырамын. Ойын 4 турдан тұрады.

1 тур. Тіл дамыту, айналамен танысу, математика сабағынан болады. Барлығы 12 сұрақ берілген.  Алты  балаға  екі сұрақтан келеді.

2 тур. Көркем әдебиет сабағы. Тақтадағы суреттің қай ертегі екенін айтамыз. 2 турдан кейін ұпайы аз екі бала ойыннан шығады.

3 тур. Топтастырылып берілген «Нелер?» деген сұраққа жауап береміз. 3 турдан кейін ұпайы аз екі бала ойыннан шығады.

4 тур. Бұл турда қалған екі балаға логикалық тапсырма беріледі. Қай бала дұрыс жауап берсе, сол бала жеңіске жетеді.

Ескертетін жайт: Сұрақтарға қол көтеріп жауап береміз. (Слайдта барлық сұрақтар жазылып, суреттер көрсетіледі.)

І тур
Тіл дамыту Айналамен танысу Математика
1.                Бұл қай құс?

(Қарлығаш)

2.                Бұл қай аң?          (Аю)

3.                Суреттен нені көріп тұрсың? Түсі қандай?

(Шар. Түсі көк)

 

1.      Суретте адамның қай мүшесі бейнеленген?

(Көз)

2.      Суретте кімді көріп тұрсың?

(Дәрігер)

3.            Мынау қандай ыдыс?

(Шәйнек)

4.    Мынау не?                     (Ұя)

1.                  Тақтада неше алмұрт тұр?

(Екі)

2.                  Тақтада 4 балапан тұр. Тауық келіп бір балапанды алып кетті. Неше балапан қалды?

(Үш балапан қалды)

3.                  Мынау қандай фигура?          

(Төртбұрыш)

4.                  Мынау не және түсі қандай?

(Жапырақ, түсі жасыл)

5.                  Мынау қандай фигура?

(Үшбұрыш)

 

ІІ тур ІІІ тур
Барлық суреттер тақтада көрсетіледі
Көркем әдебиет

Қай ертегі?

  1. Мақта қыз
  2. Шалқан
  3. Дәуіт пен қарлығаш
  4. Бауырсақ ертегісі
  5. Алтын балық
  6. Қарлығаштың құйрығы неге айыр?
Топтастырып айту. Нелер?

  1. Ыдыстар
  2. Құстар
  3. Аңдар
  4. Жемістер

 

IV тур. Ұпайы көп екі балаға арналған логикалық тапсырмалар.

  1. Қайсысы алма? 2. Орамалдың өзіне келетін жамауды қой

 

 

 

Міне, балалар, қазір қолдарыңдағы жұлдыздарыңды санаймыз. Кімнің жұлдызы көп болса, сол бала «Көш басшы» болады. Көш басшы анықталды. Осымен ойынымыз аяқталды.